Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 17 тамыздағы № 331 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 тамызда № 24038 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 137-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрдің м.а.
С. Кожаниязов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрдің
м.а.
2021 жылғы 17 тамыздағы
№ 331 Бұйрығымен
бекітілген

Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 137-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттарын айқындайды.

      2. Сыртқы тәуелсіз сарапшылар:

      1) келтірілген экологиялық залалды зерделеу, оның сипатын, ауқымын бағалау, сондай-ақ ремедиациялау жөніндегі ықтимал шараларды әзірлеу;

      2) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті дайындау, стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу процесінде өзге де жұмыстарды орындау және өзге де қызметтерді көрсету кезінде тартылады.

2-тарау. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібі, оның ішінде оларға қойылатын біліктілік өлшемшарттары

      3. Төменде жазылған барлық өлшемшарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар сыртқы тәуелсіз сарапшы ретінде тартылады:

      1) сыртқы тәуелсіз сарапшы ретінде тартылатын білім саласына сәйкес келетін мамандық немесе сабақтас мамандықтар бойынша жоғары білімі бар;

      2) сыртқы тәуелсіз сарапшы ретінде тартылған тиісті білім саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесі бар;

      3) тәуелсіздік (мүдделер қақтығысының болмауы, бейтараптық).

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкестікті растау жоғары білім туралы диплом көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген өлшемшартқа сәйкестікті растау еңбек кітапшаларының, еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттардың, көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері немесе тиісті жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын өзге де құжаттар (тәжірибе сипатталған түйіндеме, осы адам бұрын берген сараптамалық қорытындылар, сертификаттар, ұсыным – хаттар және өзге де) негізінде жүзеге асырылады.

      6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға сараптамалық қолдау талап етілетін білімнің негізгі салаларына: қоршаған орта және сабақтас ғылымдар; физикалық және химиялық ғылымдар; биологиялық және сабақтас ғылымдар; су ресурстары және суды пайдалану; жер ресурстары; орман шаруашылығы; балық шаруашылығы; денсаулық сақтау; техникалық ғылымдар (инженерия және инженерлік іс, геология, тау-кен ісі, өндіріс технологиялары, құрылыс); құқық; экономикалық ғылымдар жатады.

      7. Сыртқы сарапшының тәуелсіздігі оның әділ болып табылатын, объективтілік пен адалдық қағидаттарына сәйкес келетін, фактілерге, оларды негіздеудің ғылыми принциптеріне, өзінің білімі мен тәжірибесіне негізделген және басқа да мүдделі тұлғалардың, оның ішінде реттеу субъектісінің коммерциялық, қаржылық немесе өзге де әсерге негізделмейтін өзінің сараптамалық пікірін еркін қалыптастыру және білдіру қабілетін білдіреді.

      Осы Қағидаларда реттеу субъектісі деп қызметіне қатысты сараптамалық қолдау сұратылатын тұлға түсініледі, оның ішінде:

      1) келтірілген экологиялық залалды зерделеу, оның сипатын, ауқымын бағалау, сондай-ақ ремедиациялау бойынша ықтимал шараларды әзірлеу кезінде – экологиялық залал келтірген не келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты тұлға;

      2) стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті дайындау кезінде, стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу процесінде өзге де жұмыстарды орындау және өзге де қызметтерді көрсету.

      8. Сыртқы тәуелсіз сарапшы ретінде мүдделер қақтығысы бар жеке тұлғаны тартуға болмайды, атап айтқанда:

      1) реттеу субъектісімен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастарда тұрған не онымен бұрын осындай қатынастарда сыртқы тәуелсіз сарапшы ретінде тартылған күнге дейін кемінде 5 (бес) жылдан аз кезеңде болған;

      2) әрбір нақты жағдай қарауында жатқан қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өкілінің, қызметкерінің, сондай-ақ реттеу субъектісінің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) не жекжаты не оның бірінші басшылары, уәкілетті өкілдері болып табылатын;

      3) сыртқы тәуелсіз сарапшы ретінде тартылған күнге дейін кемінде 5 (бес) жыл кезеңдегі реттеу субъектісінің өкілі болып табылатын немесе реттеуші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілі, қызметкері болып табылатын;

      4) реттеу субъектісімен шарттық қатынастарда тұратын және сыртқы тәуелсіз сарапшы көрсететін қызметтердің нәтижелеріне тікелей немесе жанама мүдделі заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қызметкері немесе өкілі болып табылатын адам;

      5) сараптамалық қолдау көрсету кезінде оның тәуелсіздігіне әсер ететін, қаралатын мәселеде тікелей немесе жанама мүдделілігі бар адам қатыса алады.

      9. Сыртқы тәуелсіз сарапшылар құрамында осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында санамаланған өлшемшарттардың қайсы біріне сәйкес келмейтін адам анықталған жағдайда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде мұндай адамды қаралатын мәселе бойынша сараптамалық қолдауға қатысудан дереу шеттетеді және өзге де сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту жөнінде шаралар қабылдайды. Бұл ретте мұндай шеттетілген адамның қаралып отырған мәселе бойынша бұрын алған кез келген пікірін, қорытындыларын немесе көрсетілетін қызметтерінің өзге де нәтижелерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде ескермейді.

3-тарау. Әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшылардың тізбесін қалыптастыру тәртібі

      10. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды жедел тарту мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әрбір білім саласы бойынша уәкілетті органға сараптамалық қолдау қажет болуы мүмкін әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшылардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады және жүргізеді.

      11. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін тізбе қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      12. Тізбені қалыптастыру және өзектендіру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 1 қыркүйекке дейін мамандарды тізбеге енгізуге өтініш беруге шақыра отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында хабарландыру орналастырады.

      Хабарландыру қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сараптамалық қолдауға қызығушылық танытатын білім салаларының, сондай-ақ өтініш беру тәсілі мен орнының (электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, электрондық тәсілмен және (немесе) пошта мекенжайын көрсете отырып, қағаз жеткізгіште) сипаттамасын қамтиды.

      13. Тізбеге енгізуге өтініш бергісі келетін білімнің тиісті салаларындағы сарапшылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға келесіні:

      1) осы Қағидалардағы 1-қосымшада келтірілген нысан бойынша әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшылар тізбесіне енгізуге өтініш

      2) өтініш берушінің қолтаңбасымен куәландырылған білімі, ғылыми дәрежелері (бар болса), тиісті саладағы жұмыс тәжірибесі және өзге де ақпараты бар еркін нысандағы жеке резюме;

      3) ұсынылған ақпараттың дұрыстығы және өтініш берушінің осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген нысан бойынша, осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі туралы өтініш берушінің қолымен куәландырылған жазбаша куәландыру;

      4) осы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.

      14. Өтініш беруші сараптамалық қолдау талап етілетін білімнің екі немесе одан да көп саласында білімі мен тәжірибесінің болуы туралы өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, өтініш білімнің әрбір тиісті саласы бойынша жеке беріледі.

      15. Өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оның ресми интернет-ресурсында тиісті хабарландыруды жариялағаннан кейін кез келген уақытта, бірақ осындай хабарландыру жарияланған жылдан кейінгі жылдың 31 мамырынан кешіктірілмей беріледі.

      16. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оларды осы Қағидалардың тәртібіне сәйкестігі тұрғысынан қарайды және егер мұндай сәйкестік анықталса, өтініш берушіні тізбеге енгізеді.

      17. Өтініш беруші тізбеге енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган оны бұл туралы хабардар етеді (өтініш беру тәсіліне қарай – электрондық нысанда немесе жазбаша түрде) және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес сыртқы тәуелсіз сарапшының өтеулі қызмет көрсету шартын жасасады.

      18. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тізбеге енгізілген әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшының осы Қағидалардың 3- тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі болмаған жағдайда, күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде мұндай тұлғаны тізбеден алып тастайды және алып тастау себептерін көрсете отырып, күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде (электрондық нысанда немесе өтініш беру тәсіліне қарай жазбаша түрде) оны хабардар етеді.

      Көрсетілген негіздер бойынша тұлғаны тізбеден шығару қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның біржақты бас тартуына әкеп соғады.

      19. Тұлғаны тізбеге енгізу оның әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшы ретінде алдын ала біліктілік кезеңі болып табылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның осындай тұлғаны нақты тапсырмаларға тарту жөніндегі міндеттемелеріне әкеп соқпайды. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның міндеті емес, өкілеттігі болып табылады.

      20. Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тізбеге енгізілген сарапшылар арасынан сараптамалық қолдау талап етілетін әрбір нақты тапсырма үшін айқындайды.

4-тарау. Нақты тапсырмалар бойынша сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібі

      21. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген функцияларды жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде енгізілген мамандар санынан сыртқы тәуелсіз сарапшыны (сыртқы тәуелсіз сарапшыларды) тарту қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы туралы шешім қабылдайды.

      22. Осындай шешім қабылданған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сараптамалық қолдау сұратылатын тиісті білім саласы бойынша тізбеге енгізілген барлық әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшыларға нақты тапсырманы (бұдан әрі – тапсырма) орындау туралы электрондық нысандағы сұрау салуды жібереді.

      23. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманы орындауға мүдделі әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға нақты тапсырмаларды орындау үшін өзінің дайындығын растауды электрондық пошта арқылы жібереді.

      24. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманы орындауға мүдделі әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүдделер қақтығысының болмауы және нақты тапсырмаларды орындауға мүдделіліктің болмауы туралы әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшының қолымен куәландырылған жазбаша растауды не мүдделер қақтығысының болуы туралы хабарламаны электрондық пошта арқылы жібереді.

      25. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тапсырмаларын орындауға үш жыл ішінде белгіленген мерзімде өзінің дайындығын растамаған әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшылар тізбеден алып тастауға жатады.

      26. Коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын сыртқы тәуелсіз сарапшылар өз таңдауы бойынша және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімімен коммерциялық емес (өтеусіз) немесе өтеулі негізде сараптамалық қолдауға қатысады.

      27. Сыртқы тәуелсіз сарапшы қызметтер көрсету шеңберінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын барлық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Алынған ақпаратты жария ету және (немесе) тарату тәртібі "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялары туралы" Заңда көзделген.

      28. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тапсырманы орындау үшін тартылған сыртқы тәуелсіз сарапшының жеке басының құпиялылығын қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның немесе оның қызметкерлерінің тартылған сыртқы тәуелсіз сарапшының жеке басын және тапсырманы орындаудың бүкіл мерзімі ішінде сыртқы тәуелсіз сарапшыны тарту фактісінің өзін реттеу субъектісіне немесе оның үлестес тұлғаларына жария етуіне жол берілмейді.

      29. Қызметтерді сыртқы тәуелсіз сарапшылар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде көрсетеді. Сыртқы тәуелсіз сарапшылар ретінде тартылған және қазақ және (немесе) орыс тілдерін білмейтін шетелдік сарапшылар өз есебінен өз қызметтері нәтижелерінің кәсіби аудармасын қамтамасыз етеді.

      30. Сыртқы тәуелсіз сарапшы сараптамалық қолдау көрсету шеңберінде қосалқы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) орындау үшін басқа жеке тұлғаларды тартқан жағдайда, тиісті тұлғалар осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс.

      31. Келтірілген экологиялық залалды зерделеу, оның сипатын, ауқымын бағалау, сондай-ақ ремедиациялау жөніндегі ықтимал шараларды әзірлеу үшін сыртқы тәуелсіз сарапшыларды тартуға байланысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнаншыққан шығыстар (сараптама қызметтерін көрсеткені, көлік, іссапар және сараптама қызметтерін көрсетуге байланысты өзге де шығыстар) Кодекстің 136-бабында көзделген тәртіппен келтірілген экологиялық залалды жоюға жауапты адамнан өндіріп алынуға жатады.

  Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды
тарту қағидаларына, оның
ішінде оларға қойылатын
біліктілік өлшемшарттарына
1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі

Әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшылардың тізбесіне енгізуге өтініш

  20__ жылғы"__" _________

      Мен,

      _________________________________________________________________________,

                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      мені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшыларының тізбесіне енгізуді сұраймын.

Сыртқы тәуелсіз сарапшы туралы мәліметтер:

Азаматтығы:


Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
(немесе оның резиденттік елдегі теңдесі)


Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, нөмірі және берілген күні


Жынысы:


Тұрғылықты жері:


Телефон нөмері:


Электрондық пошта мекенжайы:


Білімі туралы мәліметтер:
(академиялық дәрежесі, мамандануы көрсетіледі)


Еңбек өтілі туралы мәліметтер:
- жалпы еңбек өтілі:
-мамандығы бойынша өтілі (мамандануын көрсету)
(өтінішке еркін нысандағы резюме қоса беріледі)


Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар (болған жағдайда):


Тілдерді білуі
(тілдерді меңгеру деңгейі көрсетіледі)


      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1)____________________________________________________________

      2)____________________________________________________________

      3)____________________________________________________________

      4)____________________________________________________________

      (құжаттардың атауы және беттердің саны)

      ___________________

      (қолтаңбасы)

      Ескертпе:

      Өтініште көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі

  Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды
тарту қағидаларына, оның
ішінде оларға қойылатын
біліктілік өлшемшарттарына
2-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығы және өтініш берушінің өлшемшарттарға сәйкестігі туралы куәландыру

      Мен,

      ________________________________________________________________________,

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      осыны төменде өз қолыммен растаймын:

      1) әлеуетті сыртқы тәуелсіз сарапшылардың тізбесіне енгізу жөніндегі өтініште мен берген барлық ақпарат дұрыс болып табылады;

      2) өтінішке қоса берілетін жеке түйіндемемде мен ұсынған барлық ақпарат дұрыс болып табылады;

      3) мен осы Қағидалардың 3-тармағының 1) 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттарға толық сәйкес келемін;

      4) Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестікті растайтын мен ұсынған құжаттардың көшірмелері түпнұсқа болып табылады.

      (күні)

      ___________________

      (қолтаңбасы)

  Сыртқы тәуелсіз сарапшыларды
тарту қағидаларына, оның
ішінде оларға қойылатын
біліктілік өлшемшарттарына
3-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі

Мүдделер қақтығысының болмауы туралы куәландыру

      Мен, ____________________________________________________________________,

                        тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      (бұдан әрі – реттеу субъектісі) осы арқылы мен төмендегі өз қолыммен куәландырамын:

      1. реттеу субъектісімен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болмадым және осы куәландыру күніне дейін кемінде бес жыл бұрын онымен осындай қатынастарда болмадым;

      2. реттеу субъектісінің не оның уәкілетті өкілдерінің жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жекжаты емеспін;

      3. бірінші басшылардың, реттеу субъектісінің уәкілетті өкілдерінің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) не жекжаты емеспін;

      4. реттеу субъектісінің өкілі болып табылмаймын және осы куәландыру күніне дейін бес жылдан кем кезеңде ондай емес (осындай емес) болып табылмаймын;

      5. сыртқы тәуелсіз сарапшы ретінде менің көрсетілетін қызметтерімнің нәтижелеріне тікелей немесе жанама мүдделі реттеу субъектісімен шарттық қатынастарда тұрған заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің қызметкері немесе өкілі болып табылмайды;

      6. реттеу субъектісінің үлестес тұлғасы болып табылмайды;

      7. менің сараптамалық қолдау көрсету кезінде қаралып отырған мәселе тікелей немесе жанаматүрде менің тәуелсіздігіме әсер етуі мүмкін емес;

      8. әрбір нақты жағдай қарауында жатқан қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өкілінің, қызметкерінің жақын туысы, жұбайы (зайыбы), жекжаты болып табылмайды;

      9. бірінші басшылардың, реттеу субъектісінің уәкілетті өкілдерінің немесе реттеуші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өкілінің, қызметкерінің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) не жекжаты болып табылмайды;

      10. мен реттеуші қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның өкілі, қызметкері болып табылмаймын және осы куәландыру күніне дейін 5 (бес) жылдан кем емес кезеңде (ондай болған жоқ) ондай болған жоқ.

      Ескертпе:

      Осы қосымшаның 2) тармақшасы егер реттеу субъектісі жеке тұлға (жеке кәсіпкер) болып табылған жағдайда толтырылады;

      (күні)

      ___________________

      (қолтаңбасы)

Об утверждении Правил привлечения внешних независимых экспертов, в том числе предъявляемые к ним квалификационные критерии

Приказ и.о. Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 17 августа 2021 года № 331. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 августа 2021 года № 24038

      В соответствии с пунктом 5 статьи 137 Экологического кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила привлечения внешних независимых экспертов, в том числе предъявляемые к ним квалификационные критерии.

      2. Комитету экологического регулирования и контроля Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.О. Министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
С. Кожаниязов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
И.О. Министра экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 17 августа 2021 года № 331

Правила привлечения внешних независимых экспертов, в том числе предъявляемые к ним квалификационные критерии

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила привлечения внешних независимых экспертов, в том числе предъявляемые к ним квалификационные критерии (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 137 Экологического кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок привлечения внешних независимых экспертов, в том числе предъявляемые к ним квалификационные критерии.

      2. Внешние независимые эксперты привлекаются при:

      1) изучений причиненного экологического ущерба, оценке его характера, масштаба, а также разработке возможных мер по ремедиации;

      2) подготовке отчета по стратегической экологической оценке, выполнение других работ и оказание других услуг в процессе проведения стратегической экологической оценки.

Глава 2. Порядок привлечения внешних независимых экспертов, в том числе предъявляемые к ним квалификационные критерии

      3. В качестве внешнего независимого эксперта привлекаются физические лица, которое соответствует всем нижеперечисленным критериям:

      1) имеет высшее образование по специальности или смежным специальностям, соответствующим области знаний, по которой оно привлекается в качестве внешнего независимого эксперта;

      2) обладает опытом работы не менее 5 (пяти) лет в соответствующей области знаний, по которой оно привлекается в качестве внешнего независимого эксперта;

      3) независимость (отсутствие конфликта интересов, беспристрастность).

      4. Подтверждение соответствия критерию, указанному в подпункте 1) пункта 3 настоящих Правил, осуществляется на основе копии диплома о высшем образовании.

      5. Подтверждение соответствия критерию, указанному в подпункте 2) пункта 3 настоящих Правил, осуществляется на основе копий трудовых книжек, трудовых или гражданско-правовых договоров, актов оказанных услуг или документов, подтверждающих наличие соответствующего опыта работы (резюме с описанием опыта, ранее выданные данным лицом экспертные заключения, сертификаты, рекомендательные письма).

      6. К основным областям знаний, по которым уполномоченному органу в области охраны окружающей среды потребуется экспертная поддержка относятся: окружающая среда и смежные науки; физические и химические науки; биологические и смежные науки; водные ресурсы и водопользование; земельные ресурсы; лесное хозяйство; рыбное хозяйство; здравоохранение; технические науки (инженерия и инженерное дело, геология, горное дело, технологии производств, строительство); право; экономические науки.

      7. Независимость внешнего эксперта означает его способность свободно сформировать и выразить свое экспертное мнение, которое является беспристрастным, соответствует принципам объективности и честности, основывается на фактах, научных принципах их обоснования, собственных знаниях и опыте и не обусловлено коммерческим, финансовым или другим воздействием со стороны других заинтересованных лиц, в том числе субъекта регулирования.

      Под субъектом регулирования в настоящих Правилах понимается лицо, в отношении деятельности которого запрашивается экспертная поддержка, в том числе:

      1) при изучении причиненного экологического ущерба, оценке его характера, масштаба и разработке возможных мер по ремедиации - лицо, причинившее экологический ущерб либо доверенное лицо за устранение причиненного экологического ущерба;

      2) при подготовке отчета по стратегической экологической оценке, выполнение других работ и оказание других услуг в процессе проведения стратегической экологической оценки.

      8. В качестве внешнего независимого эксперта не привлекается физическое лицо, имеющее конфликт интересов:

      1) состоящее в трудовых или других договорных отношениях с субъектом регулирования либо ранее состоявшее в таких отношениях с ним в период менее, чем за 5 (пять) лет до даты привлечения в качестве внешнего независимого эксперта;

      2) являющееся близким родственником, супругом (супругой) либо свойственником представителя, сотрудника уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, в рассмотрении которого находится каждый конкретный случай, а также субъекта регулирования, либо его первых руководителей, уполномоченных представителей;

      3) являющееся представителем субъекта регулирования или представителем, сотрудником регулирующего уполномоченного органа в области охраны окружающей среды в период менее чем за 5 (пять) лет до даты привлечения в качестве внешнего независимого эксперта;

      4) являющееся работником или представителем юридического лица или индивидуального предпринимателя, состоящих в договорных отношениях с субъектом регулирования и прямо или косвенно заинтересованных в результатах услуг, оказываемых внешним независимым экспертом;

      5) имеющей прямую или косвенную заинтересованность в рассматриваемом вопросе, который влияет на его независимость при оказании экспертной поддержки.

      9. В случае выявления в составе внешних независимых экспертов лица, не соответствующего какому-либо из критериев, перечисленных в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 3 настоящих Правил, уполномоченный орган в области охраны окружающей среды в течение 1 (одного) рабочего дня отстраняет такое лицо от участия в экспертной поддержке по рассматриваемому вопросу и принимает меры по привлечению других внешних независимых экспертов. При этом результаты услуг такого отстраненного лица, ранее полученные по рассматриваемому вопросу, не учитываются уполномоченным органом в области охраны окружающей среды при осуществлении своих функций и полномочий.

Глава 3. Порядок формирования перечня потенциальных внешних независимых экспертов

      10. В целях оперативного привлечения внешних независимых экспертов уполномоченный орган в области охраны окружающей среды формирует и ведет перечень потенциальных внешних независимых экспертов (далее – перечень) в разрезе каждой области знаний, по которым уполномоченному органу охраны окружающей среды потребуется экспертная поддержка.

      11. Для обеспечения прозрачности деятельности уполномоченного органа в области охраны окружающей среды перечень размещается на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа в области охраны окружающей среды.

      12. Для формирования и актуализации перечня уполномоченный орган в области охраны окружающей среды ежегодно до 1 сентября размещает на своем официальном интернет-ресурсе объявление с приглашением внешних независимых экспертов к подаче заявления на включение в перечень.

      Объявление содержит описание областей знаний, по которым уполномоченный орган в области охраны окружающей среды заинтересуется в экспертной поддержке, а также способа и места подачи заявления (электронным способом с указанием электронного почтового адреса и (или) на бумажном носителе с указанием почтового адреса).

      13. Эксперты в соответствующих областях знаний, желающие подать заявление на включение в перечень, подают в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды следующее:

      1) заявление на включение в перечень потенциальных внешних независимых экспертов по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) личное резюме в произвольной форме с описанием образования, ученых степеней (при наличии), опыта работы в соответствующей сфере и иной информации, удостоверенное подписью заявителя;

      3) письменное заверение о достоверности предоставленной информации и соответствии заявителя критериям, указанным в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 3 настоящих Правил, по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам, удостоверенное подписью заявителя;

      4) копии документов, подтверждающих соответствие критериям, указанным в подпунктах 1) и 2) пункта 3 настоящих Правил.

      14. В случае соответствия заявителя критериям о наличии образования и опыта в двух или более областях знаний, по которым требуется экспертная поддержка, заявление подается отдельно по каждой соответствующей области знаний.

      15. Заявление подается в любое время после опубликования уполномоченным органом в области охраны окружающей среды соответствующего объявления на его официальном интернет-ресурсе, но не позднее до 31 мая, следующего за годом опубликования такого объявления.

      16. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды не позднее 5 (пяти) рабочих дней после получения заявления с прилагаемыми документами рассматривает их на предмет соответствия настоящим Правилам и если такое соответствие установлено, включает заявителя в перечень.

      17. Не позднее 10 (десяти) рабочих дней со дня включения заявителя в перечень, уполномоченный орган в области охраны окружающей среды уведомляет его об этом (в электронной форме или письменно – в зависимости от способа подачи заявления) и заключает договор возмездного оказания услуг внешнего независимого эксперта в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан.

      18. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды в случае выявления несоответствия потенциального внешнего независимого эксперта, включенного в перечень, критериям, указанным в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 3 настоящих Правил, в течение 5 (пяти) календарных дней исключает такое лицо из перечня и уведомляет его об этом в течение 3 (трех) календарных дней (в электронной форме или письменно – в зависимости от способа подачи заявления) с указанием причин исключения.

      Исключение лица из перечня по указанным основаниям влечет за собой односторонний отказ уполномоченного органа в области охраны окружающей среды.

      19. Включение лица в перечень является этапом его предварительной квалификации в качестве потенциального внешнего независимого эксперта и не влечет за собой обязательства уполномоченного органа в области охраны окружающей среды по привлечению такого лица к конкретным заданиям. Привлечение внешних независимых экспертов является полномочием, но не обязанностью уполномоченного органа охраны окружающей среды.

      20. Внешние независимые эксперты определяются уполномоченным органом в области охраны окружающей среды для каждого конкретного задания, по которому требуется экспертная поддержка, из числа экспертов, включенных в перечень.

Глава 4. Порядок привлечения внешних независимых экспертов по конкретным заданиям

      21. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды принимает решение о привлечении внешнего независимого эксперта (внешних независимых экспертов) из числа экспертов, включенных в перечень, на начальной стадии осуществления функций, указанных в пункте 2 настоящих Правил.

      22. Не позднее 1 (одного) рабочего дня, следующего за днем принятия такого решения, уполномоченный орган в области охраны окружающей среды направляет всем потенциальным внешним независимым экспертам, включенным в перечень по соответствующей области знаний, по которой запрашивается экспертная поддержка, запрос в электронной форме о выполнении конкретного задания (далее – задание).

      23. Не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня направления запроса уполномоченного органа в области охраны окружающей среды потенциальные внешние независимые эксперты, заинтересованные в выполнении задания, направляют уполномоченному органу в области охраны окружающей среды посредством электронной почты подтверждение своей готовности для выполнения конкретных заданий.

      24. Не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня уведомления уполномоченного органа в области охраны окружающей среды потенциальные внешние независимые эксперты, заинтересованные в выполнении задания, направляют уполномоченному органу в области охраны окружающей среды посредством электронной почты письменное заверение об отсутствии конфликта интересов и отсутствия заинтересованности в выполнении конкретных заданий по форме, согласно приложению 3 к настоящим Правилам, удостоверенное подписью потенциального внешнего независимого эксперта, либо сообщение о наличии конфликта интересов.

      25. Потенциальные внешние независимые эксперты в течении трех лет не подтвердившие в установленный срок свою готовность выполнить задания уполномоченного органа в области охраны окружающей среды подлежат исключению из перечня.

      26. Внешние независимые эксперты, являющиеся сотрудниками некоммерческих организаций, принимают участие в экспертной поддержке по своему выбору и с согласия уполномоченного органа в области охраны окружающей среды на некоммерческой (безвозмездной) или возмездной основе.

      27. Внешний независимый эксперт обеспечивает конфиденциальность всей информации, полученной в рамках оказания услуг и составляющей коммерческую или иную охраняемую законом тайну. Порядок разглашения и (или) распространения полученной информации предусмотрено Законом "О государственных секретах Республики Казахстан".

      28. Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды обеспечивает конфиденциальность личности внешнего независимого эксперта, привлеченного для выполнения задания. Не допускается разглашение уполномоченным органом в области охраны окружающей среды или его сотрудниками субъекту регулирования или его аффилированным лицам личности привлеченного внешнего независимого эксперта и самого факта привлечения внешнего независимого эксперта на протяжении всего срока выполнения задания.

      29. Услуги оказываются внешними независимыми экспертами на казахском и (или) русском языках. Иностранные эксперты, привлеченные в качестве внешних независимых экспертов и не владеющие казахским и (или) русским языками, за свой счет обеспечивают профессиональный перевод результатов своих услуг.

      30. В случае привлечения внешним независимым экспертом других физических лиц для выполнения вспомогательных работ (услуг) в рамках оказания экспертной поддержки соответствующие лица должны соответствовать критериям, указанным в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 3 настоящих Правил.

      31. Расходы, понесенные уполномоченным органом в области охраны окружающей среды в связи с привлечением внешних независимых экспертов (вознаграждения за оказание экспертных услуг, транспортных, командировочных и других связанных с оказанием экспертных услуг расходов), для изучения причиненного экологического ущерба, оценки его характера, масштаба, а также разработки возможных мер по ремедиации, подлежат взысканию с лица, ответственного за устранение причиненного экологического ущерба, в порядке, предусмотренном статьей 136 Кодекса.

  Приложение 1 к Правилам
привлечения внешних
независимых экспертов, в том
числе предъявляемые к ним
квалификационные критерии
  Форма
  Министерство экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

Заявление на включение в перечень потенциальных внешних независимых экспертов

  "__" _________20__ года

      Я, _______________________________________________________________________,
                        фамилия, имя, отчество (при его наличии)
прошу включить меня в перечень потенциальных внешних независимых экспертов
уполномоченного органа в области охраны окружающей среды.

Сведения о внешнем независимом эксперте:

Гражданство:


Индивидуальный идентификационный номер (ИИН) (либо его аналог в стране резидентства)


Вид, номер и дата выдачи документа, удостоверяющего личность


Пол:


Адрес проживания:


Номер телефона:


Адрес электронной почты:


Сведения об образовании:
(указывается академическая степень, специализация)


Сведения о трудовом стаже:
общий трудовой стаж:
стаж по специальности (указать специализацию):
(к заявлению прикладывается резюме в свободной форме)


Научные статьи и публикации (при наличии):


Знание языков
(указывается язык и уровень владения)


      Перечень прилагаемых документов:

      1)____________________________________________________________

      2)____________________________________________________________

      3)____________________________________________________________

      4)____________________________________________________________

      (наименование документов и количество страниц)

      ___________________

      (подпись)

      Примечание:

      К заявлению прилагаются документы, подтверждающие указанные сведения

  Приложение 2 к Правилам
привлечения внешних
независимых экспертов, в том
числе предъявляемые к ним
квалификационные критерии
  Форма
  Министерство экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

      Заверение о достоверности предоставленной информации и соответствии
                              заявителя критериям

      Я, ______________________________________________________________________,
                        (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      настоящим подтверждаю своей подписью ниже, что:

      1) вся информация, предоставленная мной в заявлении на включение в перечень потенциальных внешних независимых экспертов, является достоверной;

      2) вся информация, предоставленная мной в личном резюме, которое прилагается к заявлению, является достоверной;

      3) я полностью соответствую критериям, указанным в подпунктах 1), 2) и 3) пункта 3 настоящих Правил;

      4) предоставленные мной копии документов, подтверждающих соответствие критериям, указанным в подпунктах 1) и 2) пункта 3 настоящих Правил, являются подлинными.

      (дата)
___________________
      (подпись)

  Приложение 3 к Правилам
привлечения внешних
независимых экспертов, в том
числе предъявляемые к ним
квалификационные критерии
  Форма
  Министерство экологии,
геологии и природных ресурсов
Республики Казахстан

                  Заверение об отсутствии конфликта интересов

      Я, _______________________________________________________________________,
                        фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      (далее – субъект регулирования) настоящим заверяю своей подписью ниже, что я:

      1) не состою в трудовых или других договорных отношениях с субъектом регулирования и ранее не состоял (-а) в таких отношениях с ним в период менее, чем за пять лет до даты настоящего заверения;

      2) не являюсь близким родственником, супругом (супругой), свойственником субъекта регулирования либо его уполномоченных представителей;

      3) не являюсь близким родственником, супругом (супругой) либо свойственником первых руководителей, уполномоченных представителей субъекта регулирования;

      4) не являюсь представителем субъекта регулирования и не являлся таковым (не являлась таковой) в период менее, чем за пять лет до даты настоящего заверения;

      5) не являюсь работником или представителем юридического лица или индивидуального предпринимателя, состоящих в договорных отношениях с субъектом регулирования и прямо или косвенно заинтересованных в результатах моих услуг в качестве внешнего независимого эксперта;

      6) не являюсь аффилированным лицом субъекта регулирования;

      7) другим образом не имею прямой или косвенной заинтересованности в рассматриваемом вопросе, которая может повлиять на мою независимость при оказании экспертной поддержки;

      8) не являюсь близким родственником, супругом (супругой), свойственником представителя, сотрудника уполномоченного органа в области охраны окружающей среды, в рассмотрении которого находится каждый конкретный случай;

      9) не являюсь близким родственником, супругом (супругой) либо свойственником первых руководителей, уполномоченных представителей субъекта регулирования или представителя, сотрудника регулирующего уполномоченного органа в области охраны окружающей среды;

      10) не являюсь представителем, сотрудником регулирующего уполномоченного органа в области охраны окружающей среды и не являлся таковым (не являлась таковой) в период менее, чем за 5 (пять) лет до даты настоящего заверения.

      Примечания:

      подпункт 2) настоящего приложения заполняется в случае, если субъектом регулирования является физическое лицо (индивидуальный предприниматель);

      (дата)

      ___________________
            (подпись)