"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 11 қарашадағы № 328 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қарашада № 25120 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

      1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі туралы, мың теңге:

      1) суарылмайтын егістікке:

      50-ге дейін – 1 балл;

      50-ден 70-ке дейін – 5 балл;

      70-тен 90-ға дейін – 10 балл;

      90-нан 110-ға дейін – 15 балл;

      110-нан жоғары – 20 балл;

      2) суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):

      200-ге дейін – 1 балл;

      200-ден 300-ге дейін – 5 балл;

      300-ден 400-ге дейін – 10 балл;

      400-ден 500-ге дейін – 15 балл;

      500-ден жоғары – 20 балл;

      3) жайылымдық және шабындық алқаптарға:

      5-ке дейін – 1 балл;

      5-тен 10-ға дейін – 5 балл;

      10-нан 20-ға дейін – 10 балл;

      20-дан 30-ға дейін – 15 балл;

      30-дан жоғары – 20 балл.

      Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменения в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 декабря 2018 года № 518 "Об утверждении Правил организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства"

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 ноября 2021 года № 328. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 ноября 2021 года № 25120

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 20 декабря 2018 года № 518 "Об утверждении Правил организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18048) следующее изменение:

      в Правилах организации и проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства, утвержденных указанным приказом:

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Баллы присваиваются по следующим критериям обязательств:

      о прогнозном объеме вкладываемых инвестиций на 1 гектар, тысяч тенге:

      1) на неорошаемую пашню:

      до 50 – 1 балл;

      от 50 до 70 – 5 баллов;

      от 70 до 90 – 10 баллов;

      от 90 до 110 – 15 баллов;

      свыше 110 – 20 баллов;

      2) на орошаемую пашню (поливные земли):

      до 200 – 1 балл;

      от 200 до 300 – 5 баллов;

      от 300 до 400 – 10 баллов;

      от 400 до 500 – 15 баллов;

      свыше 500 – 20 баллов;

      3) на пастбищные и сенокосные угодья:

      до 5 – 1 балл;

      от 5 до 10 – 5 баллов;

      от 10 до 20 – 10 баллов;

      от 20 до 30 – 15 баллов;

      свыше 30 – 20 баллов.

      Лицам, проживающим в данном районе, городе, селе, поселке не менее 5 лет, предоставляется преимущество в виде присвоения дополнительных 10 баллов к их конкурсным предложениям.".

      2. Комитету по управлению земельными ресурсами Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

      Исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Сапаров

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан