Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.10.2021 № ҚР-ДСМ -102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 28 мамырдағы хаттамасының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 20304 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізу:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға және қауіп тобына тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақы мөлшерлерінде:
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тәуекел тобы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының жиырма еселенген мөлшерінен (бұдан әрі – ЕТЖМ) және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңды ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден аспайды.";
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"медициналық авиацияны тарта отырып, жедел медициналық жәрдемнің дәрігерлері мен орта медициналық персоналы тартылған жағдайда;";
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тәуекел тобы үстемеақы мөлшері бір жұмыскерге 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген он еселенген ЕТЖМ-ден және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген бес еселік ЕТЖМ-ден аспайды.";
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі республикалық штабтың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің аумақтық штабтарының мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде (блок-бекеттерде, әуежайларда және теміржол вокзалдарында) карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау жұмыскерлері;";
екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы тәуекел тобы үстемеақы мөлшері бір қызметкерге 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген бес еселік ЕТЖМ-ден және 2021 жылғы 1 қазаңға дейін республикалық бюджет туралы заңмен ағымдағы қаржы жылына белгіленген 2,5 ЕТЖМ-ден аспайды.";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемақы белгілеу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Комиссияның құрамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері атынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
4) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселері бойынша мемлекеттік басқарудың жергілікті органының;
5) "Nur Otan" партиясының;
6) денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподақтарының медицина қызметкерлерінің мүдделерін білдіретін үкіметтік емес ұйымдарының (бұдан әрі – ҮЕҰ) (келісім бойынша);
7) "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" шаруашалық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының филиал директорының орынбасарынан төмен емес өкілдерінен қалыптасады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Комиссия денсаулық сақтау ұйымы басшысының ұсынысы негізінде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел тобын көрсете отырып, үстемеақы белгіленетін жұмыскерлердің тізімін айқындайды.
Комиссия шешім қабылдаған кезде өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды, денсаулық сақтау ұйымы мен оның жұмыскерлері жұмылдырылған COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипатын назарға алады.
Комиссияның осы Қағидамен реттелмеген бөлігіндегі жұмыс регламенті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде зертханалық зерттеулерді, дезинфекциялауды және дератизациялауды, эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуына мониторингті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдауды ұйымдастыру үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның жанынан комиссия құрылады.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның комиссиясы шешім қабылдаған кезде елдегі эпидемиологиялық жағдайды, денсаулық сақтау ұйымы мен оның жұмыскерлері қатысатын COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шаралардың сипатын назарға алады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыскерлерге үстемеақы сомаларын төлеуі әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық бөлімшелерінің (орталық атқарушы органдардың және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ әскери-медициналық (медициналық) мекемелердің (ұйымдардың), әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етуді жүзеге асыратын өзге де бөлімшелердің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының ведомстволық бағынысты ұйымдарының) қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
көрсетілген қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің жалақысына үстемеақының есептелген сомалары туралы ақпарат __________________________________________________ (денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің атауы)
20 __ жылғы "____"________ бастап 20 __ жылғы "____" ______ дейінгі кезең аралығында есептелен үстемеақы:
Бір жұмыскерге үстемеақы мөлшері
1-топқа айына: _______ теңге (20 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 10 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
2-топқа айына:________ теңге (10 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
3-топқа айына:________ теңге (5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамызына дейін, 2,5 ЕТЖМ 2021 жылдың 1 тамыздан 2021 жылдың 1 қазанына дейін)
р/с № | Тегі, әкесінің аты (бар болса) | Атқарып отырған лауазымы | Тәуекел тобы | Жұмыс уақытының айлық балансы, сағат | Нақты жұмыс істеген, сағат | Жұмыс істеген сағаттардың үлесі, % | Төлеуге үстемақы сомасы, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бөлімшенің атауы ________________ | |||||||
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
Бөлімшенің атауы ________________ | |||||||
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
4 | |||||||
Барлығы |
Комиссия төрағасы:
________________________________/__________________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы)
(қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Комиссияның мүшелері:
________________________________/___________________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы)
(қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Денсаулық сақтау ұйымының/мекеменің басшысы (уәкілетті тұлға):
_______________________________/____________________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы)
(қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Бас бухгалтер/бөлімше басшысы:
______________________________/_____________________
(Тегі, әкесінің аты (бар болса)/Қолы)
(қағаз тасығыштағы құжат үшін)
Мөр орны (болған жағдайда) / (қағаз жеткізгіштегі құжат үшін)
Күні 20___ жылғы "_____"_________