Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1215 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 қарашада № 25413 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 24 қарашадағы
№ 1215 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу саласындағы тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімі қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Заңның 10-бабының және Заңның 13-бабы 6) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы электрондық түрде қалыптастырылады.

      3. Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімінде қамтылған мәліметтер веб-порталда орналастырылады және төлемақы алынбай, мүдделі тұлғалардың танысуы үшін қолжетімді болады.

      4. Осы Қағидалармен реттелмеген құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес реттеледі.

      5. Қорды және Қор ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласындағы тізілім – сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі болып табылады.

2-тарау. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және оны жүргізу тәртібі

      6. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі өзімен мыналардың:

      1) жеңімпаз деп айқындалған, бірақ шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім берушілердің;

      2) біліктілік талаптары және (немесе) тендерлік баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат ұсынған әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің;

      3) олармен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушінің шарт жасасудан жалтарған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке (бұдан әрі – орталықтандырылған қызмет) жібереді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы бұзушылық фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, сотқа осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен жүгінеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, тапсырыс беруші өнім берушінің шартты бұзу фактісі туралы өзіне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей, өнім беруші тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеген және ол шарттық міндеттемелерді толық орындаған жағдайларды қоспағанда, сотқа осындай өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен жүгінеді.

      7. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі мыналар:

      Заңның 10-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда орталықтандырылған қызметтің шешімі;

      Заңның 10-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда заңды күшіне енген сот шешімі негізінде қалыптастырылады.

      8. Егер жеңімпаз деп танылған әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімдерде веб-портал арқылы шартқа қол қоймаса, мұндай әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы қабылданатын орталықтандырылған қызметтің шешімімен сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

      9. Әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімдерде қағаз тасығышта сатып алу туралы шартқа қол қоюдан жалтарған не өнім беруші шарт жасасудан жалтарған кезде, тапсырыс беруші шарт жасасудан жалтарған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы орталықтандырылған қызметке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осындай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде ұсынады.

      10. Шарт жасасудан жалтарған әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы қабылданатын орталықтандырылған қызметтің шешімімен сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізіледі.

      11. Тапсырыс берушілер әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімін (бұдан әрі – Сот шешімі) алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орталықтандырылған қызметке веб-портал арқылы Сот шешімінің электрондық көшірмесін, сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осындай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде ұсынады.

      12. Тапсырыс берушіге Сот шешімі қағаз жеткізгіште келіп түскен кезде тапсырыс берушілер осы Сот шешімін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы орталықтандырылған қызметке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот шешімінің көшірмесін және осындай әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы мәліметтерді электрондық түрде ұсынады.

      13. Орталықтандырылған қызмет тапсырыс беруші веб-портал арқылы сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және мұндай мәліметтерді сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізеді.

      14. Орталықтандырылған қызметке сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін толық емес және (немесе) дұрыс емес (қате) мәліметтер ұсынылған кезде орталықтандырылған қызмет 3 (үш) жұмыс күні ішінде тапсырыс берушіге веб-портал арқылы 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтерді қайта ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      15. Орталықтандырылған қызмет тапсырыс беруші ұсынған мәліметтерді қарау кезінде оның толтырылуының толықтығы мен дұрыстығын тексеруде форматтық-логикалық бақылауды жүзеге асырады.

      16. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін жүргізу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      17. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне мәліметтерді енгізген кезде:

      1) жосықсыз әлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші туралы ақпарат:

      әлеуетті өнім беруші немесе өнім берушінің атауы;

      резиденттік елі;

      Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);

      бейрезиденттер үшін – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (жеке тұлғалардың) тіркеу деректері;

      2) тапсырыс беруші туралы ақпарат;

      3) өткізілген сатып алу туралы мәліметтер:

      сатып алуды жүзеге асыру тәсілі;

      сатып алу туралы хабарландырудың нөмірі;

      сатып алу туралы хабарландырудың күні;

      сатып алу қорытындыларын шығару күні;

      4) шарттың нөмірі;

      5) өнім берушіні (әлеуетті) сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негіздемесі;

      6) соттың /орталықтандырылған қызметтің шешімі туралы мәліметтер:

      соттың/орталықтандырылған қызметтің атауы;

      соттың/орталықтандырылған қызметтің шешімінің нөмірі;

      соттың/орталықтандырылған қызметтің шешімінің күні;

      сот шешімінің заңды күшіне енген/орталықтандырылған қызмет шешімінің күшіне енген күні;

      7) Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен алып тасталған күні көрсетіледі.

      18. Заңның 10-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер оларды сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешім қабылданған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

      Заңның 10-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілер немесе өнім берушілер осындай әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

      19. Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен шығару үшін мыналар:

      1) Заңмен белгіленген мерзімнің өтуі;

      2) әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы;

      3) келісу комиссиясының әлеуетті өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен мерзімінен бұрын шығару туралы шешімі негіздер болып табылады.

      20. Сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер Заңның 10-бабы 5-тармағының бірінші және екінші бөліктерінде белгіленген мерзім өткен соң тізілімнен автоматты түрде алынып тасталады.

      21. Сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісі болған кезде, сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер орталықтандырылған қызмет сот куәландырған тиісті сот актісінің көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) сұрау салуы бойынша алып тасталады.

      22. Келісу комиссиясының әлеуетті өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен мерзімінен бұрын шығару туралы шешімі болған кезде, сатып алуға жосықсыз қатысушы туралы мәліметтер келісу комиссиясының сұрау салуы бойынша орталықтандырылған қызмет тиісті шешімнің көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде алынып тасталады.

  Ұлттық әл-ауқат қоры мен
Ұлттық әл-ауқат қоры
ұйымдарын қоспағанда,
квазимемлекеттік сектордың
жекелеген субъектілерінің сатып
алуы саласында тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің шешімі

      Шешім: №

      Уақыты: күні/айы/жылы

      "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, сатып алудың қорытындылары бойынша:

      Сатып алу туралы хабарландыру нөмірі:

      Сатып алу тәсілі:

      Тапсырыс беруші қол қойған шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберген күні: күні/айы/жылы

      Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қоры ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы саласында тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында белгіленген өнім берушінің шартқа қол қоюы үшін мерзімнің бітетін күні: күні/айы/жылы

      Не:

      Шартты жасасу күні: күні/айы/жылы

      Әлеуетті өнім беруші шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) демпингке қарсы шаралар бойынша соманы енгізу мерзімінің бітетін күні: күні/айы/жылы

      Тапсырыс беруші:

      Атауы:

      БСН:

      Мекенжайы:

      Телефоны:

      ШЕШІЛДІ:

      1. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес:

      ______________________________________________________________________________________

      2. "Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Заңның 10-бабының 2-тармағы 1) тармақшасына және 4-тармағына сәйкес_________ сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылсын.

      3. Сатып алудың жосықсыз қатысушылар тізіліміне әлеуетті өнім беруші туралы мынадай мәліметтер енгізілсін:

Атауы/Т.А.Ә.:


БСН/ЖСН:


Басшысының Т.А.Ә.:


Басшысының ЖСН:


Құрылтайшының (құрылтайшылардың) Т.А.Ә. /атауы:


Құрылтайшының (құрылтайшылары) БСН/ЖСН-і:


Мекенжайы:


Телефоны:


      4. Тізілімде болу мерзімін шешім бекітілген күннен бастап 24 ай етіп белгіленсін.

      5. Шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Уәкілетті тұлға Т.А.Ә. (қолы)

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Ұлттық әл-ауқат қоры мен
Ұлттық әл-ауқат қоры
ұйымдарын қоспағанда,
квазимемлекеттік сектордың
жекелеген субъектілерінің
сатып алуы саласында тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

  Нысан

Сатып алуға жосықсыз қатысушылар туралы мәліметтер

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

"Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы" Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес адамдар туралы мәліметтер

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері)

Т.А.Ә.

ЖСН, бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

1

2

3

4

5

6

7








      кестенің жалғасы

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері)

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

8

9

10

11

12






      кестенің жалғасы

Шарттың нөмірі

Шарттың әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберілген күні

Өнім берушінің шартқа қол қою үшін мерзімінің аяқталатын күні

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің аяқталу күні

Өнім берушіні (әлеуетті) сатып алуға жосықсыз қатысушысы деп тану негізі

13

14

15

16

17






      кестенің жалғасы

Сот шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен алып тастау күні

Соттың атауы

Сот шешімінің нөмірі

Сот шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген күні

18

19

20

21

22






      * Өнім беруші сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген кезде сот шешімі бойынша 1-13, 17-21-тармақтар толтырылады.

      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      Т.А.Ә – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Ұлттық әл-ауқат қоры мен
Ұлттық әл-ауқат қоры
ұйымдарын қоспағанда,
квазимемлекеттік сектордың
жекелеген субъектілерінің сатып
алуы саласында тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімі

Жосықсыз өнім беруші туралы ақпарат

Тапсырыс беруші туралы ақпарат

Өткізілген сатып алу туралы мәліметтер

Өнім берушінің атауы

Өнім берушінің елі

БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері)

Тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс берушінің елі

БСН, ЖСН (бейрезиденттер-өнім берушілердің тіркеу деректері)

Сатып алу тәсілі

Веб-порталдағы сатып алу туралы хабарламаның нөмірі

Сатып алуды хабарлау күні

Сатып алу қорытындыларын жасау күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

Шарттың нөмірі

Шартты әлеуетті өнім берушіге қол қоюға жіберу күні

Өнім берушінің шартқа қол қою мерзімінің аяқталу күні

Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзімнің аяқталу күні

Өнім берушіні (әлеуетті) сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану негізі

11

12

13

14

15






      кестенің жалғасы

Сот шешімі/орталықтандырылған қызмет шешімі туралы мәліметтер

Тізілімнен шығару күні

Соттың/орталықтандырылған қызметтің атауы

Сот/орталықтандырылған қызмет шешімінің нөмірі

Сот/орталықтандырылған қызмет шешімінің күні

Сот шешімінің заңды күшіне енген/орталықтандырылған қызмет шешімінің күшіне енген күні

16

17

18

19

20






      Аббревиатураларды таратып жазу:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

Об утверждении Правил формирования и ведения реестра в сфере закупок отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 ноября 2021 года № 1215. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 ноября 2021 года № 25413

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие настоящего приказа см. п. 3.

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования и ведения реестра в сфере закупок отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния.

      2. Департаменту законодательства государственных закупок и закупок квазигосударственного сектора Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнений мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2022 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Е. Жамаубаев

  Утвержден приказом
Министра финансов
Республики Казахстан
от 24 ноября 2021 года № 1215

Правила формирования и ведения реестра в сфере закупок отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и ведения реестра в сфере закупок субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния (далее – Фонд) (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора" (далее – Закон) и определяют порядок формирования и ведения реестра в сфере закупок субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда и организаций Фонда.

      2. Реестр в сфере закупок субъектов квазигосударственного сектора формируется на казахском и русском языках в электронном виде посредством веб-портала закупок (далее – веб-портал) в информационной системе электронных закупок, которые соответствуют требованиям статьи 10 Закона и подпункта 6) статьи 13 Закона.

      3. Сведения, содержащиеся в реестре в сфере закупок отдельных субъектов квазигосударственного сектора, размещаются на веб-портале и доступны для ознакомления заинтересованным лицам без взимания платы.

      4. Правовые отношения, которые не урегулированы настоящими Правилами, регулируются в соответствии с требованиями Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      5. Реестром в сфере закупок отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда и организаций Фонда, является – реестр недобросовестных участников закупок.

Глава 2. Порядок формирования и ведения реестра недобросовестных участников закупок

      6. Реестр недобросовестных участников закупок представляет собой перечень:

      1) потенциальных поставщиков, определенных победителями, но уклонившихся от заключения договора;

      2) потенциальных поставщиков или поставщиков, предоставивших недостоверную информацию по квалификационным требованиям и (или) документам, влияющим на тендерное ценовое предложение;

      3) поставщиков, не исполнивших либо ненадлежащим образом исполнивших свои обязательства по заключенным с ними договорам.

      В случае, указанном в подпункте 1) части первой настоящего пункта, заказчик в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня уклонения потенциального поставщика от заключения договора направить сведения о таком потенциальном поставщике в централизованную службу по контролю за закупками (далее – централизованная служба).

      В случае, указанном в подпункте 2) части первой настоящего пункта, заказчик, организатор закупок не позднее 30 (тридцати) календарных дней со дня, когда им стало известно о факте нарушения, обратиться с иском в суд о признании такого потенциального поставщика или поставщика недобросовестным участником закупок.

      В случае, указанном в подпункте 3) части первой настоящего пункта, заказчик не позднее 30 (тридцати) календарных дней со дня, когда ему стало известно о факте нарушения поставщиком договора, обратиться с иском в суд о признании такого поставщика недобросовестным участником закупок, за исключением случаев выплаты поставщиком неустойки (штрафа, пени) и полного исполнения им договорных обязательств.

      7. Реестр недобросовестных участников закупок формируется на основании:

      решения централизованной службы в случае, предусмотренном подпунктом 1) части первой пункта 2 статьи 10 Закона;

      решения суда, вступившего в законную силу, в случаях, предусмотренных подпунктами 2) и 3) части первой пункта 2 статьи 10 Закона.

      8. Если потенциальный поставщик, признанный победителем, в установленные сроки не подписал посредством веб-портала договор, такой потенциальный поставщик решением централизованной службы, принимаемым посредством веб-портала по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам, автоматически включается в реестр недобросовестных участников закупок.

      9. При уклонении потенциального поставщика от подписания договора о закупках на бумажном носителе в установленные сроки либо уклонения поставщика от заключения договора, заказчик в течение 10 (десяти) рабочих дней со дня уклонения от заключения договора представляет посредством веб-портала централизованной службе сведения о таком потенциальном поставщике или поставщике в электронном виде по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      10. Потенциальный поставщик, уклонившийся от заключения договора, включается в реестр недобросовестных участников закупок решением централизованной службы, принимаемым посредством веб-портала по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      11. Заказчики в течение 3 (трех) рабочих дней после получения вступившего в законную силу решения суда о признании потенциального поставщика или поставщика недобросовестным участником закупок (далее – Решение суда), представляют посредством веб-портала централизованной службе электронную копию Решения суда, а также сведения о таком потенциальном поставщике или поставщике в электронном виде по форме согласно приложения 2 к настоящим Правилам.

      12. При поступлении заказчику Решения суда на бумажном носителе, заказчики в течение 3 (трех) рабочих дней после получения данного Решения суда представляют посредством веб-портала централизованной службе копию Решения суда и сведения о таком потенциальном поставщике или поставщике в электронном виде по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      13. Централизованная служба в течение 3 (трҰх) рабочих дней со дня представления заказчиком посредством веб-портала сведений о недобросовестном участнике закупок рассматривает их и включает такие сведения в реестр недобросовестных участников закупок.

      14. При представлении централизованной службе неполных и (или) недостоверных (некорректных) сведений для включения в реестр недобросовестных участников закупок, централизованная служба в течение 3 (трҰх) рабочих дней направляет посредством веб-портала уведомление заказчику о необходимости в течение 3 (трҰх) рабочих дней повторно предоставить сведения о недобросовестном участнике закупок в соответствии с пунктом 17 настоящих Правил.

      15. Централизованная служба при рассмотрении представленных заказчиком сведений, осуществляет форматно-логический контроль, заключающийся в проверке полноты и корректности ее заполнения.

      16. Ведение реестра недобросовестных участников закупок осуществляется по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      17. При внесении сведений в реестр недобросовестных участников закупок указываются:

      1) информация о недобросовестном потенциальном поставщике или поставщике:

      наименование потенциального поставщика или поставщика;

      страна резидентства;

      для резидентов Республики Казахстан – бизнес идентификационный номер (БИН) (для юридического лица), индивидуальный идентификационный номер (ИИН) (для физического лица);

      для нерезидентов – регистрационные данные юридических лиц (физических лиц) осуществляющих предпринимательскую деятельность;

      2) информация о заказчике;

      3) сведения о проведенных закупках:

      способ осуществления закупок;

      номер объявления о закупке;

      дата объявления о закупке;

      дата подведения итогов закупки;

      4) номер договора;

      5) основание признания (потенциального) поставщика недобросовестным участником закупок;

      6) сведения о решении суда/решении централизованной службы:

      наименование суда/централизованной службы;

      номер решения суда/централизованной службы;

      дата решения суда/централизованной службы;

      дата вступления в законную силу решения суда/вступления в силу решения централизованной службы;

      7) дата исключения из Реестра недобросовестных участников закупок.

      18. Потенциальные поставщики, включенные в реестр недобросовестных участников закупок по основанию, предусмотренному подпунктом 1) части первой пункта 2 статьи 10 Закона, не допускаются к участию в закупках в течение 24 (двадцати четырех) месяцев со дня принятия решения о признании их недобросовестными участниками закупок.

      Потенциальные поставщики или поставщики, включенные в реестр недобросовестных участников закупок по основаниям, предусмотренным подпунктами 2) и 3) части первой пункта 2 статьи 10 Закона, не допускаются к участию в закупках в течение 24 (двадцати четырех) месяцев со дня вступления в законную силу решения суда о признании таких потенциальных поставщиков или поставщиков недобросовестными участниками закупок.

      19. Основаниями для исключения из реестра недобросовестных участников закупок являются:

      1) истечение срока, установленного Законом;

      2) наличие вступившего в законную силу судебного акта об отмене решения о признании потенциального поставщика или поставщика недобросовестным участником закупок;

      3) решение согласительной комиссии о досрочном исключении потенциального поставщика из реестра недобросовестных участников закупок.

      20. Сведения о недобросовестном участнике закупок исключаются из реестра автоматически по истечении срока, установленного частями первой и второй пункта 5 статьи 10 Закона.

      21. При наличии вступившего в законную силу судебного акта об отмене решения о признании недобросовестным участником закупок, сведения о недобросовестном участнике закупок исключаются по запросу потенциального поставщика (поставщика) в течении 3 (трех) рабочих дней со дня получения централизованной службой копии соответствующего судебного акта, заверенного судом.

      22. При наличии решения согласительной комиссии о досрочном исключении потенциального поставщика из реестра недобросовестных участников закупок, сведения о недобросовестном участнике закупок исключаются по запросу согласительной комиссии в течении 3 (трех) рабочих дней со дня получения централизованной службой копии соответствующего решения.

  Приложение 1
к Правилам формирования
и ведения реестра в сфере
закупок отдельных субъектов
квазигосударственного сектора,
за исключением Фонда
национального благосостояния
и организаций Фонда
национального благосостояния

Решение централизованной службы по контролю за закупками

      Решение: №

      Дата: дд/мм/гг

      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора", по итогам закупок:

      Номер объявления о закупке:

      Способ закупки:

      Дата направления подписанного заказчиком договора на подписание потенциальному поставщику: дд/мм/гг

      Дата истечения срока для подписания договора поставщиком, установленного Правилами осуществления закупок отдельных субъектов квазигосударственного сектора, за исключением Фонда национального благосостояния и организаций Фонда национального благосостояния: дд/мм/гг

      Либо:

      Дата заключения договора: дд/мм/гг

      Дата истечения срока внесения обеспечения исполнения договора, либо суммы, по антидемпинговым мерам потенциальным поставщиком: дд/мм/гг

      Заказчик:

      Наименование:

      БИН:

      Адрес:

      Телефон:

      РЕШЕНО:

      1. В соответствии с пунктом 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора" признать уклонившимся от заключения договора в связи с:

      __________________________________________________________________________________________

      2. В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 и пунктом 4 статьи 10 Закона Республики Казахстан "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора" признать недобросовестным участником закупок.

      3. Включить в реестр недобросовестных участников закупок следующие сведения о потенциальном поставщике:

Наименование/Ф.И.О.:


БИН/ИИН:


Ф.И.О. руководителя:


ИИН руководителя:


Наименование/Ф.И.О. учредителя (учредителей):


БИН/ИИН учредителей (учредителей):


Адрес:


Телефон:


      4. Период нахождения в реестре определить 24 месяца с даты принятия решения.

      5. Решение вступает в силу с момента подписания.

      Уполномоченное лицо Ф.И.О. (подпись)

      Расшифровка аббревиатур:

      БИН – бизнес-идентификационный номер;

      ИИН – индивидуальный идентификационный номер;

      Ф.И.О. – фамилия, имя, отчество (при наличии).

  Приложение 2
к Правилам формирования
и ведения реестра в сфере
закупок отдельных субъектов
квазигосударственного сектора,
за исключением Фонда
национального благосостояния
и организаций Фонда
национального благосостояния
  Форма

Сведения о недобросовестных участниках закупок

Информация о недобросовестном поставщике

Сведения о лицах в соответствии с пунктом 1 статьи 7 Закона "О закупках отдельных субъектов квазигосударственного сектора"

Информация о заказчике

Наименование поставщика

Страна поставщика

БИН, ИИН (регистрационные данные для поставщиков-нерезидентов)

Ф.И.О.

ИИН, регистрационные данные для поставщиков-нерезидентов

Наименование заказчика

Страна заказчика

1

2

3

4

5

6

7








      продолжение таблицы

Сведения о проведенных закупках

БИН, ИИН (регистрационные данные для поставщиков-нерезидентов)

Способ закупок

Номер объявления о закупке на веб-портале

Дата объявления закупки

Дата подведения итогов закупки

8

9

10

11

12






      продолжение таблицы

Номер договора

Дата направления договора на подпись потенциальному поставщику

Дата окончания срока для подписания договора поставщиком

Дата окончания срока для внесения обеспечения исполнения договора

Основание признания (потенциального) поставщика недобросовестным участником закупок

13

14

15

16

17






      продолжение таблицы

Сведения о решении суда

Дата исключения из Реестра

Наименование суда

Номер решения суда

Дата решения суда

Дата вступления в законную силу решения суда

18

19

20

21

22






      * При внесении поставщика в реестр недобросовестных участников закупок по решению суда заполняются пункты 1-13, 17-21.

      Расшифровка аббревиатур:

      БИН – бизнес-идентификационный номер;

      ИИН – индивидуальный идентификационный номер;

      Ф.И.О. – фамилия, имя, отчество (при наличии).

  Приложение 3
к Правилам формирования
и ведения реестра в сфере
закупок отдельных субъектов
квазигосударственного сектора,
за исключением Фонда
национального благосостояния
и организаций Фонда
национального благосостояния
  Форма

Реестр недобросовестных участников закупок

Информация о недобросовестном поставщике

Информация о заказчике

Сведения о проведенных закупках

Наименование поставщика

Страна поставщика

БИН, ИИН (регистрационные данные для поставщиков-нерезидентов)

Наименование заказчика

Страна заказчика

БИН, ИИН (регистрационные данные для поставщиков-нерезидентов)

Способ закупок

Номер объявления о закупке на веб-портале

Дата объявления закупки

Дата подведения итогов закупки

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      продолжение таблицы

Номер договора

Дата направления договора на подпись потенциальному поставщику

Дата окончания срока для подписания договора поставщиком

Дата окончания срока для внесения обеспечения исполнения договора

Основание признания (потенциального) поставщика недобросовестным участником закупок

11

12

13

14

15






      продолжение таблицы

Сведения о решении суда/ решение централизованной службы

Дата исключения из Реестра

Наименование суда/централизованной службы

Номер решения суда/централизованной службы

Дата решения суда/централизованной службы

Дата вступления в законную силу решения суда/вступления в силу решения централизованной службы

16

17

18

19

20






      Расшифровка аббревиатур:
БИН – бизнес-идентификационный номер;
ИИН – индивидуальный идентификационный номер.