Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 18.08.2022 № 33 (11.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 461 бұйрығымен бекітілген |
Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің қағидалары
1. Осы Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдарына (бұдан әрі - АҚО) қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың күші "азаматтық қорғау" арнаулы атағы берілетін АҚО лауазымдарына үміткер кандидаттарға қатысты қолданылады.
2. АҚО-на қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкі (бұдан әрі – Деректер банкі) оның толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде (бұдан әрі - ТЖМ), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінде (бұдан әрі - ТЖД) және ТЖМ ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінде АҚО-ның кадр қызметтері қалыптастырады.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрімен (бұдан әрі - Министр) немесе АҚО-ның уәкілетті басшысымен бекітілетін Деректер банкі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай нысанда қағаз және электрондық тасығыштарда қалыптастырылады және олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін көрсете отырып осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген кандидаттар туралы мәліметтерді қамтиды.
Кандидаттардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері Заңның 7-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілетін Кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары және әдістерімен айқындалады.
4. АҚО-ның кадр қызметтері Деректер банкін тоқсан сайын тиісті тоқсанның соңғы айының 20 күніне дейін жаңартады және осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген адамдар бекітеді және АҚО-ның интернет-ресурстарында жарияланады.
Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген кандидаттардың мәліметтерін АҚО-ның интернет-ресурстарында жариялау үшін кандидаттар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысанда кандидаттардың жеке деректері туралы ақпаратты АҚО-ның интернет-ресурсында орналастыруға келісім беру туралы қолхатқа қол қояды.
5. Деректер банкіне кандидаттар туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:
1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
2) туылған күні;
3) бар біліктілік сыныбы/атағы (бар болған жағдайда);
4) білімі, ғылыми атағы (бар болған жағдайда);
5) жұмыс өтілі (бар болған жағдайда);
6) еңбек сіңірген жылы (құқық қорғау органдарында, арнайы мемлекеттік органдарда, Қарулы күштерде, өзге әскерлерде және әскери құралымдарда еңбек сіңірген жылдары бар болған жағдайда);
7) кандидат үміттенген лауазымның санаты мен атауы;
8) бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері;
9) кандидатты Деректер банкіне енгізген күн.
Егер кандидат "Азаматтық қорғау органдарындағы конкурстық негізде орналасатын аға және жоғары басшы құрам лауазымдарының тізбесін, азаматтық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Министрдің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 413 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24173 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларының 51-тармағының 2) тармақшасына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі (бұдан әрі - конкурстық комиссияның шешімі) бойынша Деректер банкіне енгізілген болса, Деректер банкінде конкурстық комиссия шешімінің күні мен нөмірі көрсетіледі.
6. Деректер банкіне енгізілген кандидаттар одан оларды енгізген күннен бастап алты ай өткен соң алынып тасталады.
Бұл ретте, АҚО-ның лауазымдарына тағайындалған кандидаттар Деректер банкінен лауазымға тағайындалған сәтте алынып тасталады.
7. Деректер банкіне конкурстық комиссияның шешімімен енгізілген кандидаттар конкурс өткен сәттен бастап алты ай ішінде және Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін АҚО-ның лауазым санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін болса АҚО-ның бос лауазымына конкурс өтпестен тағайындалады.
Бос лауазым болған кезде, конкурс жарияламас бұрын АҚО-ның кадр қызметі әңгімелесу өткізу үшін Деректер банкінен бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері анағұрылым жоғары кандидаттарды айқындайды.
Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкі
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Дата рождения | Бар біліктілік сыныбы/атағы (бар болған жағдайда) | Білімі, ғылыми атағы (бар болған жағдайда) | Жұмыс өтілі (бар болған жағдайда) | Еңбек сіңірген жылы (құқық қорғау органдарында, арнайы мемлекеттік органдарда, Қарулы күштерде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда еңбек сіңірген жылдары бар болған жағдайда) | Кандидат үміттенген лауазымның санаты мен атауы | Бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері | Кандидатты Деректер банкіне енгізген күн | Конкурстық комиссияның шешімі (бар болған жағдайда) |
1 | ||||||||||
2 |
Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Кандидаттардың жеке деректері туралы ақпаратты азаматтық қорғау органдарының интернет-ресурсында орналастыруға келісім беру туралы қолхат
Мен _________(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) менің жеке деректерім туралы ақпаратты азаматтық қорғау органдарының интернет-ресурсында орналастыруға келісім беремін.
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, күні.
Байланыс деректері (телефон нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы).