Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 16 шiлдедегі № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 23 шiлдеде № 23672 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 215-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2021 жылғы 16 шілдедегі
№ 254 Бұйрығына қосымша

Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидалары

      1. Осы Су объектілеріне жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 215-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және су объектілеріне антропогендік әсер ету нормативтерін әзірлеу және белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Кодекстің 215-бабының 1-тармағына сәйкес суға жол берілетін антропогендік әсер етудің мынадай нормативтерін:

      1) жол берілетін төгінділер нормативтерін;

      2) төгінділердің технологиялық нормативтерін;

      3) жерүсті суына жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерін;

      4) су объектілеріне шекті жол берілетін жағымсыз әсер ету нормативтерін белгілейді.

1-тарау. Жол берілетін төгінділер нормативтері

      3. Жол берілетін төгінділер нормативтерін айқындау Кодекстің және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 63 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22317 болып тіркелген) Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесінің (бұдан әрі – Әдістеме) талаптарына сәйкес есептеу жолымен жүзеге асырылады.

2-тарау. Төгінділердің технологиялық нормативтері

      4. Осы Қағидаларда төгінділердің технологиялық нормативтері деп кешенді экологиялық рұқсатта сарқынды су көлемінің бірлігіне маркерлік ластағыш заттар төгіндісінің шекті мөлшері (массасы) түрінде белгіленетін төгіндінің экологиялық нормативтері түсініледі.

      5. Төгінділердің технологиялық нормативтері кешенді экологиялық рұқсатта белгіленеді және ең үздік қолжетімді техникалар бойынша қорытындыда белгіленген оларды қолданудың нақты салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты тиісті технологиялық көрсеткіштерден (олар болған кезде) аспауға тиіс.

      6. Төгінділердің технологиялық нормативтерін негіздеу объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Кодекстің 111-бабына сәйкес кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішпен бірге ұсынатын технологиялық нормативтердің жобасында қамтамасыз етіледі.

      7. Технологиялық нормалау объектілері үшін технологиялық нормативтердің жобасы:

      технологиялық нормалау объектілері мен маркерлік ластағыш заттар айқындалатын бөлімді;

      технологиялық нормалау объектілеріне талдау жүргізілетін бөлімді;

      төгінділердің технологиялық нормативтері айқындалатын бөлімді қамтуға тиіс.

      8. Технологиялық нормалау объектілерін және маркерлік заттарды айқындау өнімді өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі технологиялық операцияларды (жобалық (конструкторлық) құжаттама, технологиялық регламенттер, пайдалану жөніндегі басшылықтар (нұсқаулықтар), схемалар, техникалық шарттар және басқа да пайдалану құжаттамасы) жүргізуді регламенттейтін қолда бар техникалық құжаттаманы талдау және оны ең үздік қолжетімді техникалар бойынша тиісті анықтамалықтармен және қорытындылармен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

      9. Мыналар:

      технологиялық нормалаудың анықталған объектілері;

      технологиялық нормалау объектілерінде түзілетін маркерлік ластағыш заттар;

      технологиялық нормалаудың әрбір объектісі және тұтастай алғанда, объект үшін маркерлік ластағыш заттар эмиссияларының (төгінділерінің) деңгейлері технологиялық нормалау объектілерін және маркерлік заттарды айқындау нәтижесі болып табылады.

      10. Технологиялық нормалау объектілерін талдау объектіде қолданылатын техникаларды, төгінділердің сандық және сапалық сипаттамаларын айқындауды қамтиды.

      Қоршаған ортаға антропогендік әсер ететін жұмыс істеп тұрған объектілер үшін талдау техникалық құжаттаманы, бірнеше жыл, бірақ кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініш ұсынылатын жылдың алдындағы бес жылдан аспайтын мерзім үшін өндірістік экологиялық бақылау нәтижелерін пайдалана отырып жүргізіледі. Төгінділердің қолда бар көрсеткіштері оларды қолданудың нақты салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты, ең үздік қолжетімді техникалар бойынша қорытындыларда белгіленген технологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеген кезде талдау шеңберінде экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасына сәйкес төгінділердің жоспарланып отырған көрсеткіштері қосымша айқындалады.

      Пайдалануға беру жоспарланып отырған қоршаған ортаға антропогендік әсер ететін объектілер үшін талдау объектіні салуға, реконструкциялауға және пайдалануға арналған жобалық құжаттаманың деректерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      11. Төгінділердің технологиялық нормативтерін айқындау тиісті негіздемелер мен есеп-қисаптарды қамтиды. Негіздемелер ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарда келтіріледі, есеп-қисаптар болжанатын өндірілетін өнімнің (тауардың), орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің санына қарай жүргізіледі.

      12. Егер ластағыш заттарды төгу технологиялық нормалаудың бірнеше объектісінен сарқынды суларды жинағаннан, рекуперациялағаннан, тазартқаннан кейін жүзеге асырылатын болса, төгінділердің технологиялық нормативінің шамасын есептеу технологиялық нормалаудың әрбір осындай объектісі үшін жеке жүзеге асырылады.

      13. Жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін белгілеу кезінде су объектілерінің сарқылуының алдын алу мақсатында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормативтерін "Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығына сәйкес айқындау қажет.

3-тарау. Жерүсті суына жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері

      14. Әрбір көз үшін жылудың және өзге де физикалық әсер етудің жерүсті суына жол берілетін әсер ету деңгейі түрінде белгіленетін, барлық басқа көздермен жиынтығында осындай көзден жағымсыз физикалық әсер ету суға шекті жол берілетін физикалық әсер етудің белгіленген деңгейлерінің артуына алып келмейтін экологиялық нормативтер жерүсті суына жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері болып табылады.

      15. Жерүсті суына жағымсыз физикалық әсер етудің шекті жол берілетін деңгейі деп физикалық әсер етудің жекелеген түрлерінің (шу, діріл, электр, электрмагнит, магнит өрістері, радиация, жылу) ең жоғары деңгейі түсініледі, онда жануарлардың, өсімдіктердің, экологиялық жүйелер мен биоәртүрліліктің жай-күйіне зиянды әсер болмайды.

      16. Жерүсті суларына жол берілетін физикалық әсер ету стандарттарын белгілеу кезінде жерүсті су объектісіндегі тиісті физикалық факторлардың деңгейі қоршаған ортаға әсер етудің қауіпсіз деңгейіне сәйкестік талаптары негізінде белгіленеді.

      17. Жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері I және II санаттағы объектілер үшін, мынадай:

      1) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау жүргізілген жағдайда –Кодекстің 76-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда көрсетілген тиісті шекті мәндерден;

      2) Кодекске сәйкес белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг жүргізген жағдайда, оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалау қажет емес екені туралы қорытынды шығарылса, – Кодекстің 68-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес белгіленіп отырған қызмет туралы өтініште көрсетілген тиісті мәндерден аспайтын деңгейлерде белгіленеді.

      Жұмыс істеп тұрған объектілер үшін жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініште белгіленген деңгейлерде белгіленеді.

      Өздеріне қатысты кешенді экологиялық рұқсат берілетін объектілер үшін жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері ең үздік қолжетімді техникалар (олар болған кезде) бойынша қорытындыларда келтірілген тиісті технологиялық көрсеткіштерден аспайтын деңгейлерде белгіленеді.

      18. Жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерін оператор дербес не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үшінші тұлғаларды тарта отырып айқындайды.

      19. Жылулық әсер ету қоршаған табиғи ортада алуан түрлі, ең алдымен, отынды жағуға байланысты жылу процестерінде бөлінетін жылудың таралу нәтижесі болып табылады.

      20. Жол берілетін физикалық әсер ету нормативтерін айқындау кезінде жылулық әсер ету бөлігінде жерүсті су температурасының жергілікті көтерілуінің мыналарға:

      "стенотермді" су организмдері өмірлік циклдерінің сатылары үшін сыни мәндерден асып кетуге;

      организмдердің уытты заттарды (жерүсті суында болатын) қабылдағыштығының күшеюіне;

      жергілікті альгофлораның таксондарын ауыстыруға;

      судағы оттегі мөлшерінің азаюына әсері ескеріледі.

      21. Судың булануы және (немесе) табиғи сүзілуі мақсатында пайдалануға арналған гидрооқшауланған жасанды су объектілері мен гидротехникалық құрылысжайлар үшін жол берілетін физикалық әсер ету нормативтері белгіленбейді.

4-тарау. Су объектілеріне шекті жол берілетін жағымсыз әсер ету нормативтері

      22. Су объектілеріне жол берілетін максималды теріс әсер ету стандарттары кумулятивті түрде қоршаған орта сапасының стандарттарына және/немесе қоршаған орта сапасына, су объектілерін ұтымды пайдалануға қол жеткізуге, сондай-ақ қолда бар ең жақсы техниканы енгізуге қойылатын талаптарға негізделген.

      Су объектілеріне жол берілетін шекті теріс әсердің нормативтері Кодекстің және Әдістеменің 47-тармағының талаптарына сәйкес су объектілерін мақсатты пайдалану жағдайларын ескере отырып, химиялық және биологиялық көрсеткіштермен, физикалық факторлармен белгіленеді.

Об утверждении Правил определения нормативов допустимого антропогенного воздействия на водные объекты

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 16 июля 2021 года № 254. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 июля 2021 года № 23672.

      Введение в действие настоящего приказа см. п. 4.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 215 Экологического кодекса Республики Казахстан от 2 января 2021 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила определения нормативов допустимого антропогенного воздействия на водные объекты согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету экологического регулирования и контроля Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с первого дня его официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июля 2021 года.

      Министр экологии, геологии
и природных ресурсов Республики Казахстан
М. Мирзагалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 16 июля 2021 года № 254

Правила определения нормативов допустимого антропогенного воздействия на водные объекты

      1. Настоящие Правила определения нормативов допустимого антропогенного воздействия на водные объекты (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 215 Экологического кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок разработки и установления нормативов антропогенного воздействия на водные объекты.

      2. В соответствии с пунктом 1 статьи 215 Кодекса устанавливаются следующие нормативы допустимого антропогенного воздействия на воды:

      1) нормативы допустимых сбросов;

      2) технологические нормативы сбросов;

      3) нормативы допустимых физических воздействий на поверхностные воды;

      4) нормативы предельно допустимого негативного воздействия на водные объекты.

Глава 1. Нормативы допустимых сбросов

      3. Определение нормативов допустимых сбросов осуществляется расчетным путем в соответствии с требованиями Кодекса и Методики определения нормативов эмиссий в окружающую среду, утвержденной Приказом Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 10 марта 2021 года № 63 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22317) (далее – Методика).

Глава 2. Технологические нормативы сбросов

      4. Под технологическими нормативами сбросов в настоящих Правилах понимаются экологические нормативы сброса, устанавливаемые в комплексном экологическом разрешении для объектов I и II категории, в виде предельного количества (массы) сброса маркерных загрязняющих веществ на единицу объема сточных вод.

      5. Технологические нормативы сбросов устанавливаются в комплексном экологическом разрешении в пределах, не превышающих соответствующие технологические показатели (при их наличии), связанных с применением наилучших доступных техник по конкретным областям их применения, установленных в заключениях по наилучшим доступным техникам.

      6. Обоснование технологических нормативов сбросов обеспечивается в проекте технологических нормативов, представляемом в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды оператором объекта вместе с заявлением на получение комплексного экологического разрешения, в соответствии со статьей 111 Кодекса.

      7. Проект технологических нормативов для объектов технологического нормирования содержит:

      раздел, в котором определяются объекты технологического нормирования и маркерные загрязняющие вещества;

      раздел, в котором проводится анализ объектов технологического нормирования;

      раздел, в котором определяются технологические нормативы сбросов.

      8. Определение объектов технологического нормирования и маркерных веществ осуществляется посредством анализа имеющейся технической документации, регламентирующей проведение технологических операций (проектная (конструкторская) документация, технологические регламенты, руководства (инструкции) по эксплуатации, схемы, технические условия и другая эксплуатационная документация) по производству продукции, выполнению работ, оказанию услуг, и ее сравнения с соответствующими справочниками и заключениями по наилучшим доступным техникам.

      9. Результатом определения объектов технологического нормирования и маркерных веществ являются:

      выявленные объекты технологического нормирования;

      маркерные загрязняющие вещества, образующиеся на объектах технологического нормирования;

      уровни эмиссий (сбросов) маркерных загрязняющих веществ для каждого объекта технологического нормирования и объекта в целом.

      10. Анализ объектов технологического нормирования включает определение применяемых на объекте техник, количественных и качественных характеристик сбросов.

      Для действующих объектов, оказывающих антропогенное воздействие на окружающую среду, анализ проводится с использованием технической документации, результатов производственного экологического контроля за несколько лет, но не более пяти лет, предшествующих году, в котором представляется заявление на получение комплексного экологического разрешения. При несоответствии существующих показателей сбросов технологическим показателям, связанным с применением наилучших доступных техник по конкретным областям их применения, установленным в заключениях по наилучшим доступным техникам, в рамках анализа дополнительно определяются планируемые показатели сбросов в соответствии с программой повышения экологической эффективности.

      Для планируемых к вводу в эксплуатацию объектов, оказывающих антропогенное воздействие на окружающую среду, анализ осуществляется с использованием данных проектной документации на строительство, реконструкцию и эксплуатацию объекта.

      11. Определение технологических нормативов сбросов включает соответствующие обоснования и расчеты. Обоснования приводятся в справочниках по наилучше доступным техникам, расчеты производятся исходя из количества выпуска предполагаемой продукции (товара), выполняемых работ, оказываемых услуг.

      12. В случае если сброс загрязняющих веществ осуществляется после сбора, рекуперации, очистки сточных вод от нескольких объектов технологического нормирования, расчет величины технологического норматива сбросов осуществляется отдельно для каждого такого объекта технологического нормирования.

      13. Для предупреждения истощения водных объектов при установлении нормативов допустимого антропогенного воздействия удельных нормативов водопотребления и водоотведения определяются в соответствии с Приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 декабря 2016 года № 545 "Об утверждении Методики по разработке удельных норм водопотребления и водоотведения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14827).

Глава 3. Нормативы допустимых физических воздействий на поверхностные воды

      14. Нормативами допустимых физических воздействий на поверхностные воды являются экологические нормативы, устанавливаемые для каждого источника в виде допустимого уровня воздействия тепла и иных физических воздействий на поверхностные воды, при которых негативное физическое воздействие от такого источника в совокупности со всеми другими источниками не приведет к превышению установленных предельно допустимых уровней физических воздействий на воды.

      15. Под предельно допустимым уровнем негативного физического воздействия на поверхностные воды понимается максимальный уровень отдельных видов физического воздействия (шума, вибрации, электрических, электромагнитных, магнитных полей, радиации, тепла), при котором отсутствует вредное воздействие на состояние животных, растений, экологических систем и биоразнообразия.

      16. При установлении нормативов допустимых физических воздействий на поверхностные воды уровень соответствующих физических факторов в поверхностном водном объекте устанавливается исходя из требований соблюдения безопасного уровня воздействия на окружающую среду.

      17. Нормативы допустимых физических воздействий на поверхностные воды устанавливаются для объектов I и II категорий, на уровнях, не превышающих:

      1) в случае проведения обязательной оценки воздействия на окружающую среду – соответствующих предельных значений, указанных в заключении по результатам оценки воздействия на окружающую среду в соответствии с подпунктом 3) пункта 2 статьи 76 Кодекса;

      2) в случае проведения в соответствии с Кодексом скрининга воздействий намечаемой деятельности, по результатам которого вынесено заключение об отсутствии необходимости обязательной оценки воздействия на окружающую среду, – соответствующих значений, указанных в заявлении о намечаемой деятельности в соответствии с подпунктом 9) пункта 2 статьи 68 Кодекса.

      Для действующих объектов нормативы допустимых физических воздействий устанавливаются на уровнях, установленных в заявлении на получение комплексного экологического разрешения.

      Для объектов, в отношении которых выдается комплексное экологическое разрешение, нормативы допустимых физических воздействий устанавливаются на уровнях, не превышающих соответствующих технологических показателей, приведенных в заключениях по наилучшим доступным техникам (при их наличии).

      18. Нормативы допустимых физических воздействий определяются оператором самостоятельно либо с привлечением специализированных организаций (аккредитованных лабораторий).

      19. Тепловое воздействие является результатом рассеивания в окружающей природной среде теплоты, выделяющейся в многообразных тепловых процессах, прежде всего связанных со сжиганием топлива.

      20. При определении нормативов допустимых физических воздействий в части теплового воздействия учитывается влияние локального повышения температуры поверхностных вод на:

      превышение критических значений для стадий жизненных циклов "стенотермных" водных организмов;

      усиление восприимчивости организмов к токсическим веществам (присутствующим в поверхностных водах);

      замену таксонов местной альгофлоры менее желательными;

      снижение количества кислорода в воде.

      21. Для гидроизолированных искусственных водных объектов и гидротехнических сооружений, предназначенных для использования с целью испарения и (или) естественной фильтрации воды, нормативы допустимых физических воздействий не устанавливаются.

Глава 4. Нормативы предельно допустимого негативного воздействия на водные объекты

      22. Нормативы предельно допустимого негативного воздействия на водные объекты устанавливаются совокупно, исходя из требований по достижению экологических нормативов качества и/или целевых показателей качества окружающей среды, рационального использования водных объектов, а также внедрения наилучших доступных техник.

      Нормативы предельно допустимого негативного воздействия на водные объекты устанавливаются по химическим и биологическим показателям, физическим факторам с учетом условий целевого использования водных объектов, в соответствии с требованиями Кодекса и пункта 47 Методики.