БҰЙЫРАМЫН:
1. "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11737 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
5. "Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
6. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Химиялық өнімдерді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет стандарты) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады;
осы Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы Қағидаларға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
".
осы Қағидаларға 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 422 Бұйрыққа 1-қосымша Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларына 1-қосымша нысан |
Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, БСН, телефон)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі –аты-жөні) |
Химиялық өнімді тіркеуге өтініш
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ ИИНФРАСТРУКТУРНОГОРАЗВИТИЯ | ||
ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚДАМУ МИНИСТРЛІГІ | РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН | ||
"Индустриялық даму комитеті" Республикалық мемлекеттік мекемесі | Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития" |
Дәлелденген бас тарту
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті "____________________" Химиялық өнімнің қауіпсіздік паспортын қарап, мынаны хабарлайды: |
Қол қоюшының лауазымы | Қол қоюшының аты-жөні |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 422 Бұйрыққа 3-қосымша Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларына 5-қосымша нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | МИНИСТЕРСТВО ИНДУСТРИИ И ИНФРАСТРУКТУРНОГО РАЗВИТИЯ | ||
ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚДАМУ МИНИСТРЛІГІ | РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН | ||
"Индустриялық даму комитеті" Республикалық Мемлекеттік Мекемесі | Республиканское государственноеучреждение "Комитетиндустриального развития" |
Химиялық өнімдерді тіркеу туралы куәлік
Нөмірі:
[Ұйымның атауы]
[мекенжайы]
Химиялық өнім:
_______________________________ (химиялық өнімнің толық атауы) _______________________________ (химиялық өнімнің толық атауы) _____________________________ (Өндіруші фирма) _____________________________ (шығару нысаны) Қолдану саласы: Тіркелген күні: Қол қоюшының лауазымы Қол қоюшының аты-жөні