Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта-қаржы департаменті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі |
М. Тілеуберді |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
________________
2021 жылғы "___"_______
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 4 қазандағы № 11-1-4/416 бұйрығымен бекітілген |
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) тікелей шығыстар – көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне тікелей байланысты шығыстар;
2) шартты-тұрақты шығыстар – қызметті жүзеге асыру, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін жағдайлар жасау жөніндегі шығыстар.
2- тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
3. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындар құрылымында көрсетілген, негіздеуші құжаттармен расталған тікелей және шартты-тұрақты шығыстар ескеріледі.
4. Тікелей шығыстар осы көрсетілетін қызметтерге тікелей байланысты шығындар жататын, қызметтерді көрсету үшін қажетті ресурстар негізге алына отырып айқындалады.
Шартты-тұрақты шығыстарды көрсетілетін қызметтер құнына қосу үшін қызметтерді орындаушының даму жоспарының көрсеткіштері негізге алынады.
5. Келесі жоспарлы кезеңге көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде қаржы нарығының валюталардың айырбастау бағамдарына әсері, инфляция коэффициенті және шарттық міндеттемелерді орындау мерзімінің ұзақтығы ескеріледі.
6. Көрсетілетін қызметтер құны осы Қағидалардың 2-қосымшасына сай көрсетілетін қызметтер құнының есебіне сәйкес айқындалады.
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындардың құрылымы
Көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шығындардың құрылымы мыналарды қамтиды:
1) тікелей шығыстар:
қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар (лауазымдық жалақы, қосымша ақылар, үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар, сыйлықақылар);
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары);
іссапар шығыстары;
көрсетілетін қызметті іске асыру үшін қосалқы мердігер ретінде тартылатын сыртқы сарапшыларды тарту бойынша шығыстар;
тікелей қызметті орындау үшін қажетті (оның ішінде конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу кезінде) полиграфиялық шығыстар (бланк өнімдерін: сауалнамаларды, бағыт парақтарын, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын көбейту, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);
конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу үшін үй-жайлар мен жабдықтарды жалға алу бойынша шығыстар;
конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу кезіндегі көлік қызметтері;
конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуге байланысты шығыстар (дәйекті және ілеспе аударма қызметтері, шақырылған сарапшылардың қаламақылары, бөтелкедегі су, бір реттік стақандар);
ақпараттық қызметтер (мерзімді, оның ішінде электрондық басылымдарға және ақпараттық жүйелерге жазылу);
аударма қызметтері (жазбаша аударма);
2) шартты-тұрақты шығыстар:
қорлар бойынша шығыстар;
әкімшілік персонал қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар (лауазымдық жалақы);
жұмыс берушiлердiң жарналары (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары);
негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы;
негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді ұстау және жөндеу;
коммуналдық шығыстар (жылу энергиясы, электр энергиясы, сумен жабдықтау, су бұру және қоқыс шығару жөніндегі шығыстар);
байланыс қызметтері (пошталық, курьерлік қызметтер, Интернет, телефон байланысы, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс қызметтері);
ақпараттық қызметтер (кабельдік теледидар);
салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мүлік салығы, көлік құралдары салығы, жер салығы);
банк қызметтері;
күзету бойынша қызметтер;
өрт қауіпсіздігі және арнайы талаптарды сақтау;
3) Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 369-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қосылған құн салығы.
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Көрсетілетін қызметтердің құнының есебі
1. Көрсетілетін қызмет құны мына формула бойынша есептеледі:
Қ = Тш + Бш + ҚҚС, мұнда:
Тш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу және жұмыс берушiлердiң жарналары бойынша шығыстарсыз тікелей шығыстар;
Бш – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, жұмыс берушiлердiң жарналарын және шартты – тұрақты шығыстарды (бұдан әрі-қызмет құнының бөлінетін бөлігі) қамтитын еңбек шығынына қарай бөлінетін шығыстар;
ҚҚС – қосылған құн салығы.
2. Қызмет құнының бөлінетін бөлігі мына формула бойынша есептеледі:
Бш = ЕШ * СМ, мұнда:
ЕШ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары;
СМ – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі.
3. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге адам-сағаттағы еңбек шығындары мына формула бойынша есептеледі:
ЕШ = А * Сағ * ЖКО, мұнда:
А – қызметті орындау айларының саны;
Сағ – бір күнгі қызметті орындау сағаттарының саны;
ЖКО – тиісті жылға арналған жұмыс уақыты балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық саны.
4. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге сағаттық мөлшерлеме мына формула бойынша есептеледі:
ЕА – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстар, жұмыс берушiлердiң жарналары;
ШТШа – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге айына келетін шартты-тұрақты шығыстар;
ЖСО – тиісті жылға арналған жұмыс уақытының балансына сәйкес жұмыс сағаттарының орташа айлық саны.
5. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге келетін шартты-тұрақты шығыстар айына мына формула бойынша есептеледі:
ШТШж – жылына қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге келетін шартты-тұрақты шығыстар.
6. Қызмет көрсетуге тікелей қатысатын бір қызметкерге келетін шартты-тұрақты шығыстар жылына мына формула бойынша есептеледі:
ШТШд – даму жоспары бойынша шартты-тұрақты шығыстар;
С – қызмет көрсетуге тікелей қатысатын қызметкерлердің саны.