"Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 4 қазандағы № 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 8 қазанда № 24671 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары бекітілсін.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аккредиттеу органына қойылатын талаптармен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы Ш. Каринова

  вице-министр
2021 жылғы 4 қазандағы
№ 499 Бұйрыққа
1-қосымша

Аккредиттеу органына қойылатын талаптар

      1. Заңды тұлға мәртебесінің болуы;

      2. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кіру: Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімі (The European Quality Assurance Register) немесе Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастыққа (European Association for Quality Assurance in Higher Education) толық мүшелік.

      3. Білім беру ұйымдарын, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу міндеттерін орындау үшін жеткілікті материалдық ресурстардың болуы (үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) пайдаланушыға аккредиттеу туралы қажетті ақпарат орналастырылған ақпараттық жүйенің (сайт) болуы; ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD дәрежесі бар кем дегенде 3 штаттық қызметкердің болуы; жыл сайын сапаны қамтамасыз ету саласында біліктілікті арттыру.

      4. Қазақстандық аккредиттеу органдары үшін сараптамалық комиссияның құрамында кемінде бір шетелдік сарапшы, ал шетелдік аккредиттеу органдары үшін ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, бейіні бойынша доктор (РhD) немесе доктор дәрежелері бар және (немесе) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу саласында не аккредиттелетін білім беру ұйымы мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі бар кәсіптік қоғамдастықтың өкілдері болып табылатын кемінде бір қазақстандық сарапшы, білім алушылар қатарынан өкілдің болуы;

      5. Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 2-4) тармақшасына сәйкес, аккредиттеу рәсімдеріне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) болуы.

      6. Білім беру саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленген ұйымның даму бағдарламасының және (немесе) стратегиясының болуы.

      7. Аккредиттеу органының ақпараттық жүйесінде (сайтында) және білім берудің Бірыңғай ақпараттық жүйесінде білім беру ұйымын және (немесе) білім бағдарламасын аккредиттеу туралы жарияланған ақпарат (аккредитация туралы куәлік, сыртқы аудит бойынша есептер), соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдай, шектеу шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде қабылданатын аккредиттеуді ауыстыру және мерзімін созу туралы шешімдер (шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей), ұйым қызметінің негізгі нәтижелері бойынша жарияланған жыл сайынғы аналитикалық ақпарат болуы.

  вице-министр
2021 жылғы 4 қазандағы
№ 499 Бұйрыққа
2-қосымша

Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (бұдан әрі – 1-Тізілім) – білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;

      2) Аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізілімі (бұдан әрі – 2-Тізілім) – аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізбесі;

      3) Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі – 3-Тізілім) – аккредиттелген білім беру бағдарламаларының (мамандықтардың) тізбесі;

      4) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;

      5) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;

      6) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі;

      7) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгіленген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;

      8) мамандандырылған аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

      9) уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы.

2-бөлім. Аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібі

      3. Аккредиттеу органы, оның ішінде шетелдік Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптарға оның сәйкестігін растау үшін уәкілетті органға тану үшін қағаз және/немесе электронды түрде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтай құжаттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері. Құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы талап етіледі;

      3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгендігін растайтын құжат немесе Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізіліміне (The European Quality Assurance Register) енгендігін немесе Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастыққа (European Association for Quality Assurance in Higher Education) толық мүшелігі көрсетілген сайтқа сілтеме;

      4) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 3-тармағында көрсетілген материалдық ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;

      5) ғылым кандидаты немесе ғылым докторы, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі, институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу саласында немесе аккредиттелетін білім беру ұйымының мамандарды даярлау бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі туралы ақпарат қамтылған аккредиттеу рәсіміне тартылатын сарапшылардың тізімі;

      6) аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органын аккредиттеу стандарттары (регламенттері);

      7) аккредиттеу органының даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы.

      4. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес уәкілетті органға ұсынылатын құжаттарға аккредиттеу органының уәкілетті тұлғасы қол қояды.

      Уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес аккредиттеу органы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Аккредиттеу органы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды қабылдайды.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде қарастырылған ретте қайтарылады.

      6. Уәкілетті орган аккредиттеу органының тану үшін ұсынылған құжаттарын уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдерінен, шетелдік және қазақстандық сарапшылар, педагогтар қатарынан қалыптастырылатын Уәкілетті органның кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) қарауына береді. Кеңестің сандық құрамы кем дегенде 9 мүшеден тұрады. Кеңестің құрамы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі – Кеңестің қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы болып табылады.

      Аккредиттеу органының құжаттары Кеңес мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан Кеңес отырысында қаралады.

      Кеңес отырысына қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда ғана Кеңестің шешімдері қабылданды деп есептеледі. Кеңес шешімінің хаттамасын Кеңес төрағасы мен хатшысы рәсімдейді және қол қояды.

      7. Кеңестің жұмыс органы топ 200 ARWU (АРВУ), топ 300 THE (ЗЭ), топ 300 QS (КЬЮЭС), U.S.News and World Report (Ю.ЭС Ньюс энд Ворлд Репорт) (GlobalScore (Глобал Скор) көрсеткіші 65-тен кем емес) академиялық рейтингтерінің біріне кіретін кемінде екі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын аккредиттеген аккредиттеу органының сәйкестігін растау үшін қарайтын және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес автоматты түрде тану және 1-Тізілімге енгізу туралы шешімді қабылдайтын Кеңеске ұсыныс енгізеді.

      8. Аккредиттеу органын тану үшін құжаттарды қарау мерзімі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күнінен бастап отыз жұмыс күнін құрайды.

      9. Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 1-7 тармақтарының сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша Кеңес: 1) аккредиттеу органын тану туралы; 2) аккредиттеу органын танудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      10. Уәкілетті орган Кеңестің шешімі негізінде аккредиттеу органын тану туралы бұйрық шығарады және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бес жыл мерзімге 1-Тізілімге енгізеді.

      Аккредиттеу органы өз қызметінің негізгі нәтижелері бойынша Кеңес отырысында жыл сайын есеп береді.

      11. Аккредиттеу органының тану мерзімін ұзарту үшін аккредиттеу органы тану мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік алпыс күн бұрын уәкілетті органға осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады және осы Қағидалардың 8-тармағында белгіленген мерзімдерде қаралады.

      Аккредиттеу органын тану мерзімдерін ұзарту үшін құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Кеңес аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту туралы немесе тану мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Аккредиттеу органын тану мерзімін ұзарту уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

      12. Аккредиттеу органы қайта ұйымдастырылған жағдайда уәкілетті орган аккредиттеу органы өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-Тізілімге тиісті өзгерістер енгізеді.

      13. Аккредиттеу органын тану мынадай жағдайларда 1-Тізілімнен шығарылады:

      1) аккредиттеу органы өз еркімен қызметін тоқтату туралы өтініш берген немесе аккредиттеу органы таратылған;

      2) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімінен және (немесе) қауымдастығынан: Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімінен (The European Quality Assurance Register) немесе Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық қауымдастыққа (European Association for Quality Assurance in Higher Education) толық мүшелігінен шығарылған;

      3) Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 6, 7-тармақтарының және Кеңес шешімдерінің орындалмаған;

      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өткен кезеңдегі аккредиттеу органының қызметі туралы жыл сайынғы есепте білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу нәтижелері бойынша уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі немесе бұрмаланғандығы анықталған;

      5) білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің тиімді жұмыс істемеуі немесе болмау фактісі анықталған, екі немесе одан да көп білім беру ұйымдарының білім беру қызметін жүргізуге арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды тоқтата тұру және одан айыру туралы шешім қабылданған;

      6) аккредиттелген білім беру ұйымымен үлестестік фактісі анықталған жағдайларда кері қайтарып алынады.

      14. Аккредиттеу органын 1-Тізілімнен шығару Кеңестің шешімі негізінде шығарылатын уәкілетті органның бұйрығымен жүргізіледі.

  Қағидаларға
1-қосымша

      Нысан

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігіне
___________________________
(білім беру саласындағы
уәкілетті орган)
___________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
___________________________
(мекен жайы, БСН)

Өтініш ________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы)

      аккредиттеу органы ретінде тануды (растауды) және аккредиттеу органдарының 1-Тізіліміне енгізуді сұраймын.

      Заңды тұлғаның мекен-жайы ______________________________

      Электрондық поштасы ____________________________________

      Телефондары ____________________________________________

      Факс ___________________________________________________

      Басшы __________________________________________________

      (мөр орны) (Қолтаңба) (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      "____" _____________ 20__ж.

      (Толтырған мерзімі)

  Қағидаларға
2-қосымша

      Нысан

Аккредиттеу органдарының тізілімі (1-Тізілім)

Аккредиттеу органының атауы

Аккредиттеу органының деректемелері мен байланыстары

Аккредиттеу органын тану туралы бұйрықтың берілген күні мен нөмірі

Аккредиттеу органын танудың қолданыс мерзімі

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толыққанды мүшесі болуы, кіру мерзімінің басталуы / ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімінен және (немесе) қауымдастығына енгізілуі туралы ақпарат







  Қағидаларға
3-қосымша

      Нысан

Аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізілімі (2-Тізілім)

Білім беру ұйымы

Аккредиттелген білім беру ұйымының деректемелері

Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі





  Қағидаларға
4-қосымша

      Нысан

Аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-Тізілім)

Білім беру ұйымының атауы, деректемелері

Білім беру бағдарламасының атауы

Аккредиттеудің әрекет ету мерзімі





  Қағидаларға
5-қосымша

*___________________________________________________ (ұйымның атауы) _______________ кезеңдегі қызметі туралы есебі

      1) Аккредиттеу органының толық атауы, орналасқан жері, заңды мекен жайы, құрылымы, қызметкерлер штаты;

      2) Аккредиттелген білім беру ұйымдарының, білім беру бағдарламаларының атаулары, аккредиттеудің өткізілу мерзімі, аккредиттеу стандарттарына (регламенттерге) сәйкестігі, ұсынымдар;

      3) Аккредиттеу органының білім беру ұйымдарына немесе олардың білім беру бағдарламаларына сырттай аудит жүргізілгендігі туралы есеп берілген интернет-ресурстарға сілтемелер.

      4) Аккредиттеу органының Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптарды орындауын талдау үшін мәліметтер.

      * Есеп аккредиттеу органымен жыл сайын уәкілетті органға жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде ұсынылады және Кеңес отырысында тыңдалады.

      Уәкілетті орган бес жылда бір рет аккредиттеу органы қызметінің нәтижелеріне сырттай бағалау жүргізеді.

О внесении изменении в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2016 года № 629 "Об утверждении Правил признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных, и формирования реестров признанных аккредитационных органов, аккредитованных организаций образования и образовательных программ"

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 октября 2021 года № 499. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 октября 2021 года № 24671

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2016 года № 629 "Об утверждении Правил признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных, и формирования реестров признанных аккредитационных органов, аккредитованных организаций образования и образовательных программ" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14438) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении требований, предъявляемые к аккредитационному органу и правил признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить:

      1) требования, предъявляемые к аккредитационному органу согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) правила признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных согласно приложению 2 к настоящему приказу.";

      дополнить требованиями, предъявляемыми к аккредитационному органу, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      Правила признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных, и формирования реестров признанных аккредитационных органов, аккредитованных организаций образования и образовательных программ, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      2. Комитету по обеспечению качества в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра образования и науки Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий
обязанности министра
Ш. Каринова

  Приложение 1
к приказу вице-министра
от 4 октября 2021 года № 499

Требования, предъявляемые к аккредитационному органу

      1. Иметь статус юридического лица.

      2. Входить в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов Организации экономического сотрудничества и развития (далее – ОЭСР): Европейский реестр обеспечения качества в высшем образовании (The European Quality Assurance Register) или полное членство в Европейской ассоциации обеспечения качества высшего образования (European Association for Quality Assurance in Higher Education).

      3. Обладать ресурсами, необходимыми для исполнения обязательств по аккредитации организаций образования, образовательных программ (наличие информационной системы (сайта), где представлена необходимая информация по аккредитации для пользователей на трех языках (казахский, русский и английский); не менее 3 штатных работников на полную ставку, имеющих ученую степень доктора наук, кандидата наук и (или) степень доктора PhD; ежегодное повышение квалификации в области обеспечения качества).

      4. Иметь в составе экспертной комиссии для казахстанских аккредитационных органов не менее одного зарубежного эксперта, а для зарубежных аккредитационных органов не менее одного казахстанского эксперта, имеющих степени кандидата наук или доктора наук, доктора РhD или доктора по профилю и (или) являющихся представителями профессионального сообщества с опытом работы в сфере институциональной и специализированой аккредитации либо по профилю подготовки специалистов аккредитуемой организацией образования, представители из числа обучающихся.

      5. Иметь стандарты (регламенты) аккредитации, устанавливающие требования к процедурам аккредитации в соответствии с подпунктом 2-4) статьи 1 Закона Республики Казахстан "Об образовании".

      6. Иметь программу развития и (или) стратегию организации, разработанную с учетом стратегических и программных документов в сфере образования.

      7. Иметь в информационной системе (сайте) аккредитационного органа и в Единой информационной системе образования опубликованную информацию (свидетельство об аккредитации, отчеты о внешнем аудите) об аккредитации организации образования и (или) образовательной программы, в том числе решения о переносе и продлении сроков аккредитации принимаемые в период чрезвычайного положения природного, техногенного характера, ограничительных мероприятий, в том числе карантина на территории Республики Казахстан (не позднее тридцати рабочих дней со дня принятия решения), опубликованную ежегодную аналитическую информацию по основным результатам деятельности организации.

  Приложение 2
к приказу вице-министра
от 4 октября 2021 года № 499

Правила признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее – Закон) и определяет порядок признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) Реестр признанных аккредитационных органов (далее – Реестр 1) – сформированный уполномоченным органом в области образования перечень национальных и зарубежных аккредитационных органов, включенных в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов ОЭСР;

      2) Реестр аккредитованных организаций образования (далее – Реестр 2) – перечень аккредитованных организаций образования;

      3) Реестр аккредитованных образовательных программ (далее – Реестр 3) – перечень аккредитованных образовательных программ (специальность);

      4) аккредитационный орган – юридическое лицо, которое проводит институциональную и (или) специализированную аккредитации организаций образования на основе разработанных им стандартов (регламентов);

      5) стандарты (регламенты) аккредитации – документы аккредитационного органа, устанавливающие требования к процедуре аккредитации;

      6) аккредитация организаций образования – процедура признания аккредитационным органом соответствия образовательных услуг установленным стандартам (регламентам) аккредитации с целью предоставления объективной информации об их качестве и подтверждения наличия эффективных механизмов его повышения;

      7) институциональная аккредитация – процесс оценивания качества организации образования аккредитационным органом на соответствие заявленному статусу и установленным стандартам аккредитационного органа;

      8) специализированная аккредитация – оценка качества отдельных образовательных программ, реализуемых организацией образования;

      9) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган Республики Казахстан, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в области образования.

Глава 2. Порядок признания аккредитационных органов, в том числе зарубежных

      3. Аккредитационный орган, в том числе зарубежный в подтверждение его соответствия требованиям, предъявляемым к аккредитационному органу, утвержденным в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона, представляет для признания в уполномоченный орган следующие документы в бумажной и/или электронной формах:

      1) заявление, по форме согласно приложению 1 к Правилам;

      2) нотариально заверенные копии учредительных документов. При представлении документов на иностранных языках, требуется их нотариально заверенный перевод на казахский или русский языки;

      3) документ, подтверждающий включение аккредитационного органа в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов ОЭСР или ссылка на сайт, на котором представлен аккредитационный орган, включенный в Европейский реестр по обеспечению качества в высшем образовании (The European Quality Assurance Register) или имеющий полное членство в Европейской ассоциации по обеспечению качества высшего образования (European Association for Quality Assurance in Higher Education);

      4) документы, подтверждающие наличие имеющихся ресурсов, указанных в пункте 3 Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона;

      5) список экспертов, привлекаемых к процедуре аккредитации с содержанием информации о степени кандидата наук или доктора наук, доктора PhD или доктора по профилю, опыта работы в сфере институциональной и специализированной аккредитации либо по профилю подготовки специалистов аккредитуемой организации образования;

      6) стандарты (регламенты) аккредитации аккредитационного органа, устанавливающие требования к процедуре аккредитации;

      7) программа развития и (или) стратегия аккредитационного органа.

      4. Документы, представляемые уполномоченному органу согласно пункту 3 настоящих Правил, подписываются законным представителем аккредитационного органа.

      Уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней проверяет полноту представленных документов аккредитационного органа согласно пункту 3 настоящих Правил.

      При представлении аккредитационным органом полного пакета документов уполномоченный орган принимает документы.

      5. В случае неполноты документов, указанные в пункте 3 настоящих Правил, уполномоченный орган возвращает документы в порядке, предусмотренном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

      6. Документы аккредитационного органа, представленные для признания передаются на рассмотрение совета уполномоченного органа, формируемого из числа представителей уполномоченного органа, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен", общественных объединений, объединения юридических лиц, зарубежных и казахстанских экспертов, педагогов (далее – Совет). Количественный состав Совета включает не менее 9 членов. Состав Совета утверждается приказом руководителя уполномоченного органа.

      Структурное подразделение уполномоченного органа является Рабочим органом, обеспечивающим деятельность Совета.

      Документы аккредитационного органа рассматриваются на заседании Совета, в котором присутствуют не менее двух третей его членов.

      Решения Совета считаются принятыми, если за них проголосовало большинство присутствующих на заседании Совета. Протокол решения Совета оформляется и подписывается председателем и секретарем Совета.

      7. Рабочий орган Совета в подтверждении соответствия аккредитационного органа, аккредитовавшего образовательные программы как минимум у двух организаций высшего и (или) послевузовского образования, входящих в один из академических рейтингов – топ 200 ARWU (Academic Ranking of World Universities), топ 300 THE (Times Higher Education), топ 300 QS World University Rankings, U.S. News and World Report (показатель зарубежного аккредитационного органа, Global Score от 65), вносит представление в Совет, который рассматривает и принимает решение об автоматическом признании и включении в Реестр 1 согласно Приложению 2 к Правилам.

      8. Срок рассмотрения документов для признания аккредитационного органа составляет тридцать рабочих дней со дня принятия документов, указанные в пункте 3 настоящих Правил.

      9. По результатам рассмотрения документов на соответствие пунктов 1-7 Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона, Совет принимает решение: 1) о признании аккредитационного органа; 2) об отказе в признании аккредитационного органа.

      10. Уполномоченный орган на основании решения Совета о признании аккредитационного органа издает приказ о признании аккредитационного органа и включает в Реестр 1 согласно Приложению 2 к Правилам сроком на пять лет.

      Аккредитационный орган отчитывается по основным результатам его деятельности на заседании Совета ежегодно.

      11. Для продления срока признания аккредитационным органом за шестьдесят календарных дней до истечения срока признания в уполномоченный орган предоставляются документы, предусмотренные пунктом 3 настоящих Правил, и рассматриваются в сроки, установленные пунктом 8 настоящих Правил.

      По результатам рассмотрения документов для продления сроков признания аккредитационного органа, Совет принимает решение о продлении срока признания аккредитационного органа, либо об отказе в продлении срока признания.

      Продление срока признания аккредитационного органа утверждается приказом уполномоченного органа.

      12. При реорганизации аккредитационного органа уполномоченный орган в течение пятнадцати рабочих дней со дня обращения аккредитационного органа вносит соответствующие изменения в Реестр 1 согласно Приложению 2 к Правилам.

      13. Аккредитационный орган исключается из Реестра 1 в случаях:

      1) представления заявления о добровольном прекращении деятельности или ликвидации аккредитационного органа;

      2) исключения аккредитационного органа из реестров и (или) ассоциации аккредитационных органов ОЭСР: Европейского реестра обеспечения качества в высшем образовании (The European Quality Assurance Register) или полного членства в Европейской ассоциации обеспечения качества высшего образования (European Association for Quality Assurance in Higher Education);

      3) невыполнения пунктов 6, 7 Требований, предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона, и решений Совета;

      4) обнаружения недостоверных или искаженных данных, представленных в уполномоченный орган по результатам аккредитации организаций образования и образовательных программ, в ежегодном отчете о деятельности аккредитационного органа за прошедший период согласно приложению 5 к настоящим Правилам;

      5) выявления факта отсутствия или неэффективного функционирования в организации образования системы внутреннего обеспечения качества, приостановления и (или) лишения лицензии на ведение образовательной деятельности и (или) приложений к лицензии в двух и более организациях образования, аккредитованных аккредитационным органом;

      6) установления фактов аффилированности аккредитационного агентства с аккредитованной организацией образования.

      14. Исключение из Реестра 1 аккредитационного органа производится приказом уполномоченного органа, изданного на основании решения Совета.

  Приложение 1
к Правилам
  Форма
  в Министерство образования
и науки
Республики Казахстан
(Уполномоченный орган
в сфере образования)
от ______________________
(полное наименование
заявителя)
_________________________
(местонахождение, БИН)

Заявление

      Прошу признать (подтвердить) в качестве аккредитационного органа
_______________________________________________________________________
(наименование юридического лица)
и внести в Реестр 1 аккредитационных органов.
Адрес юридического лица ________________________________________________
Электронная почта ______________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________________
Факс __________________________________________________________________
Руководитель _______________________________________________________
(место печати) (Подпись) (Фамилия, Имя, Отчество (при его наличии))
"____" _____________ 20__г.
(Дата заполнения)

  Приложение 2
к Правилам
  Форма

Реестр аккредитационных органов (Реестр 1)

Наименование аккредитационного органа

Реквизиты и контакты аккредитационного органа

Дата и номер приказа о признании аккредитационного органа

Срок действия признания аккредитационного органа

Полноправное членство в международных европейских сетях по обеспечению качества образования, с указанием начала срока вхождения /данные о включении в реестры и (или) ассоциации аккредитационных органов государств-членов ОЭСР:







  Приложение 3
к Правилам
  Форма

Реестр аккредитованных организаций образования (Реестр 2)

Организация образования

Реквизиты аккредитованной организации образования

Сроки действия аккредитации





  Приложение 4
к Правилам
  Форма

Реестр аккредитованных образовательных программ (Реестр 3)

Наименование организации образования, реквизиты

Наименование образовательной программы

Сроки действия аккредитации





  Приложение 5
к Правилам

*Отчет о деятельности за период
________________________ ___________________________________________________
(наименование аккредитационного органа)

      1) Полное наименование аккредитационного органа,

      местонахождение, юридический адрес, структура и штат сотрудников.

      2) Наименование аккредитованной организации образования,

      аккредитованных образовательных программ, сроки проведения

      аккредитации, соответствие стандартам (регламентам) аккредитации,

      рекомендации.

      3) Ссылки на интернет-ресурс аккредитационного органа, где

      представлены отчеты о внешнем аудите организаций образования или их

      образовательных программ.

      4) Сведения для анализа выполнения аккредитационным органом Требований предъявляемых к аккредитационному органу, утвержденных в соответствии с подпунктом 10) статьи 5 Закона

      * Отчет ежегодно представляется аккредитационным органом в срок до 15 июля года, следующего за отчетным, в уполномоченный орган и заслушивается на заседании Совета.

      Уполномоченный орган один раз в пять лет проводит внешнюю оценку результатов деятельности аккредитационного органа.