Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 тамызда № 24005 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
А. Примкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
м.а.
2021 жылғы 9 тамыздағы
№ 316 бұйрығына
қосымша

Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 25-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры (бұдан әрі – МЭАҚ) жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығының іске асырылуын қамтамасыз ету, экологиялық ағарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

      3. МЭАҚ жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады және экологиялық ақпаратты және қоршаған орта, табиғи ресурстар, орнықты даму және экология мәселелеріне қатысты өзге де нормативтік, статистикалық, есепке алу, есеп беру, ғылыми және талдамалық ақпаратты жазбаша, электрондық, аудиокөрнекі немесе өзге нысандарда орталықтандырылған жинау, есепке алу, жүйелеу, сақтау, тарату жүйесін білдіреді.

      4. МЭАҚ жүргізу жөніндегі қызметті қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) жүзеге асырады

      5. МЭАҚ ақпараты ведомстволық бағыныстағы ұйымының электрондық нысанда интернет-ресурста ашық қолжетімділікте орналастырылады.

      6. МЭАҚ ақпарат көздері мыналар болып табылады:

      1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары;

      2) қалдықтардың мемлекеттік кадастры;

      3) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;

      4) мемлекеттік көміртегі кадастры;

      5) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі;

      6) Көміртегі квоталарының ұлттық жоспары;

      7) Қазақстан Республикасының парниктік газдардың шығарылуын қысқарту бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын үлестері;

      8) парниктік газдардың шығарылуын азайту жөніндегі тиісті кезеңге арналған іс-шаралар жоспары және Қазақстан Республикасының парниктік газдардың шығарылуын қысқарту бойынша ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерін орындау туралы есептер;

      9) ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі;

      10) Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасында реттелмейтін Қазақстан Республикасының парниктік газдардың көздерінен және сіңірушілерінің абсорбциясынан антропогендік шығарындылардың кадастры туралы ұлттық баяндамасы;

      11) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі;

      12) қоршаған ортаға әсерді бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама материалдары, оның ішінде қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары;

      13) осы Кодекстің 60-бабының 7-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі материалдар;

      14) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша халықаралық шарттар;

      15) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелерін қозғайтын құжаттары;

      16) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар;

      17) осы Кодекстің талаптарына сәйкес әзірленген ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар;

      18) климаттың өзгеруінің әсер етуіне, климаттың өзгеруінің болжамды әсер етуіне, климаттың өзгеруіне осалдыққа және климаттың өзгеруіне бейімделу шараларына байланысты ақпарат;

      19) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуы туралы есептер;

      20) қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндамалар;

      21) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және алдын ала сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жоюға арналған экологиялық сезімталдық карталары;

      22) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау және құқық қолдану қызметінің нәтижелері жөніндегі есептер;

      23) экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламаларын, қалдықтарды басқару бағдарламаларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын қоса алғанда, берілген экологиялық рұқсаттар, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептер, сондай-ақ қоршаған ортаға әсер ету туралы берілген декларациялар;

      24) мемлекеттік экологиялық мониторингтің деректері;

      25) генетикалық түрлендірілген организмдер мен өнімдердің тізілімі (тізбесі);

      26) экология саласындағы ғылыми-техникалық және талдамалық әдебиет;

      27) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары бекіткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептер;

      28) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар.

2-тарау. Экологиялық ақпаратты жинау

      7. Экологиялық ақпарат Кодекстің 17-бабына сәйкес жазбаша, бейнелі, дыбыстық, электронды немесе кез келген өзге материалдық нысанда ақпаратты білдіреді мемлекеттік органдар ұсынылады.

      8. МЭАҚ-қа экологиялық ақпаратты мемлекеттік органдар ұсынады.

      9. МЭАҚ-ға жазбаша, бейнелі, дыбыстық, электрондынемесе кез келген өзге материалдық нысанда берілетін экологиялық ақпарат одан әрі сақтау үшін Ұлттық мұрағат қорына бес жылда бір рет беріледі.

      10. МЭАҚ-қа ақпаратты мынадай мемлекеттік органдармен ұсынылады:

      1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган; жасыл экономиканы дамыту, қалдықтарды басқару (коммуналдық, медициналық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстардыұтымды пайдалануды қорғау, бақылау және қадағалау, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералды-шикізат базасын молайту, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, санитария, орман шаруашылығы, жануарлар әлемін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану;

      2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

      3) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

      4) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган;

      5) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган;

      6) уран өндіру саласындағы уәкілетті орган;

      7) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

      8) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган;

      9) жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы уәкілетті орган;

      10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган;

      11) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

      12) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

      13) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

      14) ғылым саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

      15) білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

      16) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынады.

      Ведомстволық бағынысты ұйым жыл сайын мемлекеттік органдарға МЭАҚ-ды жүргізу үшін экологиялық ақпарат беру туралы сұрау жібереді.

      11. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде ведомстволық бағынысты ұйымның сұрауы бойынша өткен жылға нақты және толық экологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 44-бабының 5-тармағымен белгіленген мерзімдерде ұсынады.

      12. Ведомствоға бағынысты ұйым мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар берген экологиялық ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеу мен талдауды ұйымдастырады.

3-тарау. Экологиялық ақпаратты сақтау және өңдеу

      13. Экологиялық ақпарат жазбаша, бейнелі, дыбыстық, электронды немесе кез келген өзге материалдық нысандағы ақпарат "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысына сәйкес сақталады.

      14. МЭАҚ-та материалдар мен құжаттар осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес бағыттар бойынша жүйеленеді.

      15. Экологиялық ақпаратқа талдау жүргізу мақсатында өңдеу оны есепке алу мен жүйелеуден тұрады.

      16. МЭАҚ материалдары мен құжаттары тіркеу есебіне алынуға тиіс. Есепке алу деректерді тіркеу және тізілім кітаптарына енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар ұсынған ақпарат тіркеу кітабында жазылады.

      Тіркеу кітабында тіркеу күні, реттік нөмірі, инвентарлық нөмірі, материалдың атауы, материалдарды ұсынған мемлекеттік орган (заңды тұлға), даналар және қосымшалардың саны көрсетіледі.

      Тізілім кітабында осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес бағыттар бойынша ақпарат жазылады.

      Тізілім кітабында материалдың атауы, материалды ұсынған мемлекеттік орган (заңды тұлға), тіркеу нөмірі, инвентарлық нөмірі, сақтау форматы (қағаз/электронды), даналар мен қосымшалардың саны, материалдың архивте тұрған орны (стеллаж, сөре) көрсетіледі.

      17. Экологиялық ақпаратты жүйелеу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

      1) жаһандық экологиялық проблемалар (климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биологиялық әртүрліліктің сақталуы, жердің бүлінуі және тозуы);

      2) ұлттық экологиялық проблемалар (экологиялық апатты аймақтар, Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты проблемалар, су ресурстарының сарқылуы мен ластануы, тарихи ластанулар, әскери-ғарыштық және сынақтық кешен полигондарының әсері, трансшекаралық сипаттағы мәселелер);

      3) жергілікті экологиялық проблемалар (радиоактивті ластану, әуе бассейнін ластануы, бактериологиялық және химиялық ластанулар, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар);

      4) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де басқа бағыттар.

4-тарау. Экологиялық ақпаратты тарату

      18. Ведомствоға бағынысты ұйым экологиялық ақпаратты таратуды мынадай жолдар мен жүзеге асырылады:

      1) ведомстволық бағынысты ұйымның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастыру;

      2) бұқаралық ақпараттық құралдарында, мерзімді баспасөз басылымдарында тарату, сондай-ақ өзге де жалпыға қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асыру;

      3) қоршаған ортаны қорғау саласында біліктілікті арттыру курстарын, тренингтер мен оқыту семинарларын өткізу;

      4) халыққа консультациялық көмек көрсету;

      5) конференциялар, көрмелер, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік форумдар өткізу;

      6) баспасөз хабарламаларын, мақалаларды дайындау, сұхбаттарды ұйымдастыру.

Об утверждении Правил ведения государственного фонда экологической информации

Приказ и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 9 августа 2021 года № 316. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 августа 2021 года № 24005.

      В соответствии с пунктом 3 статьи 25 Экологического кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила ведения государственного фонда экологической информации.

      2. Департаменту экологической политики и устойчивого развития Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в департамент юридический службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
А. Примкулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство образования и науки
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
И.о. министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 9 августа 2021 года № 316

Правила ведения государственного фонда экологической информации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения государственного фонда экологической информации (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 3 статьи 25 Экологического кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок ведения Государственного фонда экологической информации.

      2. Государственный фонд экологической информации (далее - ГФЭИ) ведется в целях обеспечения реализации права общественности на доступ к экологической информации, экологического просвещения и повышения экологической культуры населения, а также информационного обеспечения государственных органов.

      3. Ведение ГФЭИ организовывается уполномоченным органом в области охраны окружающей среды и представляет собой систему централизованного сбора, учета, систематизации, хранения, распространения экологической информации и иной нормативной, статистической, учетной, отчетной, научной и аналитической информации, касающейся вопросов окружающей среды, природных ресурсов, устойчивого развития и экологии, в письменной, электронной, аудиовизуальной или иной формах.

      4. Деятельность по ведению ГФЭИ осуществляется подведомственной организацией уполномоченного органа в области охраны окружающей среды (далее – подведомственная организация)

      5. Информация ГФЭИ в электронной форме размещается в открытом доступе на интернет-ресурсе подведомственной организации.

      6. Источниками информации ГФЭИ являются:

      1) государственные кадастры природных ресурсов;

      2) государственный кадастр отходов;

      3) государственный кадастр потребления озоноразрушающих веществ;

      4) государственный углеродный кадастр;

      5) государственный реестр углеродных единиц;

      6) Национальный план углеродных квот;

      7) определяемые на национальном уровне вклады Республики Казахстан по сокращению выбросов парниковых газов;

      8) план мероприятий по сокращению выбросов парниковых газов на соответствующий период и отчеты о выполнении определяемых на национальном уровне вкладов Республики Казахстан по сокращению выбросов парниковых газов;

      9) регистр выбросов и переноса загрязнителей;

      10) национальный доклад Республики Казахстан о кадастре антропогенных выбросов из источников и абсорбции поглотителями парниковых газов, не регулируемых Монреальским протоколом по веществам, разрушающим озоновый слой;

      11) государственный реестр объектов исторического загрязнения;

      12) материалы оценки воздействия на окружающую среду и государственной экологической экспертизы, в том числе протоколы общественных слушаний;

      13) материалы по стратегической экологической оценке в соответствии с пунктом 7 статьи 60 настоящего Кодекса;

      14) международные договоры по вопросам охраны окружающей среды, участницей которых является Республика Казахстан;

      15) документы Системы государственного планирования в Республике Казахстан, затрагивающие вопросы охраны окружающей среды и использования природных ресурсов;

      16) нормативные правовые акты и нормативно-технические документы в области охраны окружающей среды и использования природных ресурсов;

      17) разработанные в соответствии с требованиями настоящего Кодекса справочники по наилучшим доступным техникам;

      18) информация, связанная с воздействиями изменения климата, прогнозируемыми воздействиями изменения климата, уязвимостью к изменению климата и мерами по адаптации к изменению климата;

      19) отчеты о выполнении научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ, связанных с охраной окружающей среды и использованием природных ресурсов;

      20) национальные доклады о состоянии окружающей среды и об использовании природных ресурсов Республики Казахстан;

      21) карты экологической чувствительности для ликвидации разливов нефти на море, внутренних водоемах и в предохранительной зоне Республики Казахстан;

      22) отчеты по результатам контрольной и правоприменительной деятельности в области охраны окружающей среды и использования природных ресурсов;

      23) выданные экологические разрешения, включая программы повышения экологической эффективности, программы управления отходами, планы мероприятий по охране окружающей среды, программы производственного экологического контроля, отчеты по результатам производственного экологического контроля, а также представленные декларации о воздействии на окружающую среду;

      24) данные государственного экологического мониторинга;

      25) реестр (перечень) генетически модифицированных организмов и продуктов;

      26) научно-техническая и аналитическая литература в области экологии;

      27) планы мероприятий по охране окружающей среды, утвержденные местными представительными органами областей, городов республиканского значения, столицы, и отчеты об их исполнении;

      28) иные материалы и документы, содержащие экологическую информацию.

Глава 2. Сбор экологической информации

      7. Экологическая информация означает любую информацию в письменной, визуальной, звуковой, электронной или любой иной материальной формах в соответствии со статьей 17 Кодекса.

      8. Экологическая информация в ГФЭИ предоставляется государственными органами.

      9. Экологическая информация, предоставляемая в ГФЭИ в письменной, визуальной, звуковой, электронной или любой иной материальной форме передается для дальнейшего хранения в Национальный архивный фонд один раз в пять лет.

      10. Информация в ГФЭИ предоставляется следующими государственными органами:

      1) уполномоченный государственный орган в области формирования и реализации государственной политики в сферах охраны окружающей среды, развития "зеленой экономики", обращения с отходами (за исключением коммунальных, медицинских и радиоактивных отходов), охраны, контроля и надзора за рациональным использованием природных ресурсов, государственного геологического изучения недр, воспроизводства минерально-сырьевой базы, использования и охраны водного фонда, водоснабжения, водоотведения, лесного хозяйства, охраны, воспроизводства и использования животного мира и особо охраняемых природных территорий;

      2) уполномоченный государственный орган по управлению земельными ресурсами;

      3) уполномоченный государственный орган в сфере гражданской защиты;

      4) уполномоченный орган по изучению недр;

      5) уполномоченный орган в области углеводородов;

      6) уполномоченный орган в области добычи урана;

      7) уполномоченный государственный орган в области использования атомной энергии;

      8) уполномоченный орган в области электроэнергетики;

      9) уполномоченный орган в области развития возобновляемых источников энергии;

      10) государственный орган в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;

      11) уполномоченный государственный орган в области защиты и карантина растений;

      12) уполномоченный государственный орган в области ветеринарии;

      13) уполномоченный государственный орган в области промышленной безопасности;

      14) уполномоченный государственный орган области науки;

      15) уполномоченный государственный орган в области образования;

      16) местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения, столицы.

      Подведомственная организация ежегодно направляет запросы в государственные органы о предоставлении экологической информации для ведения ГФЭИ.

      11. Государственные органы в рамках своей компетенции предоставляют по запросу подведомственной организации достоверную и полную экологическую информацию за предыдущий год в сроки, установленные пунктом 5 статьи 44 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      12. Подведомственная организация осуществляет сбор, хранение, обработку и распространение экологической информации, предоставленной государственными органами.

Глава 3. Хранение и обработка экологической информации

      13. Экологическая информация в письменной, визуальной, звуковой, электронной или любой иной материальной формах хранится в ведомственном архиве в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2018 года № 575 "Об утверждении Правил приема, хранения, учета и использования документов Национального архивного фонда и других архивных документов ведомственными и частными архивами".

      14. Материалы и документы в ГФЭИ систематизируются по направлениям в соответствии с пунктом 17 настоящих Правил.

      15. Обработка экологической информации в целях проведения анализа включает в себя ее учет и систематизацию.

      16. Материалы и документы ГФЭИ подлежат регистрационному учету. Учет осуществляется путем занесения данных в регистрационную и реестровую книги.

      Информация, предоставленная государственными органами, фиксируется в регистрационной книге.

      В регистрационной книге указываются: дата регистрации, порядковый номер, инвентарный номер, наименование материала, государственный орган (юридическое лицо), предоставивший материалы, количество экземпляров и приложений.

      В реестровой книге фиксируется информация по направлениям, согласно пункту 6 настоящих Правил.

      В реестровой книге указываются: наименование материала, государственный орган (юридическое лицо), предоставивший материал, реестровый номер, инвентарный номер, формат хранения (бумажный/электронный), количество экземпляров и приложений, местонахождение материала в архиве (стеллаж, полка).

      17. Систематизация экологической информации осуществляется по следующим направлениям:

      1) глобальные экологические проблемы (изменение климата, разрушение озонового слоя, сохранение биоразнообразия, опустынивание и деградация земель);

      2) национальные экологические проблемы (зоны экологического бедствия, проблемы, связанные с интенсивным освоением ресурсов шельфа Каспийского моря, истощение и загрязнение водных ресурсов, исторические загрязнения, воздействие полигонов военно-космического и испытательного комплексов, вопросы трансграничного характера);

      3) локальные экологические проблемы (радиоактивное загрязнение, загрязнение воздушного бассейна, бактериологическое и химическое загрязнения, промышленные и бытовые отходы, чрезвычайные ситуации природного и техногенного характера);

      4) Иные направления, содержащие экологическую информацию.

Глава 4. Распространение экологической информации

      18. Распространение экологической информации осуществляется подведомственной организацией путем:

      1) размещения в открытом доступе на интернет-ресурсе подведомственной организации;

      2) распространения в средствах массовой информации, периодических печатных изданиях, а также с применением иных общедоступных информационно-коммуникационных средств;

      3) проведения курсов, тренингов и обучающих семинаров по повышению квалификации в области охраны окружающей среды;

      4) консультационной помощи населению;

      5) организации конференций, выставок, семинаров, научно-практических форумов;

      6) подготовки пресс-релизов, статей, организации интервью.