БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20852 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің м.а. |
К. Ергалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Аграрлық ғылым саласындағы сыйлықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілі | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау туралы анықтама. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Ғылым саласында сыйлықтарды беру үшін қажетті құжаттар: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 8 - тармағына көрсетілген құжаттардың толық толық емес топтамасын ұсынса, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және осы Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 минут; |