"Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 433 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қыркүйекте № 24341 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10252 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мына редакцияда жазылсын:

      "Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету қағидаларында осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
  Төтенше жағдайлар министірінің
  бұйрығына қосымша
  2021 жылғы 8 қыркүйектегі
  № 433
  Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму Министірінің
  2014 жылғы 30 желтоқсандағы
  № 347 бұйрығымен бекітілген

Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-2-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтеріне, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтеріне қолданылады.

      3. Ұйымдарға қызмет көрсетуге қызмет көрсететін ұйым жүзеге асыратын өндірістік қызмет түріне аттестатталған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жіберіледі.

      4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету бойынша өз қызметінде Заңды, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аварияларды жою жоспары – адамдарды құтқару жөніндегі іс-шараларды, басшылар мен қызметкерлердің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қыймылдарын көздейтін, қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымның басшысы бекітетін және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен келісілетін құжат;

      2) "Дабыл" белгісі – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жедел бөлімшелерін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдардағы аварияларды жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындыққа тарту үшін дабылда немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндірістік объектілерде тау-кен құтқару, газдан құтқару жұмыстарын, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге арналған авариялық-құтқару қызметі;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметі – қауіпті өндiрiстiк объектiлерi бар ұйымның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын авариялық-құтқару қызметі;

2-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету тәртібі

      6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсетуі жасалған шарт негізінде жүргізіледі. Ерекше жағдайларда, авария туындаған кезде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізгеннен кейін шарт жасасуға жол беріледі.

      7. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі, жыл сайын, 1 желтоқсаннан кешіктірмей аварияларды жою жоспарын (бұдан әрі – АЖЖ) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне келісуге ұсынады. АЖЖ-ға өзгерістер мен қосымшалар енгізгенде, ол қайта келісуге жатады. Егер АЖЖ әрекет ету ағымындағы жағдай кезінде, қауіпті өндірістік объектіні иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым басқа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісім-шарт жасайды, ол кәсіпорын он жұмыс күн ағымында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аталған кәсіби авариялық-құтқару қызметімен келісім жасауға жолданады.

      8. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі ұсынылған АЖЖ-ны алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      9. АЖЖ Заңның 80-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімнен кешіктірмей қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымға АЖЖ-мен келіспеушілікті негіздейтін дәлелді құжатты жазбаша нысанда жібереді және анықталған сәйкессіздіктер жойылатын он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді белгілейді. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйым өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне АЖЖ келісуге қайта ұсынады.

      10. Өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдармен авариялық-құтқару қызметін көрсету шарты АЖЖ келіскен кезде оны ұзарту мүмкіндігімен кем дегенде бір күнтізбелік жыл мерзімге жасалады.

      11. Шартта АЖЖ орындау тәртібі, жедел бөлімшелерінің сандық құрамы қарастырылады.

      12. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жедел бөлімшелерінің "Дабыл" белгісі бойынша аварияларды жоюға және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге шығуға тәулік бойы тұрақты әзірлігін;

      2) жеке құрамның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшесі басшысына мүлтіксіз бағына отырып авариялық-құтқару жұмыстарын орындауын;

      3) аварияны жою қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысы аталған жұмыстарды тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайды қоспағанда, авариялық-құтқару жұмыстары толық аяқталғанына дейін оларды жүргізу міндеттілігін қамтамасыз етеді.

      13. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсетуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшелері жүзеге асырады, олар:

      1) кәсіби авариялық-құтқару бөлімшесінен;

      2) кәсіби авариялық-құтқару взводынан;

      3) кәсіби авариялық-құтқару жасағынан тұрады.

      14. Кәсіби авариялық-құтқару бөлімшесі, бөлімше командирі мен жедел көлік жүргізушісін қосқанда, саны жетіден одан да аса адам болатын құтқарушылардан тұрады.

      15. Кәсіби авариялық-құтқару взводы екі және одан да көп авариялық-құтқару бөлімшелерінен құрылады.

      16. Кәсіби авариялық-құтқару жасағы екі және одан да көп взводтардан құрылады.

      17. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жедел бөлімшелері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 360 "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің жеке құрамына қойылатын талаптарды және олардың штат санын есептеу нормативтерін, оларды жарақтандыру нормаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Талаптар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23812 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес аппаратурамен, жабдықтармен, штаттық материалдар қорымен және автокөлікпен қамтамасыз етіледі.

      18. Қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымдарға қызмет көрсету кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшелері жұмыстардың мынадай негізгі түрлерін атқарады:

      1) авариялық-құтқару жұмыстары;

      2) профилактикалық жұмыстар;

      3) техникалық жұмыстар.

      19. Авариялық-құтқару жұмыстары қауіпті өндірістік объектілерде техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде авария аймағындағы адамдарды іздеу және құтқару, оларға алғашқы және психологиялық көмек көрсету, қауіпті факторлардың әсерін оқшаулау және басу немесе ең төменгі мүмкін болатын деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимылдарды өткізу мақсатында жүргізіледі. Авариялық-құтқару жұмыстары жеке шарт немесе қосымша келісім бойынша не орындалған жұмыстар актісіне сәйкес жүзеге асырылады.

      20. Қауіпті өндірістік объектідегі аварияны жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысы басқарады.

      21. Қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысы құтқарушыларға аварияны жоюға байланысты өкімдерін тек өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшесінің басшысы арқылы береді.

      22. Аварияны жою қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысының адамдарды құтқару мен аварияны жоюға бағытталған шешімдерін орындау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшесінің басшысына, авария аймағындағы ұйымдар мен азаматтар орындауға тиіс.

      23. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жедел бөлімшесінің авариялық-құтқару жұмыстарының басшысы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті толық және нақты ақпарат алады.

      24. Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік болмаған жағдайда, қауіпті өндірістік объектінің техникалық басшысы бірінші кезектегі тәртіппен төтенше жағдайлар аймағындағы адамдарды құтқару жөнінде барлық шараларды қабылдай отырып, аталған жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

      25. Авариялық-құтқару жұмыстары аварияны жою жөніндегі бекітілген жедел жұмыс жоспарына сәйкес қатаң түрде жүргізіледі.

      26. "Дабыл" белгісі бойынша аварияға шығу тәртібі, аварияны жоюға қатысушы жедел бөлімшелер саны және авариялық-құтқару жұмыстарын атқаруға қажетті құрал-жабдықтар тізімі, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымның АЖЖ-на сәйкес анықталады.

      Авариялық-құтқару жабдықтарын қолдану авариялық объектідегі іс-қимылдарға жеке құрамның жедел дайындығының, "Дабыл" белгісі бойынша нормативтік келу уақыты, қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланыатын, қызмет көрсететін ұйымның аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің шоғырланған орнында әр объектінің арақашықтығы мен ерекшелігіне байланысты өңделеді және ұйымға қызмет көрсететін басшы мен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің басшысымен бекітіледі.

      27. Уақтылы ден қою үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметі авария болған шақыру түскен жерге дереу шығуды ұйымдастыруы және ең қысқа мерзімде жетуі қажет.

      28. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жедел бөлімшесі жүргізетін профилактикалық жұмыстар, қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілерді адамдарды құтқару және аварияларды жоюға дайындығын, өртке қарсы қорғаныстарын, қосымша шығу жолдарының болуын, АЖЖ-ның қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілердің іс жүзіндегі жағдайына сәйкестігін анықтауға бағытталған.

      29. Профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны, оның ішінде тау-кен құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өртке қарсы қорғаныстың, АЖЖ қызмет көрсетілетін қауіпті өндірістік объектілердің іс жүзіндегі жағдайынан айырмашылық анықталған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі жедел бөлімшесінің басшысы қауіпті өндірістік объектілерді иеленетін және (немесе) пайдаланатын ұйымның басшылығына анықталған кемшіліктерді үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жою қажеттігі туралы жазбаша түрде хабарлайды. Бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметі бөлімшесінің басшысы бұл туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.

      30. Техникалық жұмыстар арнайы авариялық-құтқару жабдығын қолданумен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының бір түрі болып табылады және қауіпті өндірістік объектінің қауіпсіз және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді көздейді.

      31. Техникалық жұмыстар аварияларды жою, оқшаулау, олардың зардаптарын жоюмен байланысты емес, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметінің, арнайы қорғаныс құралдарын қолданып және (немесе) оларды қолданбай, қауіпті өндірістік объектілер аумағында, сондай-ақ оның шегінен тыс, оның ішінде көлікте жүргізіледі.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 347 "Об утверждении Правил обслуживания организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональными аварийно-спасательными службами и формированиями"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 8 сентября 2021 года № 433. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 сентября 2021 года № 24341

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 347 "Об утверждении Правил обслуживания организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональными аварийно-спасательными службами и формированиями" (зарегистрирован в Государственном реестре нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 10252), следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил обслуживания организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональными аварийно-спасательными службами в области промышленной безопасности";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила обслуживания организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональными аварийно-спасательными службами в области промышленной безопасности.";

      Правила обслуживания организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональными аварийно-спасательными службами и формированиями, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ю. Ильин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра по чрезвычайным
ситуациям РеспубликиКазахстан
от 8 сентября 2021 года № 433

  Утверждены приказом
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 30 декабря 2014 года № 347

Правила обслуживания организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональными аварийно-спасательными службами в области промышленной безопасности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обслуживания организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональными аварийно-спасательными службами в области промышленной безопасности (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 13) статьи 12-2 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите" (далее – Закон) и определяют порядок обслуживания организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональными аварийно-спасательными службами в области промышленной безопасности.

      2. Действие настоящих Правил распространяются на профессиональные аварийно-спасательные службы в области промышленной безопасности, в том числе на профессиональные объектовые аварийно-спасательные службы в области промышленной безопасности.

      3. К обслуживанию организаций допускаются профессиональные аварийно-спасательные службы в области промышленной безопасности, аттестованные на вид производственной деятельности, осуществляемой обслуживающей организацией.

      4. В своей деятельности по обслуживанию организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональные аварийно-спасательные службы в области промышленной безопасности руководствуются Законом, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан по вопросам аварийно-спасательной деятельности и настоящими Правилами.

      5. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) план ликвидации аварий – документ, предусматривающий мероприятия по спасению людей, действия руководителей и работников, аварийных спасательных служб в области промышленной безопасности, который утверждается руководителем организации владеющий и (или) эксплуатирующий опасные производственные объекты, и согласовывается с профессиональными аварийно-спасательными службами в области промышленной безопасности;

      2) сигнал "Тревога" – единый сигнал оповещения, передаваемый посредством сирен или других сигнальных средств, для привлечения к готовности оперативного подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности к выезду на ликвидацию аварий и проведение аварийно-спасательных работ в обслуживаемых организациях, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты;

      3) профессиональная аварийно-спасательная служба в области промышленной безопасности – аварийно-спасательная служба, предназначенная для проведения горноспасательных, газоспасательных, противофонтанных работ на опасных производственных объектах;

      4) профессиональная объектовая аварийно-спасательная служба в области промышленной безопасности – аварийно-спасательная служба, являющаяся структурным подразделением организации, имеющей опасные производственные объекты.

Глава 2. Порядок обслуживания организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональными аварийно-спасательными службами в области промышленной безопасности

      6. Обслуживание организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, осуществляется профессиональными аварийно-спасательными службами в области промышленной безопасности на основании заключенного договора. В исключительных случаях, при возникновении аварии допускается заключение договора после проведения аварийно-спасательных работ.

      7. Организации, владеющие и (или) эксплуатирующие опасные производственные объекты, ежегодно, не позднее 1 декабря, представляют на согласование в профессиональную аварийно-спасательную службу в области промышленной безопасности план ликвидации аварий (далее - ПЛА). При внесении изменений и дополнений в ПЛА, он подлежит пересогласованию. В случае если в течение действия ПЛА организация, владеющая и (или) эксплуатирующая опасные производственные объекты, заключают договор с иной профессиональной аварийно-спасательной службой в области промышленной безопасности, то ПЛА в течение десяти рабочих дней направляется на согласование данной профессиональной аварийно-спасательной службе в области промышленной безопасности".

      8. Профессиональная аварийно-спасательная служба в области промышленной безопасности рассматривает представленный ПЛА в течение десяти рабочих дней с момента его получения.

      9. В случае несоответствия ПЛА требованиям статьи 80 Закона, профессиональная аварийно-спасательная служба в области промышленной безопасности не позднее срока, установленного пунктом 8 настоящих Правил, в письменной форме направляет организации, владеющей и (или) эксплуатирующей опасные производственные объекты мотивированный документ, обосновывающий несогласие с ПЛА и устанавливает срок не более десяти рабочих дней, в течение которого устраняются выявленные несоответствия. После устранения несоответствий организация, владеющая и (или) эксплуатирующая опасные производственные объекты, повторно представляет на согласование в профессиональную аварийно-спасательную службу в области промышленной безопасности ПЛА.

      10. Договор на аварийно-спасательное обслуживание с организациями, владеющими и (или) эксплуатирующими опасные производственные объекты, при согласовании ПЛА заключается на срок не менее чем один календарный год с возможностью его пролонгации.

      11. В договоре предусматриваются порядок выполнения ПЛА, количественный состав оперативных подразделений.

      12. При обслуживании организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, профессиональные аварийно-спасательные службы в области промышленной безопасности обеспечивают:

      1) постоянную круглосуточную готовность оперативного подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности к выезду по сигналу "Тревога" на ликвидацию аварий и проведение аварийно-спасательных работ;

      2) выполнение аварийно-спасательных работ личным составом с беспрекословным его подчинением руководителю оперативного подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности;

      3) проведение аварийно-спасательных работ до полного их завершения за исключением случаев, когда техническим руководителем опасного производственного объекта принято решение о приостановке или прекращении указанных работ.

      13. Обслуживание организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, осуществляется оперативными подразделениями профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности, состоящими из:

      1) профессионального аварийно-спасательного отделения;

      2) профессионального аварийно-спасательного взвода;

      3) профессионального аварийно-спасательного отряда.

      14. Профессиональное аварийно-спасательное отделение состоит из спасателей в количестве от семи и более человек, включая командира отделения и водителя оперативного транспорта.

      15. Профессиональный аварийно-спасательный взвод состоит из двух и более аварийно-спасательных отделений.

      16. Профессиональный аварийно-спасательный отряд состоит из двух и более взводов.

      17. Оперативные подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности оснащаются аппаратурой, оборудованием, штатным запасом материалов и автотранспортом в соответствии с приказом Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 июля 2021 года № 360 "Об утверждении Требований и нормативов расчета штатной численности личного состава, норм оснащения профессиональных аварийно-спасательных служб в области промышленной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 23812) (далее – Требования).

      18. При обслуживании организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, оперативные подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности выполняют следующие разнородные виды работ:

      1) аварийно-спасательные работы;

      2) профилактические работы;

      3) технические работы.

      19. Аварийно-спасательные работы проводятся при возникновении чрезвычайных ситуаций техногенного и природного характера на опасных производственных объектах с целью проведения действий по поиску и спасению людей, находящихся в зоне аварий, оказанию им первой и психологической помощи, локализации и подавлению или доведению до минимального возможного уровня воздействия опасных факторов. Аварийно-спасательные работы осуществляются по отдельному договору или дополнительному соглашению либо согласно акту выполненных работ.

      20. Аварийно-спасательными работами при ликвидации аварий на опасном производственном объекте руководит технический руководитель опасного производственного объекта.

      21. Технический руководитель опасного производственного объекта отдает распоряжения спасателям, связанным с ликвидацией аварий, только через руководителя оперативного подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности.

      22. Решения технического руководителя опасного производственного объекта, направленные на спасение людей и ликвидацию аварий, подлежат исполнению руководителем оперативного подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности, организациями и гражданами, находящимися в зоне аварии.

      23. Руководитель аварийно-спасательных работ оперативного подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности получает полную и достоверную информацию, необходимую для ведения аварийно-спасательных работ.

      24. В случае невозможности проведения аварийно-спасательных и неотложных работ, технический руководитель опасного производственного объекта принимает решение о приостановке указанных работ в целом или их части, предприняв в первоочередном порядке все возможные меры по спасению находящихся в зоне чрезвычайной ситуации людей.

      25. Аварийно-спасательные работы проводятся строго в соответствии с утвержденным оперативным планом работ по ликвидации аварии.

      26. Порядок выезда на аварию по сигналу "Тревога", количество оперативных отделений, участвующих в ликвидации аварий, и перечень необходимого оснащения для выполнения аварийно-спасательных работ определяются на основании ПЛА обслуживаемой организации, владеющей и (или) эксплуатирующей опасные производственные объекты.

      Нормативное время прибытия по сигналу "Тревога", оперативной готовности личного состава к действиям на аварийном объекте, применения аварийно-спасательного оснащения разрабатываются применительно к специфике и отдалҰнности каждого объекта от места дислокации профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности на территории обслуживаемой организации, владеющей и (или) эксплуатирующей опасные производственные объекты, и утверждаются руководителем профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности и руководителем обслуживаемой организации.

      27. Для своевременного реагирования профессиональной аварийно-спасательной службе в области промышленной безопасности необходимо организовать немедленный выезд и оперативное прибытие к месту вызова, где произошла авария за максимально короткое время.

      28. Профилактическая работа, проводимая оперативным подразделением профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности, направлена на определение готовности обслуживаемых организаций, владеющих и (или) эксплуатирующих опасные производственные объекты, к спасению людей и ликвидации аварий природного и техногенного характера, противопожарной защите, содержанию запасных выходов, соответствию ПЛА действительному положению на обслуживаемом опасном производственном объекте.

      29. По обнаруженным при проведении профилактических работ нарушениям требований законодательства Республики Казахстан в области промышленной безопасности, в том числе противопожарной защиты при проведении горноспасательных работ, отличиям ПЛА действительному положению на обслуживаемом опасном производственном объекте руководитель оперативного подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности в письменной форме информирует руководство организации, владеющей и (или) эксплуатирующей опасные производственные объекты, о необходимости устранения выявленных нарушений в срок не позднее трех рабочих дней. В случае не устранения нарушений в установленные сроки руководитель подразделения профессиональной аварийно-спасательной службы в области промышленной безопасности уведомляет об этом территориальное подразделение уполномоченного органа в области промышленной безопасности.

      30. Технические работы являются одним из видов ремонтно-восстановительных работ с применением специального аварийно-спасательного оборудования и предусматривают обеспечение безопасной и бесперебойной работы опасного производственного объекта.

      31. Технические работы, несвязанные с ликвидацией, локализацией аварий и их последствий, проводятся оперативными подразделениями профессиональных аварийно-спасательных служб в области промышленной безопасности с применением специальных средств защиты и (или) без применения их, как на территории опасного производственного объекта, так и за его пределами, в том числе на транспорте.