Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 5 тамызда № 23882 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 165-бабы 4-тармағының үшінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізудің қоса беріліп отырған қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
м.а.
2021 жылғы 29 маусымдағы
№ 219 Бұйрығымен бекітілген

Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 165-бабы 4-тармағындағы үшінші абзацқа сәйкес әзірленді және Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – тізілім) метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың бірыңғай тізбесін жүргізу мақсатында құрылады.

      Тізілім метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың бірыңғай, мерзімді нақтыланатын тізбесі болып табылады және олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тізілімді жүргізуді (бұдан әрі – уәкілетті орган) метеорологиялық ақпаратты дайындаушылар ұсынған мәліметтер негізінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырады.

2-тарау. Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі

      4. Тізілімге енгізу жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның уәкілетті органға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 46-бабында көзделген тәртіппен метеорологиялық ақпаратты дайындаушы қызметінің басталғаны туралы хабарлама беруін көздейді.

      5. Тізілім метеорологиялық ақпаратты дайындаушылар туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) атауы;

      2) мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй), байланыс телефоны, электронды поштаның мекенжайы;

      3) метеорологиялық ақпаратты дайындауды тікелей жүзеге асыратын немесе жекелеген жұмыстарды орындайтын және оны құрайтын қызметтерді көрсететін құрылымдық бөлімшелердің (оның ішінде оқшауланған) тізбесі, осы бөлімшелердің орналасқан жері;

      4) метеорологиялық байқау пункттерінің тізбесі (олар болған жағдайда), олардың ұйымдастыру күні, мекенжайы (орналасқан жері, координаттарын көрсете отырып), метеорологиялық байқау пунктінің орналасқан жерінің қысқаша сипаттамасы (300 метр радиустағы жақын айналаны сипаттау (тегіс орын, еңіс, өсімдік, төселетін жер сипаттамасы, жекелеген кедергілердің мөлшері және оларды алып тастау); 3 километр радиустағы сипаттама (рельеф, су объектілері, өсімдіктер, құрылыс сипаты); географиялық жағдай туралы мәліметтер, 10 километр радиустағы ауданның ландшафты);

      5) жүргізілетін метеорологиялық байқау бағдарламасының қысқаша мазмұны;

      6) метеорологиялық байқау пунктінің (пункттерінің) техникалық жабдықтарының тізбесі;

      7) метеорологиялық байқаулар нәтижесінде алынған бастапқы деректерді беру тәсілдері, метеорологиялық байқаулардың бастапқы деректерін сақтау тәсілдері мен мерзімдері, жүргізілетін метеорологиялық ақпараттың нысаналы мақсаты;

      8) метеорологиялық ақпараттың дайындығын құрайтын жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін метеорологиялық қызмет саласындағы қызметкерлердің біліктілігі туралы құжатпен расталған мәліметтер ("метеоролог" мамандығы бойынша немесе басқа да аралас мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік немесе орта кәсіптік білімінің болуын растайтын қызметкерлер дипломдарының көшірмелері);

      9) метеорологиялық ақпараттың дайындығын құрайтын жұмыстардың және (немесе) қызметтердің тізбесі;

      10) метеорологиялық ақпараттың дайындығын құрайтын жұмыстарды жүргізу және (немесе) қызметтерді көрсетуді бастау күні;

      11) метеорологиялық ақпараттың дайындығын құрайтын жұмыстарды жүргізу және (немесе) қызметтерді көрсету тоқтатылған күн;

      12) тізілімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

      13) тізілімнен алып тастау.

      6. Уәкілетті орган тізілімді өзінің ecogeo.gov.kz интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады, тиісті мәліметтер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде.

      7. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) - 9) тармақшаларына сәйкес ұсынылған деректер, сондай-ақ метеорологиялық мониторинг бойынша қызметтің басталғаны туралы хабарламада толтыру үшін олар туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, метеорологиялық ақпаратты дайындаушы өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Заңның 46-бабы 7-тармағына сәйкес өзгерістер туралы хабарлама жібереді.

      Уәкілетті орган тиісті мәліметтер түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналасқан тізілімді жаңартуды жүзеге асырады.

      8. Метеорологиялық ақпаратты дайындаушы Заңның 49-бабымен көзделген негіздемелер бойынша тізілімнен алынып тасталады.

  Метеорологиялық ақпаратты
дайындаушылардың
мемлекеттік тізілімін жүргізу
Қағидаларына
Қосымша
  Нысан

Метеорологиялық ақпаратты дайындаушылардың мемлекеттік тізілімі

№ р/с

Метеорологиялық ақпаратты дайындаушыны мемлекетік тізілімге
қосқан күн

Метеорологиялық ақпаратты дайындаушы туралы мәлімет (осы Қағидалардың 5-тармағы 1) - 8) тармақшасына сәйкес мәліметтер көрсетіледі)

Метеорологиялық ақпараттың дайындалуын құрайтын жұмыстардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің тізбесі

Метеорологиялық ақпараттың дайындалуын құрайтын жұмыстарды өндірудің және (немесе) қызметтерді көрсетудің басталған күні

Метеорологиялық ақпараттың дайындалуын құрайтын жұмыстарды өндірудің және (немесе) қызметтерді көрсетудің тоқтатылған күні

Тізілімге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

Тізілімнен алып тастау

1

2

3

4

5

6

7

8


Об утверждении Правил ведения государственного реестра производителей метеорологической информации

Приказ и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 29 июня 2021 года № 219. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 2021 года № 23882.

      В соответствии с абзацем третьим пункта 4 статьи 165 Экологического Кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения государственного реестра производителей метеорологической информации.

      2. Департаменту экологической политики и устойчивого развития Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан, после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июля 2021 года.

      И.о. министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
А. Примкулов

      СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом И.о. министра
экологии, геологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 29 июня 2021 года № 219

Правила ведения государственного реестра производителей метеорологической информации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения государственного реестра производителей метеорологической информации (далее – Правила) разработаны в соответствии с абзацем третьим пункта 4 статьи 165 Экологического Кодекса Республики Казахстан и определяют порядок ведения государственного реестра производителей метеорологической информации.

      2. Государственный реестр производителей метеорологической информации (далее – реестр) создается с целью ведения единого перечня производителей метеорологической информации.

      Реестр представляет собой единый, периодически уточняемый перечень производителей метеорологической информации и содержащий все необходимые сведения информационно-справочного характера о них.

      3. Ведение реестра осуществляется уполномоченным органом в области охраны окружающей среды (далее – уполномоченный орган) по форме, согласно приложению к настоящим Правилам на основании сведении, представленных производителями метеорологической информации.

Глава 2. Порядок ведения государственного реестра производителей метеорологической информации

      4. Включение в реестр предусматривает подачу юридическим лицом или индивидуальным предпринимателем в уполномоченный орган уведомления о начале деятельности по метеорологическому мониторингу в порядке, в соответствии со статьей 46 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" (далее – Закон).

      5. Реестр содержит следующие сведения о производителях метеорологической информации:

      1) наименование;

      2) адрес (индекс, область, район, населенный пункт, улица, дом), контактные телефоны, адрес электронной почты;

      3) перечень структурных подразделений (в том числе обособленных), непосредственно осуществляющих производство метеорологической информации или выполняющих отдельные работы и оказывающих услуги, его составляющие, место нахождения этих подразделений;

      4) перечень пунктов метеорологических наблюдений (при их наличии), дата их организации, адрес (места нахождения, с указанием координат), краткая характеристика местоположения пункта метеорологических наблюдений (описание ближайшего окружения в радиусе 300 метров (ровное место, склон, характер растительности, подстилающей поверхности, размеры и удаление отдельных препятствий); описание в радиусе 3 километров (рельеф, водные объекты, растительность, характер застройки); сведения о географическом положении, ландшафт района в радиусе 10 километров);

      5) краткое изложение программы проводимых метеорологических наблюдений;

      6) перечень технического оборудования пункта (ов) метеорологических наблюдений;

      7) способы передачи первичных данных, полученных в результате метеорологических наблюдений, способы и сроки хранения первичных данных метеорологических наблюдений, целевое назначение производимой метеорологической информации;

      8) документально подтвержденные сведения о квалификации работников в области метеорологической деятельности, выполняющих работы и (или) оказывающих услуги, составляющие производство метеорологической информации (копии дипломов работников, подтверждающих наличие высшего профессионального или среднего профессионального образования по специальности "метеоролог" или другим смежным специальностям);

      9) перечень работ и (или) услуг, составляющих производство метеорологической информации;

      10) дата начала производства работ и (или) оказания услуг, составляющих производство метеорологической информации;

      11) дата прекращения производства работ и (или) оказания услуг, составляющих производство метеорологической информации;

      12) изменения и дополнения, вносимые в реестр;

      13) исключения из реестра.

      6. Уполномоченный орган осуществляет размещение реестра на своем интернет ресурсе ecogeo.gov.kz, в течение пяти рабочих дней со дня поступления соответствующих сведений.

      7. В случае изменения данных, предоставляемых согласно подпунктами 1) - 9) пункта 5 настоящих Правил, а также регистрационных данных, информация о которых является обязательной для заполнения в уведомлении о начале деятельности по метеорологическому мониторингу, производитель метеорологической информации в течение десяти рабочих дней со дня изменения направляет уведомление об указанных изменениях в соответствие с пунктом 7 статьи 46 Закона.

      Уполномоченный орган осуществляет обновление реестра, размещенного на интернет-ресурсе, в течение двух рабочих дней со дня поступления соответствующих сведений.

      8. Производитель метеорологической информации исключается из реестра по основаниям, предусмотренным статьей 49 Закона.

  Приложение
к Правилам ведения
Государственного реестра
производителей
метеорологической информации

      Форма

Государственный реестр производителей метеорологической информации

№ п/п

Дата включения производителя метеорологической информации в государственный реестр

Сведения о производителе метеорологической информации (указываются сведения в соответствии с подпунктами 1) - 8) пункта 5 настоящих Правил.)

Перечень работ и (или) услуг, составляющих производство метеорологической информации

Дата начала производства работ и (или) оказания услуг, составляющих производство метеорологической информации

Дата прекращения производства работ и (или) оказания услуг, составляющих производство метеорологической информации

Изменения и дополнения, вносимые в реестр

Исключения из реестра

1

2

3

4

5

6

7

8