"Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 478 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қыркүйекте № 24324 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12115 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Әрбір жолаушыға мыналарды растайтын жеке билет ресімделеді:

      1) жолаушыны әуеде тасымалдау шартының талаптарымен таныстыру;

      2) жолаушы мен авиакомпания арасында әуеде тасымалдау шартын жасасу.

      Билет жолаушының жеке басын куәландыратын құжат деректері немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат негізінде (сәйкестендіру үшін) ресімделеді.

      Билетке өзгерістер енгізуді авиакомпания жолаушының келісімімен немесе уәкілетті агент авиакомпанияның және жолаушының келісімімен жүзеге асырады.

      Оған авиакомпания немесе уәкілетті агентпен жарамды электрондық немесе қағаздық билет рәсімделіп берілген кезде жолаушы тасымалдауға жіберіледі.

      Қағаз түрінде ресімдеу кезінде жолаушы қағаз билеті болған жағдайда тасымалдауға рұқсат беріледі.

      Сатылған билет саны әуе кемесіндегі іс жүзіндегі жолаушылар орнынан артық болмайды.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияларда жазылсын:

      "33. Жүктілік мерзімі 34 аптадан асатын жүкті әйелдер тасымалдау басталғанға дейін 30 күннен ерте емес медициналық ұйыммен ресімделуі тиіс өзінің денсаулығының жай-күйі туралы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысандағы (026/у) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысын (бұдан әрі - 026/у нысындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы) ұсынуы тиіс, ол тасымалдау басталғанға дейін күнтізбелік 30 күннен ерте емес мерзімде медициналық ұйымның ресімдеуімен рұқсат етіледі. Медициналық қорытындыда жүктілік мерзімі көрсетілуі және жүктілік ешқандай асқынуларсыз өтіп жатқанын растауы тиіс.

      34. Авиакомпания тіпті 026/у нысандағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда да, егер туу мерзімі жақындағы күнтізбелік 7 күнде күтілетін болса, жүкті әйелдерді тасымалдаудан бас тартады.";

      43-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "43. Әуе кемесінің бортында жолаушыларға қызмет көрсету жағдайы мен деңгейі:

      1) жолаушылар салонының жабдығымен және интерьерімен;

      2) жолаушылардың қауіпсіздігін, салондағы қоршаған ортаның жай-күйі мен жайлылықты қамтамасыз ететін техникалық құралдармен және жүйелермен;

      3) жолаушылар кабинасының санитарлық-гигиеналық жай-күйімен, ақаусыздығымен және қажетті жабдықпен, мүкәммал жинағымен және жолаушыларға қызмет көрсету құралдарымен жасақталуымен;

      4) өндіруші көздеген әуе кемелері таптерінде балалардың бесіктерін орнату мүмкіндігімен баласы бар жолаушыларға арналған орындардың болуымен;

      5) өндіруші көздеген әуе кемелері таптерінде зембілдегі науқастарды және мүгедектерді орналастыру мүмкіндігімен;

      6) жолаушылар үшін жеке пайдалану құралдарымен (жеке жарықтандыру, желдеткіш, тамақтануға арналған үстел, байламалы қауіпсіздік белдіктерінің жүйесі, құтқару кеудешелері, оттегі немесе түтіннен қорғау маскалары);

      7) сыртқы киімді орналастыру үшін гардеробтардың болуымен қамтамасыз етілуге тиіс.

      8) ұшу қауіпсіздігі талаптары сақталған жағдайда, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар, мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін, қажеттіліктеріне сәйкес қарастырылған жағдайда орындар бөлінеді.";

      44-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44-1. Балалар аутизмі, Аспергер синдромы, атиптік аутизмі бар диагнозын растау үшін 026/у нысындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және индустриялық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте"

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 6 сентября 2021 года № 478. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 сентября 2021 года № 24324

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 540 "Об утверждении Правил перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12115) следующие изменения:

      в Правилах перевозки пассажиров, багажа и грузов на воздушном транспорте, утвержденных указанным приказом:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. На каждого пассажира оформляется отдельный билет, который подтверждает:

      1) ознакомление пассажира с условиями договора воздушной перевозки;

      2) заключение между пассажиром и авиакомпанией договора воздушной перевозки.

      Билет оформляется на основании данных документа, удостоверяющего личность пассажира, либо электронного документа из сервиса цифровых документов (для идентификации).

      Внесение изменений в билет осуществляется авиакомпанией с согласия пассажира, или уполномоченным агентом с согласия авиакомпании и пассажира.

      Пассажир допускается к перевозке при оформлении на него действительного бумажного билета или электронного билета, выданного авиакомпанией или уполномоченным агентом.

      При бумажном оформлении, пассажир допускается к перевозке при наличии бумажного билета.

      Число продаваемых билетов не может превышать фактическое количество имеющихся в наличии пассажирских мест на воздушном судне.";

      пункты 33 и 34 изложить в следующей редакции:

      "33. Беременные женщины, срок беременности которых превышает 34 недель при одноплодной беременности, а при многоплодной беременности - не более 32 недель, предоставляют заключение врачебно-консультационной комиссии, утвержденное приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 21579), формы № 026/у о состоянии своего здоровья (далее - заключение врачебно-консультационной комиссии формы № 026/у), которое допускается с оформления медицинской организацией не ранее, чем за 30 календарных дней до начала перевозки.

      34. Авиакомпания отказывает беременным женщинам в перевозке даже при наличии заключения врачебно–консультационной комиссии формы № 026/у, если срок наступления родов ожидается в ближайшие 7 календарных дней.";

      пункт 43 изложить в новой редакции:

      "43. Условия и уровень обслуживания пассажиров на борту воздушного судна обеспечиваются:

      1) оборудованием и интерьером пассажирского салона;

      2) техническими средствами и системами, обеспечивающими безопасность пассажиров, состояние окружающей среды в салоне и комфорт;

      3) санитарно–гигиеническим состоянием пассажирской кабины, исправностью и укомплектованностью необходимым оборудованием, инвентарем и средствами обслуживания пассажиров;

      4) наличием мест для пассажиров с детьми, с возможностью установки детских люлек на тех типах воздушных судов, где предусмотрено производителем;

      5) возможностью размещения больных на носилках и инвалидов на тех типах воздушных судов, где предусмотрено производителем;

      6) средствами индивидуального пользования для пассажиров (индивидуальное освещение, вентиляция, столик для питания, система привязных ремней безопасности, спасательные жилеты, кислородные или дымозащитные маски);

      7) наличием гардеробов для размещения верхней одежды.

      8) для пассажиров с ограниченными возможностями, инвалидам и маломобильных групп населения выделяют места, соответствующие их потребностям, при наличии и условии соблюдения требований безопасности полетов.";

      пункт 44-1 изложить в следующей редакции:

      "44-1. Для подтверждения диагноза о детском аутизме, синдроме Аспергера, атипичном аутизме, предоставляется заключение врачебно-консультационной комиссии формы № 026/у.".

      2. Комитету гражданской авиации Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Б. Атамкулов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и социальной защиты
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министрество национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан