Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 24.10.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 8) тармақшасына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 12 -тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау жүргізу әдістемесі бекітілсін.
2. Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар
агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрінің | |
2021 жылғы 1 қыркүйектегі | |
№ 82 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау жүргізу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 12-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, іске асыру және оған мониторинг жүргізу жөніндегі негізгі тәсілдерді ашады.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірлесіп орындаушы – қызметіне мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу байланысты болатын және Стратегияны іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жүзеге асырылатын, өз өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері шегінде оларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган, квазимемлекеттік сектор субъектісі, ведомстволық бағынысты және басқа да ұйымдар;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері – іске асырылуына мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заң жүзінде танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы (бұдан әрі-Стратегия) – Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалар мен қауіп-қатерлерді, стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларды, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін айқындайтын құжаты;
4) ұлттық қауіпсіздік – адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
5) ұлттық қауіпсіздік тәуекелі – Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін іске асыруға кедергі келтіруге қабілетті теріс факторлар қалыптастырылатын жағдай;
6) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер – Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін іске асыруға кедергі келтіретін немесе кедергі келтіруі мүмкін сыртқы және ішкі факторлардың (процестер мен құбылыстардың) жиынтығы;
7) ұлттық қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлер – Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін іске асыруға кедергі келтіруге қабілетті жағымсыз құбылыстардың болуын куәландыратын қауіпті факторлардың жиынтығы.
Өзге де ұғымдар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде пайдаланылатын анықтамаларға сәйкес пайдаланылады.
2-тарау. Казақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу
3. Стратегия Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын және Жалпыұлттық басымдықтарды іске асыру мақсатында әзірленеді.
4. Стратегияны әзірлеуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі органдар мен ұйымдардың ұсыныстары негізінде алдыңғы Стратегияның қолданылуы аяқталғанға дейін кемінде 1 жыл бұрын бес жылдық кезеңге жүзеге асырады.
5. Стратегия Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 8-тарауының талаптарына сәйкес әзірленеді және мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) мақсаттар, міндеттер мен тәсілдер;
2) ағымдағы жағдайды талдау;
3) мақсаттар, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері, міндеттер мен тәсілдер;
4) ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық бағыттары;
5) іске асыру тетіктері.
6. "Мақсаттар, нысаналы индикаторлар, нәтижелер көрсеткіштері, міндеттер мен тәсілдер" деген бөлімде ұлттық қауіпсіздікті одан әрі дамытудың тұжырымдамалық пайымы, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ұлттық мүдделерді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар қалыптастыру, оның ішінде Стратегияны іске асыру кезеңінің соңына дейін іске асырылуы қажет міндеттер, тәсілдер мен шаралар, сондай-ақ алдағы кезеңдегі қағидаттық өзгерістер көрсетіледі.
7. "Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде ұлттық қауіпсіздік саласындағы ахуалдың ағымдағы жағдайын бағалау, сондай-ақ негізгі проблемалар сипатталады.
8. "Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер" деген бөлімде Қазақстан үшін өзекті ұлттық қауіпсіздік саласындағы жаһандық трендтердің, Қазақстан жағдайларына бейімделуі мүмкін ұқсас мәселелерді шешу бойынша әлемдік практиканың оң тәжірибесінің талдауы көрсетіледі.
9. "Ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық бағыттары" деген бөлімде ұлттық қауіпсіздікті дамытудың стратегиялық бағыттары көрсетіледі.
10. "Іске асыру тетіктері" деген бөлімде ұлттық қауіпсіздікті дамытуды іске асыру жөніндегі негізгі тәсілдер көрсетіледі.
11. Мүдделі мемлекеттік органдар алдыңғы Стратегияны іске асыру аяқталғанға дейін бір жыл бұрын 1 сәуірден кешіктірмей Стратегия жобасына ұсыныстарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
12. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мүдделі органдармен келісілген Стратегия жобасын қалыптастырады, оны алдыңғы Стратегияны іске асыру аяқталғанға дейін бір жыл бұрын 1 мамырдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізеді.
3-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру
13. Стратегияны іске асыру үшін оны бекіткен сәттен бастап мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган екі ай мерзімде Стратегияны іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимылдар жоспарын (бұдан әрі – Іс-қимылдар жоспары) әзірлейді.
Іс-қимылдар жоспарында іс-шаралар, іс-шараларды аяқтау нысандары, оларды іске асыру мерзімдері, жауапты мемлекеттік органдар немесе ұйымдар, сондай-ақ қаржыландыру көздері көрсетіледі.
Іс-қимылдар жоспарында Стратегияны іске асыруға байланысты нысаналы индикаторлардың толық тізбесі айқындалады.
Іс-қимылдар жоспары Стратегияны іске асырудың бүкіл кезеңіне әзірленеді.
Іс-қимылдар жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
14. Стратегияны іске асыру процесінде мыналар қамтамасыз етіледі:
ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы келісу;
ресурстардың ең аз шығынымен берілген нәтижелерге қол жеткізуге бағдарлану;
тартылатын ресурстардың қаржылық, еңбек және басқа түрлерінің теңгерімділігі.
15. Стратегияны іске асыру мыналарды іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
Елдің аумақтық даму жоспары;
тұжырымдамалар, ұлттық жобалар;
мемлекеттік органдардың даму жоспарлары;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары;
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары;
ұлттық қауіпсіздікті іске асыруға және дамытуға бағытталған басқа да құжаттар.
16. Стратегия уақтылы және сапалы іске асыру үшін қажетті ресурстармен (қаржылық, еңбек, материалдық-техникалық) қамтамасыз етіледі.
17. Стратегияны қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты болып табылады.
18. Жоспарлы кезеңге арналған Стратегияның мақсаттарына, нысаналы индикаторларына және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті бюджет қаражатын бөлу республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесінде жүзеге асырылады.
19. Стратегияда көзделген, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру есебінен қол жеткізу көзделетін мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері тиісті мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының мақсаттарымен және нәтижелер көрсеткіштерімен өзара байланысты.
20. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының келісілген іс-қимылдарына, олардың мүдделілігіне және Стратегияны іске асыру процесіне тартылуына байланысты.
21. Стратегияны іске асыруға қатысатын мемлекеттік орган, ұйым ұлттық қауіпсіздіктің тиісті саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізу үшін нақты мақсаттарға шоғырланады.
22. Стратегияны іске асыру кезінде тәуекелдерді анықтауға және талдауға, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша қажетті шаралар қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді.
23. Тәуекелдер, Стратегияны әзірлеу процесінде жиналған ақпараттың едәуір бөлігі сияқты, олар жүзеге асырылған сайын өзгеріп отырады және үнемі қадағаланып отырады.
24. Стратегияны іске асыру барысында жаңа тәуекелдер туындаған кезде мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушылар өз өкілеттіктері шегінде мыналарды жүргізеді:
1) тәуекелдерді талдау – Стратегияны іске асыру барысына әсер ететін және жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге кедергі келтіретін ықтимал тәуекелдерді қадағалайды;
2) тәуекелдерді басқару – жоспарланған мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеу ықтималдығы күшейген немесе тәуекелі басталған жағдайда қажетті іс-шараларды жүзеге асырады.
Тәуекелдерді талдау мен басқаруды мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушылар Стратегияны іске асырудың жоспарлы кезеңі ішінде орындайды.
25. Басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді басқару процесінің негізгі мақсаты – Стратегияның мақсаттарына, міндеттерінің нысаналы индикаторларына және нәтижелерінің көрсеткіштеріне табысты қол жеткізу ықтималдығын ұлғайту. Тәуекелдерді басқару процесі қажетті және уақтылы шешімдер қабылдаумен байланысты.
26. Тәуекелдерді басқару мақсаттарға, нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган қабылдайтын іс-қимылдарды қамтиды.
4-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын мониторингтеу, бағалау және бақылау
27. Стратегия мониторингі жыл сайын жүргізіледі.
28. Стратегияның жыл сайынғы мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар, бірлесіп орындаушылар ұсынған ақпарат, сондай-ақ Іс-қимылдар жоспары бойынша бекітілуге сәйкес іс-шаралар негізінде жүргізеді.
29. Стратегия мен Жоспарды түзету мониторингтеу, оның ішінде тәуекелдерді талдаудың нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
30. Стратегияны бағалау мен бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жобасы дайындалатын іске асыру туралы есептердің негізінде жүзеге асырылады.
31. Бірлесіп орындаушылар есепті жылдан кейінгі жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімде мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне, сондай-ақ Іс-қимылдар жоспары бойынша іс-шараларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органға осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Іс-қимылдар жоспарының іске асырылуы туралы есепті (бұдан әрі – Есеп) ұсынады.
32. Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне, сондай-ақ жоспар бойынша іс-шараларға қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар өз құзыреті шегінде мына бөлімдер бойынша:
1) "Азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі" қоғамдық тәртіпті қорғау саласындағы уәкілетті органға;
2) "Экономикалық қауіпсіздік" мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға;
3) "Экологиялық қауіпсіздік және азаматтық қорғау" қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға;
4) "Ақпараттық қауіпсіздік" ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға;
5) "Елдің сыртқы саясаты саласындағы уәкілетті органға" ұлттық мүдделерді іске асыру үшін қолайлы Халықаралық орта қалыптастыру;
6) "Елдің қорғаныс қабілетін нығайту" Мемлекеттік авиация мен аумақтық қорғаныстың мемлекеттік саясатын жүзеге асыратын уәкілетті органға оның Орындалуы туралы есеп береді.
33. Осы Әдістеменің 32-тармағында санамаланған уәкілетті органдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысының қолы қойылған есепті ұсынады.
34. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне, сондай-ақ жоспар бойынша іс-шараларға қол жеткізуге жауапты уәкілетті органдардан алынған стратегияны іске асыру туралы ақпараттың негізінде осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті және стратегияны іске асыру туралы қорытындының жобасын қалыптастырады және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 ақпанына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.
35. Стратегияны іске асыру туралы есеп мақсаттарды, нысаналы индикаторларды, нәтижелер көрсеткіштерін, сондай-ақ Жоспар бойынша іс-шараларды орындау жөніндегі талдауды қамтиды.
36. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған стратегияны іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасы қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде пысықталады және есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына ұсынылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау жүргізу әдістемесіне 1-қосымша |
Нысан
Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспары
№ | Әрекет | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Қаржыландыру көздері |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1-бөлімнің атауы | |||||
Мақсаты | |||||
1-нысаналы индикатор | |||||
n-нысаналы индикатор | |||||
1-міндет | |||||
1-нәтижелер көрсеткіштері | |||||
n-нәтижелер көрсеткіштері | |||||
1 іс-шара | |||||
n іс-шара | |||||
n-міндет | |||||
1-нәтижелер көрсеткіштері | |||||
n-нәтижелер көрсеткіштері | |||||
1 іс-шара | |||||
N іс-шара | |||||
N бөлімнің атауы | |||||
Мақсаты | |||||
1-нысаналы индикатор | |||||
n-нысаналы индикатор | |||||
1-міндет | |||||
1-нәтижелер көрсеткіштері | |||||
n-нәтижелер көрсеткіштері | |||||
1 іс-шара | |||||
n іс-шара | |||||
n-міндет | |||||
1-нәтижелер көрсеткіштері | |||||
n-нәтижелер көрсеткіштері | |||||
1 іс-шара | |||||
n іс-шара |
Ескертпе: Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) осы нысанға қосымшаға сәйкес жоспарды іске асыру туралы есептерді толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарының нысанына қосымша |
Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарын толтыру бойынша түсіндірме
1. 1-бөлімнің атауы және "n бөлімнің атауы" деген жолдарда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия), Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) бөлімдері көрсетіледі.
Әрбір бөлім міндеттер мен іс-шараларға бөлінеді, іс-шаралар "іс-қимыл" бағанында көрсетіледі.
2. "Мақсат" деген жолда стратегия, жоспар бөлімінің мақсаты көрсетіледі.
3. Нысаналы индикатор 1 және "нысаналы индикатор N" деген жолдарда Стратегия, Жоспар бөлімінің нысаналы индикаторлары көрсетіледі.
4. "1-міндет" және "n-міндет" жолдарында стратегия, жоспар бөлімдерінің міндеттері көрсетіледі.
5. Нәтиже көрсеткіші 1 және "нәтиже көрсеткіші n" деген жолдарда стратегия, жоспар бөлімінің міндеттері нәтижелерінің көрсеткіштері көрсетіледі.
6. "Іс-қимыл" деген 2-бағанда Стратегияның, жоспардың бөлімдері мен міндеттерінің реттілігін негізге ала отырып, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың атауы көрсетіледі.
7. "Аяқтау нысаны" деген 3-бағанда іс-шараларды аяқтау нысаны көрсетіледі (іс-шараның аяқталуы нені білдіретінін ашатын іс-шараның сапалық сипаттамасы, мысалы, "республикалық меншіктегі су тораптары мен су қоймаларын қайта жаңарту және күрделі жөндеу" іс-шарасы "Мемлекеттік комиссияның қабылдау актілері" аяқтау нысаны бар).
8. Жауапты орындаушылар 4-бағанында міндеттер мен іс-шараларды орындауға жауапты мемлекеттік органдар, оған ведомстволық бағынысты ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсетіледі.
Бұл ретте міндеттер мен іс-шараларды орындау бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бірлесіп орындаушылар ретінде көрсетіледі.
9. Орындау мерзімі 5-бағанында нысаналы индикаторды, индикаторлар көрсеткіштерін, іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі.
Егер көзделген іс-шаралар бойынша аяқтау нысаны Жоғары тұрған органдарды хабардар ету болып табылса, онда осы іс-шаралардың орындалу мерзімі бір-бірімен сәйкес келеді және жалпы Жоспар бойынша жоғары тұрған органдарды хабардар ету жылына екі реттен аспайды.
10. Қаржыландыру көздері 6-бағанында қаржыландыру көздері (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты) толтырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау жүргізу әдістемесіне 2-қосымша |
Нысан
Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы есеп
Есепті кезең ________________________ Бекітілген _____________________________ Мемлекеттік орган _____________________________________
1. Жоспарды іске асыру барысы туралы ақпарат
№ | Әрекет | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Қаржыландыру көздері | Орындалуы туралы ақпарат (орындалмау себептері) |
---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-бөлімнің атауы | ||||||
Мақсаты | ||||||
1-нысаналы индикатор | ||||||
n-нысаналы индикатор | ||||||
1-міндет | ||||||
1-нәтижелер көрсеткіштері | ||||||
n-нәтижелер көрсеткіштері | ||||||
1 іс-шара | ||||||
n іс-шара | ||||||
n тапсырма | ||||||
1-нәтижелер көрсеткіштері | ||||||
n-нәтижелер көрсеткіштері | ||||||
1 іс-шара | ||||||
n іс-шара | ||||||
N бөлімнің атауы | ||||||
Мақсаты | ||||||
1-нысаналы индикатор | ||||||
n-нысаналы индикатор | ||||||
1-міндет | ||||||
1-нәтижелер көрсеткіштері | ||||||
n-нәтижелер көрсеткіштері | ||||||
1 іс-шара | ||||||
n іс-шара | ||||||
n тапсырма | ||||||
1-нәтижелер көрсеткіштері | ||||||
n-нәтижелер көрсеткіштері | ||||||
1 іс-шара | ||||||
n іс-шара |
2. Ішкі және сыртқы әсерді талдау
Ішкі және сыртқы әсер ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері | Қабылданған шаралар |
1 | 2 |
Ішкі факторлар: | |
….. | |
Сыртқы факторлар: | |
….. |
3. Аналитикалық жазба
Бірінші басшысы ______________________________________ қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескертпе: Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) іске асыру туралы есеп осы нысанға қосымшаға сәйкес жоспарды іске асыру туралы есептерді толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін | |
басқару жөніндегі іс-қимыл | |
жоспарын іске асыру туралы | |
есеп нысанына | |
қосымша |
Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы есепті толтыру бойынша түсіндірме
Жоспарды іске асыру туралы есеп мынадай тәртіппен толтырылады.
1. "Есепті кезең" жолы бойынша қорытындылары бойынша есеп берілетін кезең көрсетіледі.
2. "Бекітілді" деген жол бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) мен Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілген құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
3. "Мемлекеттік орган" деген жол бойынша есепті жасайтын және ұсынатын мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.
4. 1-бөлім "Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат".
1) "№" деген 1-бағанда іс-шараның реттік нөмірі көрсетіледі.
2) "іс-қимыл" деген 2-бағанда:
"мақсат", "нысаналы индикатор" "міндеттер", "нәтижелер көрсеткіштері", "іс-шаралар" деген жолдар бойынша мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың, міндеттердің, іс-шаралар нәтижелері көрсеткіштерінің немесе жоспардың атаулары көрсетіледі.
3) "аяқтау нысаны" деген 3-бағанда іс-шараларды аяқтау нысаны көрсетіледі (іс-шараның аяқталуы нені білдіретінін ашатын іс-шараның сапалық сипаттамасы).
4) Жауапты орындаушылар 4-бағанында нысаналы индикаторларға/нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге және Жоспар іс-шараларын орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен бірлесіп орындаушылар көрсетіледі.
5) орындау мерзімі 5-бағанында нысаналы индикаторды, индикаторлар көрсеткіштерін, іс-шараларды орындаудың жоспарланған мерзімі көрсетіледі.
6) қаржыландыру көздері 6-бағанында қаржыландыру көздері (республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты) толтырылады.
7) орындау туралы ақпарат 7-бағанында "орындалды", "орындалған жоқ" немесе "ішінара орындалды" деп көрсетіледі және нысаналы индикатордың, индикаторлар көрсеткіштерінің, іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат.
5. 2-бөлім "ішкі және сыртқы әсерді талдау".
1) "Ішкі және сыртқы әсер ету факторлары және олардың нысаналы индикаторларға/нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсері" деген 1-бағанда ішкі және сыртқы факторлар және олардың көрсеткіштерге қол жеткізуге көрсеткен оң немесе теріс әсері жеке көрсетіледі.
2) қабылданған шаралар 2-бағанында теріс салдарларды еңсеру және (немесе) сыртқы факторлардың көрсеткіштерге қол жеткізуге оң әсерін пайдалану жөнінде оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органның қабылдаған нақты шаралары туралы ақпарат келтіріледі.
6. Есептер аналитикалық жазбаны қамтиды.
7. Іске асыру туралы есептің Талдамалық жазбасында мыналар бар:
шешуге құжат бағытталған проблемалар мен міндеттерді шешу дәрежесі, құжатты іске асырудың ұлттық қауіпсіздікті дамытуға әсері туралы ақпарат (осы ақпарат құжатқа бағалау жүргізілген жылғы есепке енгізіледі);
тұжырымдар мен ұсыныстар, оның ішінде құжатты түзету, қолданыстағы заңнаманы өзгерту туралы ұсыныстар және басқалар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, мониторингтеу, іске асыру, бағалау және бақылау жүргізу әдістемесіне | |
3-қосымша |
Нысан
Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру туралы қорытынды жобасы
1. Құжаттың атауы: __________________________________________________
2. Құжат бекітілген актінің нөмірі, күні: _________________________________
3. Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган: ________________________________
4. Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар және бірлесіп орындаушы өзге де ұйымдар (ұлттық компанияларды қоса алғанда, мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар және мемлекет қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер): _______
5. Іске асыру мерзімі: __________________________________________________
6. Есепті кезеңге жоспарланған нақты нәтижелерге қол жеткізуді талдау, сондай-ақ нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге (құжатты іске асыру басталған кезден бастап бүкіл кезең үшін) және осындай қол жеткізуге әкеп соққан нақты іс-шаралардың орындалмауына негіздемелер ретінде жауапты мемлекеттік органдар келтіретін себептердің объективтілігіне қатысты позиция: _______________________
7. Құжатта қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған одан арғы шаралар, түзету іс – қимылдарын қабылдау (қажет болған кезде) жөніндегі тұжырымдар (бағалау) мен ұсыныстар, ал қорытынды есептер үшін-құжатты іске асыру шеңберінде қабылданған іс-шаралардың ұлттық қауіпсіздікті дамытуға әсері туралы тұжырымдар және тиісті бағыт/ая/сала бойынша одан арғы қызметті жетілдіру туралы ұсыныстар:
____________________________________________________________________