Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 шiлдеде № 23788 болып тіркелді

      2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 324-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының "Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін бекіту туралы" 2021 жылғы 18 наурыздағы № 70 жобасының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
М. Мирзагалиев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2021 жылғы 30 шілдедегі
№ 275 бұйрығына
қосымша

Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесі

№ п/п

Энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың атауы

1

Сұйық қалдықтар

2

Жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар

3

Медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары

4

Жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар

5

Пестицидтер

6

Құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар

7

Электрондық және электр жабдықтары

8

Түсті және қара металдар сынықтары

9

Литий, қорғасын-қышқыл батареялары

10

Құрылыс материалдарының қалдықтары


Об утверждении перечня отходов, не подлежащих энергетической утилизации

Приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 30 июля 2021 года № 275. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2021 года № 23788

      Примечание ИЗПИ!
Введение в действие настоящего приказа см. п. 4.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 324 Экологического кодекса Республики Казахстан от 2 января 2021 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень отходов, не подлежащих энергетической утилизации.

      2. Признать утратившим силу приказ исполняющего обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 18 марта 2021 года № 70 "Об утверждении перечня отходов, не подлежащих энергетической утилизации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22366, опубликован в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов 19 марта 2021 года).

      3. Департаменту государственной политики управления отходами Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июля 2021 года.

      Министр экологии, геологии
и природных ресурсов Республики Казахстан
М. Мирзагалиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 30 июля 2021 года № 275

Перечень отходов, не подлежащих энергетической утилизации

№ п/п

Наименование отходов, не подлежащих энергетической утилизации

1

Жидкие отходы

2

Опасные отходы, которые являются взрывчатыми, коррозийными, окисляемыми, высокоогнеопасными или огнеопасными

3

Отходы от медицинских или ветеринарных учреждений, которые являются инфицированными

4

Отходы, содержащие стойкие органические загрязнители

5

Пестициды

6

Ртутьсодержащие лампы и приборы

7

Электронное и электрическое оборудование

8

Лом цветных и черных металлов

9

Батареи литиевые, свинцово-кислотные

10

Отходы строительных материалов