ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқы енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18545 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мына:
1) оларға қатысты қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданған күнінен үш жыл өтпеген уәкілетті ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылатын тұлғаларды;
2) оларға қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкерінің лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаларды;
3) КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі тұлғаларды;
4) мынадай оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттердің бірінде және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктерінде тіркелген тұлғаларды:
Америка Құрама Штаттары (Америкалық Виргин аралдары, Вайоминг штаты, Гуам аралы, Делавэр штаты және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлігінде ғана);
Андорра Князьдігі;
Антигуа және Барбуда мемлекеті;
Багам аралдары Достастығы;
Барбадос мемлекеті;
Белиз мемлекеті;
Бруней Даруссалам мемлекеті;
Біріккен Танзания Республикасы;
Вануату Республикасы;
Гватемала Республикасы;
Гренада мемлекеті;
Джибути Республикасы;
Доминика Достастығы;
Доминикан Республикасы;
Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
Испания (Канар аралдары аумағының бөлігінде ғана);
Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
Гайана Кооперативтік Республикасы;
Коста-Рика Республикасы;
Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) арнайы әкімшілік ауданының аумақтары бөлігінде ғана);
Либерия Республикасы;
Ливан Республикасы;
Лихтенштейн Князьдігі;
Мавритания Ислам Республикасы;
Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлігінде ғана);
Мальдив Республикасы;
Мальта Республикасы;
Мариан аралдары;
Маршалл Аралдары Республикасы;
Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағының бөлігінде ғана);
Мьянма Одағы;
Науру Республикасы;
Нигерия Федеративтік Республикасы;
Нидерланды (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана);
Палау Республикасы;
Панама Республикасы;
Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
Самоа Тәуелсіз Мемлекеті;
Сейшел Аралдары Республикасы;
Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
Сент-Китс және Невис Федерациясы;
Сент-Люсия мемлекеті;
Суринам Республикасы;
Тонга Корольдігі;
Тринидад және Тобаго Республикасы;
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (Ангилья аралы, Бермуд аралдары, Британдық Виргин аралдары, Гибралтар, Кайман аралдары, Монтсеррат аралы, Теркс және Кайкос аралы аумақтары бөлігінде ғана);
Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы;
Филиппин Республикасы;
Француз Республикасы (Француз Гвианасы мен Француз Полинезиясы аумақтары бөлігінде ғана);
Черногория Республикасы;
Шри-Ланка Демократиялық Республикасы;
Ямайка;
5) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган КЖТҚҚ туралы заңның 4-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жасайтын ақшаны жылыстатумен күресудің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткілікті орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген тұлғаларды;
6) құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген оффшорлық аймақтар ретінде сипатталатын шет мемлекеттердің бірінде және (немесе) шет мемлекеттер аумақтарының бөліктерінде тіркелген заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган КЖТҚҚ туралы заңның 4-бабы 4-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жасайтын ақшаны жылыстатумен күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын не жеткіліксіз орындайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесіне енгізілген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғаларды;
7) қолданыстағы лицензияны және лицензияға қолданыстағы қосымшаны (қолданыстағы қосымшаларды) ерікті түрде қайтару себебінен оған қатысты Ұлттық Банк бастаған тексеру аяқталмаған күнінен үш жыл өтпеген уәкілетті ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болған тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті және бейрезиденті жеке және заңды тұлғалар уәкілетті ұйымның құрылтайшылары, қатысушылары (құрылтайшыларының, қатысушыларының бірі) болып табылады.";
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Мына:
1) жоғары білімі жоқ;
2) КЖТҚҚ туралы заңға сәйкес терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға және (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіндегі;
3) оған қатысты қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар адам уәкілетті ұйымның (оның филиалының) басшысы болып тағайындалмайды.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Айырбастау пунктінің (автоматтандырылған айырбастау пунктін қоспағанда) үй-жайына, жабдығына, қызметкерлеріне қойылатын талаптар:
1) айырбастау пунктінің үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20075 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
2) айырбастау пунктінің операциялық кассасы бейне деректер архивінің резервтік көшірмесін жасауды және архивті жою мен редакциялаудан қорғауды қамтамасыз ететін техникалық құрылғыларда күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде ақпаратты жазу мен сақтауды қамтамасыз ететін бейнебақылау жүйесімен жабдықталады, бұл ретте бейнебақылаудың көріну аймағында кассирдің жұмыс аймағы мен клиент болады, ал тиісті құрылғылар бейнебақылау үшін кедергілердің болмауын қамтамасыз ететін орындарда орнатылады;
3) кассирдің жұмыс орны Қағидалардың талаптарына сәйкес айырбастау операцияларының есебін жүргізу үшін аппараттық-бағдарламалық кешенмен не бақылау-касса аппаратымен және бағдарламалық қамтамасыз етумен, сондай-ақ банкнотты ультракүлгін жарықпен тексеруді (қағаздың люминесценциясын бақылау және өзге) және банкнотты магниттік белгілердің болуына тексеруді қамтамасыз ететін ақша белгілерінің түпнұсқалығын айқындауға арналған техникалық құралдармен жабдықталады;
4) қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша дайындықтан өткен не қолма-қол шетел валютасымен кемінде алты ай жұмыс тәжірибесі бар кассир болуға тиіс.";
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41. Айырбастау пункттерінің операциялық кассаларының үй-жайларында бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді.
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның қызметіне жатпайтын ақша мен басқа заттар арнайы бөлінген бөлмеде немесе айырбастау пунктінің операциялық кассасының үй-жайынан тыс орналасқан шкафтарда сақталады.";
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"51. Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан асатын сомаға айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында:
клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі);
клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері – құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі;
клиенттің заңды мекенжайы тіркеледі.
Айырбастау операцияларын жүргізу бағамы бойынша 500 000 (бес жүз мың) теңге баламасынан аспайтын сомаға айырбастау пункттері (оның ішінде автоматтандырылған айырбастау пункттері) арқылы жүргізілген айырбастау операциялары бойынша тізілімдер журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі) және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі.
Клиенттің заңды мекенжайын қоспағанда, клиенттің деректерін тізілімдер журналында тіркеу клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректері негізінде жүзеге асырылады.";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабында көзделген немесе Қағидалардың 51-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес клиенттің жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер ұсынылмаған жағдайларды қоспағанда, айырбастау операцияларын жүргізу кезінде айналыстағы ақша белгілерін номиналы және эмиссия жылдары бойынша қабылдауда шектеулер белгіленбейді, сондай-ақ айырбастау пунктінде айырбастау операциясын жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол шетел валютасы және қолма-қол ұлттық валюта болған кезде жеке тұлғаларға айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылмайды.
Жеке тұлғаға айырбастау пунктінде сатып алу және (немесе) сату бағамдары белгіленген қолма-қол ұлттық немесе қолма-қол шетел валютасының болмауы себебінен айырбастау операциясын жүргізуден бас тартылған кезде, айырбастау пунктінің кассирі жеке тұлғаның талабы бойынша айырбастау пунктінде жоқ валютаның түрі мен сомасын, анықтама берілген күнді және уақытын көрсете отырып, еркін нысандағы анықтаманы береді. Анықтамаға айырбастау пунктінің кассирі қол қояды және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаның (оның филиалының) ішкі қағидаларында белгіленген тәртіппен тіркеледі.";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. КЖТҚҚ туралы заңның 13-бабында көзделген немесе Қағидалардың 73-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес клиенттің жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер ұсынылмаған жағдайларды қоспағанда, түрлері бойынша аффинирленген құйма алтынды қабылдауда шектеулер белгіленбейді, сондай-ақ айырбастау пунктінде осындай операцияны жүргізу үшін қажетті сомада қолма-қол ұлттық валюта және (немесе) осындай операцияны жүргізу үшін қажетті көлемде аффинирленген құйма алтын болған кезде жеке тұлғаларға мұндай құймаларды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды жүргізуден бас тартылмайды.";
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"73. Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінде жүргізілетін аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі әрбір операция Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату жөніндегі операцияларды есепке алудың электрондық журналында (бұдан әрі - аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналы) есепке алынады.
Аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналы уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің әрбір операциялық кассасында аппараттық-бағдарламалық кешенде жеке жүргізіледі. Уәкілетті ұйым аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналында көрсетілген аффинирленген құйма алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша жасалған операциялар жөніндегі ақпаратты олар жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы аппараттық-бағдарламалық кешенде сақтауды қамтамасыз етеді.
Аффинирленген құйма алтынмен 500 000 (бес жүз мың) теңгеден асатын сомадағы операциялар бойынша аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналында мыналар:
клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) (аты және әкесінің аты толық көрсетіледі);
клиенттің жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері – құжаттың түрі, берілген күні, құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі;
клиенттің заңды мекенжайы тіркеледі.
Аффинирленген құйма алтынмен 500 000 (бес жүз мың) теңгеден аспайтын сомаға операциялар бойынша аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналында клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) (аты, әкесінің аты толық көрсетіледі) және жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) тіркеледі.
Клиенттің заңды мекенжайын қоспағанда, клиенттің деректерін аффинирленген құйма алтынмен операцияларды есепке алу журналында тіркеу клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректері не цифрлық құжаттар сервисі арқылы алынған клиенттің жеке басын растайтын (сәйкестендіретін) деректер негізінде жүзеге асырылады.";
1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Ж.Т. Қажымұратов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп (А.С. Касенов) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа жүктелсін.
4. Осы қаулы, мыналарды:
осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші абзацтарын;
осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші, сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші, сексен алтыншы, сексен жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы, тоқсаныншы, тоқсан бірінші, тоқсан екінші, тоқсан үшінші, тоқсан төртінші, тоқсан бесінші, тоқсан алтыншы, тоқсан жетінші, тоқсан сегізінші, тоқсан тоғызыншы және бір жүзінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Е. Досаев |
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініш
________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының атауы)
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері)
Айырбастау пунктін (автоматтандырылған айырбастау пунктін) (қажеті көрсетілсін) мына
мекенжай бойынша:
________________________________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көшесінің атауы, үйінің
(ғимаратының) (стационарлық үй-жайының) нөмірі, сондай-ақ қабаты, секторы, блогы және
басқалары (ол бар болса) ашу үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларына арналған лицензияны және лицензияға қосымшаны беруді сұраймын
Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер:
1. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылардың (қатысушылардың) қатысу үлесі:
1) жеке тұлғалар:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), туған күні);
жеке сәйкестендіру нөмірі (резиденттер үшін);
тұрғылықты жері;
жарғылық капиталдағы үлесі (% (сомасы)).
2) заңды тұлғалар:
заңды тұлғаның атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (резиденттер үшін);
орналасқан жері;
жарғылық капиталдағы үлесі (% (сомасы).
2. Ақша белгілерінің түпнұсқалылығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамалары*:
Моделі (Атауы) | Зауыттық нөмірі | Банкноттарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге) | Банкноттарды магниттік белгілердің болуына тексеру | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ |
3. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық сипаттамалары*:
Моделі (Атауы) | Зауыттық нөмірі | Айырбастау операцияларын түзетілмейтін күнделікті тіркеу | Жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың оларды жасаған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде энергияға тәуелсіз сақталуы | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ |
4. Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық сипаттамалары*:
Атауы | Өндіруші (Жеткізуші) | Айырбастау операцияларын түзетілмейтін күнделікті тіркеу | Жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың оларды жасаған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде энергияға тәуелсіз сақталуы | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
5. Бейнебақылау жүйесінің техникалық сипаттамалары*:
Бейнебақылау жүйесінің атауы | Өндіруші (Жеткізуші) | Бейне деректер архивінің резервтік көшірмесін жасауды және архивті жоюдан және редакциялаудан қорғауды қамтамасыз ететін техникалық құрылғыларда күнтізбелік 90 (тоқсан) күн ішінде ақпаратты жазу мен сақтауды қамтамасыз ету | Көру аймағында кассирдің жұмыс аймағы мен клиенттің бейнебақылауда болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бейнебақылау үшін кедергілердің болмауын қамтамасыз ететін жерлерде орнату | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Қоса берілген құжаттар:
1.
2.
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары ________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Теңгемен банктік шоты ___________________________________________
(уәкілетті банк шотының нөмірі, атауы)
Осы арқылы мыналар:
көрсетілген барлық деректер лицензияны және лицензияға қосымшаны беру немесе беруден
бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберу үшін ресми байланыс деректері болып табылатыны;
өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға сотта тыйым салынбағаны;
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылдан ерте емес шығарған "Өлшеуіш алтын
құймалары. Техникалық талаптар" 2049 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық
стандартына сәйкес келетін сертификатталған өлшеуіш құймалардағы аффинирленген
инвестициялық алтынды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылға
дейін шығарған өлшеуіш құймалардағы өзге де аффинирленген инвестициялық
алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша қызметті жүзеге асыру уақытының
барлық кезеңі ішінде айырбастау пункті (автоматтандырылған айырбастау пункті)
басқа уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің орналасқан орны болып табылатын
үй-жайда орналаспайтыны;
барлық қоса берілген құжаттар (мәліметтер) шындыққа сәйкес келетіні расталады.
Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:
____________ ______________________________________
(лауазымы) (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса)
* автоматтандырылған айырбастау пункті ашылған жағдайда толтырылмайды
Қосымша ашылатын айырбастау пункті үшін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған қолданыстағы лицензияға қосымшаны алуға өтініш
Лицензиат:________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттік тіркеу орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Лицензиаттың филиалы*:____________________________________________________
(филиалдың атауы, филиалдың орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның
нөмірі мен күні: _________________________________________________
_________________________________________________________мекенжайы **
бойынша орналасқан айырбастау пунктіне (автоматтандырылған айырбастау пункті)
(қажеті көрсетілсін) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына
арналған қолданыстағы лицензияға қосымшаны беруді сұраймын
Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер:
1. Уәкілетті ұйымның жарғылық капиталына құрылтайшылардың (қатысушылардың) қатысу үлесі:
1) жеке тұлғалар:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, (тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), туған күні);
жеке сәйкестендіру нөмірі (резиденттер үшін);
тұрғылықты жері;
жарғылық капиталдағы үлесі (% (сомасы)).
2) заңды тұлғалар:
заңды тұлғаның атауы;
орналасқан жері;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (резиденттер үшін);
жарғылық капиталдағы үлесі (% (сомасы).
2. Ақша белгілерінің түпнұсқалылығын айқындауға арналған техникалық құралдардың сипаттамалары ***:
Модель (Атауы) | Зауыттық нөмірі | Банкноттарды ультракүлгін сәулемен тексеру (қағаздың люминесценциясын тексеру және өзге) | Банкноттарды магниттік белгілердің болуына тексеру | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ |
3. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің техникалық сипаттамалары***:
Модель (Атауы) | Зауыттық нөмірі | Айырбастау операцияларын түзетілмейтін күнделікті тіркеу | Жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың оларды жасаған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде энергияға тәуелсіз сақталуы | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ |
4. Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық сипаттамалары***:
Атауы | Өндіруші (Жеткізуші) | Айырбастау операцияларын түзетілмейтін күнделікті тіркеу | Жасалған айырбастау операциялары бойынша ақпараттың оларды жасаған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде энергияға тәуелсіз сақталуы | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
5. Бейнебақылау жүйесінің техникалық сипаттамалары***:
Бейнебақылау жүйесінің атауы | Өндіруші (Жеткізуші) |
Бейне деректер архивінің резервтік көшірмесін жасауды және архивті жоюдан және редакциялаудан қорғауды қамтамасыз ететін техникалық құрылғыларда | Көру аймағында кассирдің жұмыс аймағы мен клиенттің бейнебақылауда болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бейнебақылау үшін кедергілердің болмауын қамтамасыз ететін жерлерде орнату | ||
Иә | Жоқ | Иә | Жоқ | ||
Қоса берілген құжаттар:
1.
2.
Электрондық пошта ___________________________________________________
Телефондары ________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Теңгемен банктік шоты _______________________________________________
(уәкілетті банк шотының нөмірі, атауы)
Осы арқылы мыналар:көрсетілген барлық деректер лицензияны және лицензияға қосымшаны беру немесе
беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберу үшін ресми
байланыс деректері болып табылатыны;
қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылдан ерте емес шығарған "Өлшеуіш алтын
құймалары. Техникалық талаптар" 2049 ҚР СТ Қазақстан Республикасының ұлттық
стандартына сәйкес келетін сертификатталған өлшеуіш құймалардағы аффинирленген
инвестициялық алтынды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылға
дейін шығарған өлшеуіш құймалардағы өзге де аффинирленген инвестициялық
алтынды сатып алу және (немесе) сату бойынша қызметті жүзеге асыру уақытының
барлық кезеңі ішінде айырбастау пункті (автоматтандырылған айырбастау пункті)
басқа уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің орналасқан орны болып табылатын
үй-жайда орналаспайтыны;
барлық қоса берілетін құжаттар (мәліметтер) шындыққа сәйкес келетіні расталады.
Өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы:
___________ _________________________________ _________
(лауазымы) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
* Ескертпе: лицензиат орналасқан жердің өңірінен тыс қосымша айырбастау пунктін
ашу кезінде көрсетіледі
** Ескертпе: айырбастау пунктінің үй-жайы орналасатын мекенжай, айырбастау пункті
көпфункционалды үйлер мен ғимараттарда (оның ішінде іскерлік орталықтарда),
теміржол вокзалдарының, казино ғимараттарында, халықаралық әуежайлардың
аэровокзалдарында орналасқан жағдайда, айырбастау пунктінің орналасқан жерін
нақтылайтын деректер (мысалы, қабаты, секторы, блогы)
*** автоматтандырылған айырбастау пункті ашылған жағдайда толтырылмайды