Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 421 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 тамызда № 24180 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 421 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 259 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11539 болып тіркелген);

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 983 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12868 болып тіркелген);

      3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің әскери қызметшілерін заттай мүлікпен жабдықтаудың бейбіт уақытқа арналған нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 983 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 476 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17181 болып тіркелген);

      4. "Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 259 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 478 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20886 болып тіркелген).

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 августа 2021 года № 421. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 августа 2021 года № 24180

      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Министерства внутренних дел Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту тылового обеспечения Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ю. Ильин

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Министра
по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 27 августа 2021 года № 421

Перечень утративших силу некоторых приказов Министерства внутренних дел Республики Казахстан

      1. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 259 "Об утверждении норм оснащения профессиональных аварийно-спасательных служб и обеспечения кинологических служб" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11539);

      2. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 983 "Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан на мирное время" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12868);

      3. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 июня 2018 года № 476 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 983 "Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих Комитета по чрезвычайным ситуациям Министерства внутренних дел Республики Казахстан на мирное время" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 17181);

      4. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 июня 2020 года № 478 "О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 259 "Об утверждении норм оснащения профессиональных аварийно-спасательных служб и обеспечения кинологических служб" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20886).