Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 қазандағы № 89 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі зерттеулерінің, консалтингтік көрсетілетін қызметтері мен мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын бюджет қаражаты есебінен айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) зерттеулер – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісінше ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;
2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген) мемлекеттік орган қызметінің процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау не ахуалды егжей-тегжейлі талдау жөніндегі; жұмыстың қаржылық және басқарушылық (мынадай негізгі көрсетілетін қызметтер шеңберінде: басқарушылық консалтинг, әкімшілік-кадрлық консалтинг, қаржылық консалтинг, ІТ-консалтинг, заң консалтингі, мамандандырылған консалтинг, қорғаныс саласындағы консалтинг, техникалық консалгтингтік көрсетілетін қызметтер) тиімділігін арттыру үшін кейінгі іс-қимылдарды түзету бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
3) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитетіне, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына, "Елбасы Aкадемиясы" корпоративтік қорына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 12.08.2024 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
3. Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің, мемлекеттік тапсырманың құны зерттеу жүргізуге, консалтингтік қызмет көрсетуге, мемлекеттік тапсырманы орындауға тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстарды, тікелей шығындар мен жанама шығыстарды негізге ала отырып мынадай:
Қ =
ЕТ+ТШ + ЖШформула бойынша айқындалады, мұндағы:
Қ – зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің, мемлекеттік тапсырманың құны;
ЕА+ТШ – еңбекақы төлеу бойынша шығыстар сомасы;
ЕТ – қызметкерлерге еңбекақы төлеу;
ТШ – осы Қағидалардың 12-тармағының 1) тармақшасында көзделген шығыстарды қоспағанда, тікелей шығыстар;
ЖШ – жанама шығыстар.
4. Еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар мен тікелей шығыстардың сомасы қызмет көрсетуден түскен еңбек шығындарын қызметкердің сағаттық мөлшерлемесіне көбейту жолымен айқындалады:
ЕТ+ТШ = ЕШ * СМ, мұндағы
ЕШ – қызмет көрсетуден түскен еңбек шығындары;
СМ – қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі.
5. Әрбір орындаушы бойынша қызмет көрсетуден түскен еңбек шығындары мынадай мәнде есептеледі:
ЕШ = А * С * ОАС, мұндағы
ЕШ – бір адамға шаққандағы адамның еңбек шығыны/сағат;
А – орындауға кеткен айлар саны;
С – күніне орындау сағаттарының саны;
ОАС – жұмыс күндерінің орташа айлық саны (жұмыс уақытының балансына сәйкес, тиісті жылға).
6. Бір қызметкерге сағаттық мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі:
ЕА + ТШ
СМ = -------------, мұндағы
ЖСО
СМ – қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі;
ЕА – тікелей қызмет көрсететін қызметкерлерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар;
ТШ – айына бір адамға келетін тікелей шығыстар;
ЖСО – жұмыс сағаттарының орташа айлық саны (тиісті жылға жұмыс уақытының балансына сәйкес).
7. Жанама шығыстарды зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырма құнына қосу үшін зерттеу жүргізумен, консалтингтік қызмет көрсетумен, мемлекеттік тапсырманы орындаумен айналысатын бір қызметкерге (бұдан әрі – ғылыми қызметкерлер) арналған шығыстар айқындалады.
8. Жылына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар ұйымның ғылыми қызметкерлерінің санына шаққандағы жанама шығыстар сомасының қатынасына тең:
ЖШ
ЖЖШ = ---------------------, мұндағы
ҒҚС
ЖЖШ – жылына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар;
ҒҚС – ұйымның ғылыми қызметкерлерінің саны.
9. Бір айда бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар жылына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстардың 12 айға қатынасына тең:
ЖЖС
АЖШ = -------------, мұндағы
12
АЖШ –айына бір ғылыми қызметкерге келетін жанама шығыстар.
10. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша орындаушылардың санын орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен шарттарына қарай ұйым белгілейді.
3-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындауға арналған шығындар түрі
11. Зерттеу, консалтингтік көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік тапсырма құнына мынадай шығыстар:
1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;
2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;
3) ақпараттық ілгерілету (жарнама) бойынша шығыстар;
4) демеушілік көмек;
5) айыппұлдар, өсімпұлдар және тұрақсыздық айыптары енгізілмейді.
12. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:
1) зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманы жүзеге асыратын қызметкерлердің (штаттық және штаттан тыс) жалақысы;
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызметтер көрсететін, мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;
3) қосылған құн салығы;
4) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін, мемлекеттік тапсырманы орындайтын персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
5) сыртқы сарапшыларды тарту (орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспайтын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін жұмыстар мен көрсетлетін қызметтердің шекті көлемі);
6) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын материалдарды сатып алу;
7) байланыс қызметтері (қалааралық телефон сөйлесулер, телефон үшін абоненттік төлем, пошта-телеграф шығындары, факс, электрондық пошта, интернет);
8) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын көліктік көрсетілетін қызметтер;
9) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін тираждау: сауалнамалар, бағыт парақтары, карточкалар, есептер, тест тапсырмалары, түптеу, құжаттарды тігу және өңдеу);
10) курьерлік көрсетілетін қызметтер (материалдарды тарату);
11) жалға алынатын үй-жайларда тікелей зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу қажет болған жағдайларда жалдау ақысы;
12) банктік қызметтер;
13) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қолжетімділік;
14) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін тікелей пайдаланылатын аударма бойынша көрсетілетін қызметтер.
13. Жанама шығыстар көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тікелей өзіндік құнына жатпайды және мынадай шығындарды:
1) әкімшілік персоналдың жалақысын;
2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әкімшілік персоналды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарын;
3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жер салығы және басқалар);
4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстарын (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
5) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясын;
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсетуді және жөндеуді;
7) өзге де шығыстарды (коммуналдық, байланыс, ақпараттық (жарнаманы қоспағанда) көрсетілетін қызметтер, өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтау, қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтер, өкілдік шығыстар, аудиторлық көрсетілетін қызметтер, банк қызметтері, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар, өзге де шығыстар) қамтиды.
14. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау кезіндегі шығыстардың әрбір бабы баға ұсыныстарының (кемінде үш) не Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының салалық қауымдастықтарының сараптамалық қорытындысы негізінде қалыптастырылады.
15. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету, мемлекеттік тапсырманы орындау үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталынан орташа баға пайдаланылады.
16. Қызметкерге еңбекақы төлеуге арналған шығыстар құрамында сағаттық мөлшерлемені есептеу кезінде мыналар:
1) штаттық кестеге сәйкес қызмет көрсететін қызметкерлердің лауазымдық жалақылары;
2) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған мемлекеттік тапсырманы немесе мемлекеттік тапсырысты орындайтын ғылыми қызметкерлерге "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағына сәйкес ғылыми дәрежелері үшін ғылым кандидатына, философия докторына (PhD), бейіні бойынша докторға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 17 еселенген мөлшерінде және ғылым докторына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 34 еселенген мөлшерінде мемлекеттік бюджеттен ай сайын қосымша ақы белгіленеді;
3) сауықтыруға арналған, алайда лауазымдық жалақысынан 100% (жүз пайыз) аспайтын жәрдемақы;
4) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары бойынша есептеулер ескеріледі;
5) адам сағаты құнының шекті мөлшері ресми статистикалық деректерге сәйкес республика бойынша экономикалық сыныптаманың тиісті саласындағы адам сағатының орташа құнынан аспауға тиіс.
Сауықтыруға арналған жәрдемақылар айлар бойынша пропорционал түрде бөлінеді.
17. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Экономика және қаржы департаментіне осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік тапсырманы орындау жөніндегі нәтижелер туралы есеп береді.
Зертетулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша нәтижелер туралы есеп
№ | Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің, мемлекеттік тапсырманың атауы | Зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің, мемлекеттік тапсырманың сипаттамасы | Орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
кестенің жалғасы
Республикалық бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Зерттеуге, консалтингтік көрсетілетін қызметке, мемлекеттік тапсырмаға жоспарланған жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатының сомасы (мың теңге) | Орындалу мерзімі (жоспар - факт) | Мақсаттары мен міндеттерін көрсете отырып, қажеттіліктің негіздемесі және орындылығы мен тиімділігін растау | Тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты көрсеткіштері, сапа және тиімділік көрсеткіштері | ||
__жыл | ___жыл | ___жыл | ||||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Құрылымдық бөлімшенің атауы____________________________________ Құрылымдық бөлімшенің басшысы_________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Бюджеттік бағдарламаның басшысы________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Ескертпе:
Зерттеу жүргізуге, консалтингтік қызмет көрсетуге, мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме:
1-бағанда "№" реттік нөмірі толтырылады;
2-бағанда зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің, мемлекеттік тапсырманың атауы көрсетіледі;
3-бағанда зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің, мемлекеттік тапсырманың сипаттамасы көрсетіледі;
4-бағанда зерттеуге, консалтингтік көрсетілетін қызметке, мемлекеттік тапсырмаға жауапты заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;
5-бағанда зерттеу жүргізілетін, консалтингтік қызметтер көрсетілетін, мемлекеттік тапсырма орындалатын республикалық бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы көрсетіледі;
6-бағанда зерттеу жүргізуге, консалтингтік қызмет көрсетуге, мемлекеттік тапсырманы орындауға жоспарланатын бюджет қаражатының сомасы мың теңгемен көрсетіледі;
7-бағанда атқарудың жоспарланған және нақты мерзімі көрсетіледі;
8-бағанда зерттеу жүргізудің, консалтингтік қызметтің, мемлекеттік тапсырманың мақсаттары мен міндеттерін көрсете отырып қажеттілігінің негіздемесі және орындылығы мен тиімділігін растау көрсетіледі;
9-бағанда тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты көрсеткіштері, сапа және тиімділік көрсеткіштер, іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері көрсетіледі.