"Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11-тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағынан легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 1 00 0, 7204 21 900 0) және өзгелерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0);
Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшін әкелінетін және кері әкетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан жөндеу үшін әкетілетін және кері әкелінетін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8607 19 100 1, 8607 19 100 9, 8607 19 900 9, 8607 21 1009 , 8607 21 900 9, 8607 30 000 0, 8607 99 800 0, 8607 29 000 0, 8607 12 000 0) бұрын қолданыста болған жылжымалы құрамның элементтерін қоспағанда, қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204, 7404 00, 7602 00, 7802 00 000 0), сондай-ақ пайдаланылған қорғасын аккумуляторларын, аккумулятордың қалдықтары мен сынықтарын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 8548 10 100 0, 8548 10 210 0, 8548 10 290 0, 8548 10 910 0), сондай-ақ бұрын қолдануда болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемдері мен жылжымалы құрамның элементтерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7302, 7303, 7304, 7305, 7306, 8607) автокөлікпен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын.
2. Осы бұйрықтың 1-тармағының үшінші абзацында көрсетілген тауарлар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бес жұмыс күні бұрын, бірақ тауарларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізудің болжамды күніне дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне жылжымалы құрамның элементтеріне жөндеу жүргізуге арналған шарттарды (келісімшарттарды), тауарларға арналған декларацияны (қажет болған жағдайда), сондай-ақ көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындалған жұмыстардың актісін ұсынады. Құжаттарды ұсыну тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пунктінің атауы мен күнін көрсете отырып беріледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан осы бұйрықтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, тауар, күні және тауарларды өткізу жоспарланып отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункті туралы хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустриялық даму комитетіне, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шеқара қызметімен бірлесіп осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл тәртібін айқындасын.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйымды енгізу туралы Евразиялық экономикалық комиссияны хабардар етуді қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі