Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 500 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қазанда № 24666 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 661 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5106 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесіне:

      2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының оқу орындарында шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің және қандастардың білім алуы үшін қол жетімділігін кеңейту";

      4-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) негізгі және даярлық факультеттерінде білім алушылар, докторанттар, шетелдік педагог және ғылыми қызметкерлер 10-нан кем емес шетелдіктер (шетелдегі қазақ диаспорасының, қандастардың және ТМД азаматтарының өкілдерін қоса алғанда) құралғанда".

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6573 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесінде:

      4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілі шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өз баласын білім беру ұйымдарына оқуға берген кезінде Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:

      шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

      азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

      босқын - босқынның куәлігі;

      паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;

      қандас - қандас куәлігі немесе көші-қон органдарының анықтамасы.

      Аталған талаптар Консулдық қатынастар туралы және Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес елшіліктер мен консулдықтардың қызметкерлеріне қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалар төлқұжат көшірмесін көрсетуі қажет.

      5. Білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған тұлғалардың балаларын қабылдау кезінде, аталған балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды талап етеді.

      Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері құжаттарды ұсынудан бас тартуы кезінде, білім беру ұйымдарының басшылары тез арада ішкі істер органдарын хабардар етеді.".

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2021 жылғы 5 қазандағы
№ 500 бұйрығына
қосымша
  Білім беру ұйымдары
жүзеге асыратын халықаралық
ынтымақтастықты ұйымдастыру
ережесіне
2-қосымша


___________________________________________ _______жылғы (білім беру ұйымының атауы)

халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі туралы мәліметтер

      1. Мекен жайы, орналасқан жері (корпус, бөлмесі) көрсетілген сыртқы байланыстар бойынша жұмыстарды тікелей жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының ішкі құрылымдық бөлімшелерінің тізбегі.

      2. Халықаралық ынтымақтастықты іске асыруға жауапты лауазымды тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және жұмыс және үй телефоны көрсетілген тізім.

      3. Шетелдіктер (шетелдік қазақ диаспорасы, қандастар және ТМД азаматтары өкілдері қосқанда) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, болатын елі, болу бағыты, мамандығы, курсы, тұратын жері оқуы (жұмысы, зерттеу жүргізу), аяқталатын болжамды күні көрсетілген тізімі.

      4. Білім беру ұйымынан шетелге оқуға, жұмысқа, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге жіберілген Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы, Қазақстанда тұратын жері және шетелде уақытша тұратын жері, мақсаты, мерзімі, шетелдік іссапарының орны, Қазақстан Республикасына қайтып келетін күні көрсетілген тізім.

      5. Халықаралық ынтымақтастық бойынша білім беру ұйымдарының жылдық жұмыс жоспарының көшірмесі.

      6. Шетелдік заңды және жеке тұлғалармен жасалған ынтымақтастық келісім-шарттарының, келісімдерінің, шарттарының, жұмыс бағдарламаларының көшірмелері.

      7. Шетелдік заңды және жеке тұлғалармен жасалған ынтымақтастық келісім-шарттарының, келісімдерін, шарттарын, жұмыс бағдарламаларын іске асыру туралы қысқаша мәліметтер.

      8. Халықаралық ғылыми, ғылыми-практикалық және ғылыми-әдістемелік конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатысуы туралы қысқаша ақпарат.

      9. Шетелдіктермен жинақталған топтар, тілдік даярлықты ұйымдастыру, үлгерімі нашарлармен жұмыс, шетелдіктерді оқытумен айналысатын оқытушылардың біліктілігін көтеру жүйесін ұйымдастыру, шетелдіктердің білім алушылармен және педагог және ғылыми қызметкерлерімен жеке жоспарларды орындау туралы, шетелдіктердің болашақтағы еңбек қызметінің ерекшеліктерін есепке алатын арнайы курстар, арнайы семинарлар тізімі, шетелдіктер - білім алушылар үшін педагог және ғылыми қызметкерлермен дайындалған оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулықтар тізімін қоса қарастыру принципімен оқу үдерісін, әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру туралы қысқаша ақпарат.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства образования и науки Республики Казахстан

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 5 октября 2021 года № 500. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 октября 2021 года № 24666

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 661 "Об утверждении Правил организации международного сотрудничества, осуществляемого организациями образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5106) следующие изменения:

      в Правилах организации международного сотрудничества, осуществляемого организациями образования, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 7 пункта 2 изложить в новой редакции:

      "7) расширение доступа представителей зарубежной казахской диаспоры и кандасов к получению образования в учебных заведениях Республики Казахстан";

      подпункт 1 пункта 4 изложить в новой редакции:

      "1. не менее 10 иностранцев (включая представителей зарубежной казахской диаспоры, кандасов и граждан СНГ), обучающихся по основным и подготовительным программам, докторантов, зарубежных педагогов и научных работников".

      Приложение 2 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 сентября 2010 года № 468 "Об утверждении Правил получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6573) следующее изменение:

      в Правилах получения предшкольного, начального, основного среднего и общего среднего образования иностранцами и лицами без гражданства, постоянно проживающими в Республике Казахстан, утвержденных указанным приказом:

      пункты 4 и 5 изложить в новой редакции:

      "4. Родитель или иные законные представители лица до 16 лет иностранцев и лиц без гражданства при определении своего ребенка в организацию образования представляют документ на право постоянного проживания в Республике Казахстан:

      иностранец - вид на жительства иностранца в Республике Казахстан;

      лицо без гражданства - удостоверение лица без гражданства;

      беженец – удостоверение беженца;

      лицо, ищущее убежище - свидетельство лица, ищущего убежище;

      кандас - удостоверение кандаса или справку органов миграции.

      Данное требование не распространяется на сотрудников посольств и консульств, в соответствии с Венской конвенцией о консульских сношениях и Венской конвенцией о дипломатических сношениях.

      Лица, временно проживающие в Республике Казахстан представляют копию паспорта.

      5. Руководители организаций образования при приеме на обучение детей лиц, не являющихся гражданами Республики Казахстан, истребуют от родителей указанных детей или иных законных представителей документы, указанные в пункте 4 настоящих Правил.

      В случае отказа родителей или иных законных представителей детей от представления документов, руководители организации образования незамедлительно информируют органы внутренних дел.".

      3. Департаменту международного содрудничества Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
А. Аймагамбетов

  Приложение к приказу
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 5 октября 2021 года № 500
  Приложение 2
к Правилам организации
международного сотрудничества,
осуществляемого организациями
образования

Сведения о результатах международного сотрудничества
__________________________________________________ за _____ год
(наименование организации образования)

      1. Перечень внутренних подразделений организации образования, непосредственно осуществляющих работу по внешним связям с указанием адреса, месторасположения (корпус, комната).

      2. Список должностных лиц, ответственных за реализацию международного сотрудничества с указанием фамилии, имени и отчества (при его наличии) и номеров рабочего и домашнего телефонов.

      3. Список иностранцев (включая представителей зарубежной казахской диаспоры, кандасов и граждан СНГ) с указанием фамилии, имени и отчества (при его наличии), года рождения, страны прибытия, линии прибытия, специальности, курса, места проживания, предполагаемой даты завершения обучения (работы, проведения исследования) и выезда из Республики Казахстан.

      4. Список граждан Республики Казахстан, направленных из организации образования за рубеж на обучение, работу, проведение научного исследования с указанием фамилии, имени и отчества (при его наличии), даты рождения, места жительства в Казахстане и временного места жительства за рубежом, целей, сроков, места заграничные командировки, даты возвращения в Республику Казахстан.

      5. Копия годового плана работы организации образования по международному сотрудничеству.

      6. Копии контрактов, соглашений, договоров, рабочих программ сотрудничества с зарубежными юридическими и физическими лицами.

      7. Краткие сведения о реализации контрактов, соглашений, договоров, рабочих программ сотрудничества с зарубежными юридическими и физическими лицами.

      8. Краткая информация об участии сотрудников организации образования в международных научных, научно-практических и научно-методических конференциях, симпозиумах, семинарах.

      9. Краткая информация об организации учебного процесса, методической, научно-исследовательской и воспитательной работы с иностранцами, включая принцип комплектования групп, об организации языковой подготовки, работы со слабоуспевающими, об организации системы повышения квалификации преподавателей, работающих с иностранными обучающимися, о выполнении индивидуальных планов обучающимися и педагогами и научными работниками - гражданами зарубежных стран; перечень специальных курсов, специальных семинаров, учитывающих особенности будущей трудовой деятельности иностранцев, перечень учебников, учебных пособий, методических указаний, подготовленных педагогов и научными работниками для обучающихся - иностранцев, количество и тематика публикаций с участием иностранцев и др.