"Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 812, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-135, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 501 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 611 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 желтоқсанда № 26134 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.06.2023 № 528, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.07.2023 № 123, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.06.2023 № 271 және ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.06.2023 № 190 бірлескен бұйрығымен (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 240 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10013 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
__________Ж. Буркитбаев


Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
__________С. Шапкенов

министрдің м.а.
__________Ш. Каринова


Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
__________Е. Тургумбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушы
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-135,
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 501,
министірдің м.а.
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 611 мен
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрінің
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 812
Бірлескен бұйрыққа
қосымша

Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының "Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына сәйкес әзірленген және адамдарды әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шегушілерге (бұдан әрі – Зардап шегуші) жатқызудың негіздерін айқындайды.

      2. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер пайдаланылды:

      1) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау – жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау;

      2) зардап шегуші – оған қатысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың нысанына қарамастан, ол жасалған жеке адам;

      3) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;

      4) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу;

      5) адам саудасының құрбанын сәйкестендіру – осы Критерийлерге сәйкес адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен байланысты іс-қимылдар, сондай-ақ адамдарды ұрлау салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шеккендерге адамды жатқызу.

2-тарау. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау

      3. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынасқа ұшырадым деп мәлімдеген адам сәйкестендіру жүргізуге уәкілетті адамның және қажет болған жағдайда аудармашының жынысын таңдайды.

      Кәмелетке толмаған адамды сәйкестендіру заңды өкілдерінің, ал олар болмаған кезде – жақын туыстарының және (немесе) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен жүргізіледі.

      4. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады:

      1-блок - күш көрсету зорлық-зомбылығы;

      2-блок - психологиялық зорлық-зомбылық;

      3-блок - экономикалық зорлық-зомбылық;

      4-блок - сексуалдық зорлық-зомбылық.

      5. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.

      6. Егер блоктардың бірі бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, адам тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады.

      7. Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады:

      1-блок - адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адам ұрлаудың мақсаты;

      2-блок - адамға қатысты жасалған әрекеттер;

      3-блок - адамға қатысты пайдаланылған құралдар;

      4-блок - адамға келтірілген зиян.

      8. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам қатыгез қараудан зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.

      9. Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, жалпы нәтижесі 20 және одан жоғары балл болса, адам адамды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ адамды ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады.

      Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, 3-блокты қоспағанда (адамға қатысты пайдаланылған құралдар), жалпы нәтижесі 15 және одан жоғары балл болса, кәмелетке толмаған адам кәмелетке толмағандарды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады.

      10. Егер адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған және адам жәбірленуші болып танылған жағдайда, оны осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес сәйкестендіру талап етілмейді.

      11. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауды жүргізудің қорытындысы бойынша осы Критерийлерге 3-қосымшаға сәйкес есеп жасалады.

  Әлеуметтік бейімсіздікке және
әлеуметтік депривацияға әкеп
соққан
қатыгездікпен қараудың бар-
жоғын
бағалау критерийлеріне
1-қосымша

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру

№ р/с

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі

Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған шекті көрсеткіштер

1

Күш көрсету зорлық-зомбылығы

2.

Тән ауруына ұшырататын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

3 балл

3.

Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер

2 балл

4.

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

5 балл

5.

Адамның өмiрiне қауiптi емес және зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру

5 балл

6.

Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру

5 балл

7.

Психологиялық зорлық-зомбылық

8.

Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу

3 балл

9.

Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу

5 балл

10.

Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар болған кезде

5 балл

11.

Жалғасып келе жатқан қудалау, мәжбүрлі көші-қон

5 балл

12.

Экономикалық зорлық-зомбылық

13.

Жеке басты куәландыратын, меншікке құқық белгілейтін, әрекеттер жасауға құқық беретін құжаттардан айыру

3 балл

14.

Тіршілік қызметі үшін қажетті ақшалай қаражаттан айыру

2 балл

15.

Тұрғын үйінен айыру

5 балл

16.

Тіршілік қызметі үшін қажетті тамақтан айыру

4 балл

17.

Тіршілік қызметі үшін қажетті киімнен айыру

3 балл

18.

Сексуалдық зорлық-зомбылық

19.

Зорлау, яғни құрбанға немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не құрбандар дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау

5 балл

20.

Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау

5 балл

21.

Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету

5 балл

22.

Жалаңаштануға мәжбүрлеу, денені сипап қарау, әдепсіз немесе қорлайтын қарым-қатынас, сондай-ақ жыныс мүшелеріне соққы беру және оларға заттармен әсер ету, жыныстық қол сұғушылық

5 балл

  Әлеуметтік бейімсіздікке және
әлеуметтік депривацияға әкеп
соққан
қатыгездікпен қараудың бар-
жоғын
бағалау критерийлеріне
2-қосымша

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру

№ р/с

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің тізбесі

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған шекті көрсеткіштер

1.

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың мақсаты

2.

Сексуалдық пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/сексуалдық пайдалану

5 балл

3.

Мәжбүрлі еңбек мақсатында адамды саудаға салу / мәжбүрлі еңбек

5 балл

4.

Баланы/қызды заңсыз асырап алу мақсатында кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу

5 балл

5.

Қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу

5 балл

6.

Адамның ағзаларын және тіндерін заңсыз алу мақсатында адамды саудаға салу

5 балл

7.

Адамға қатысты жасалған әрекеттер

8.

Сатып алу-сату, өзге мәмілелер (сыйға тарту, айырбастау, жалға беру, адамды мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында адамды беру және басқалар)

5 балл

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;

5 балл

10.

Кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;

5 балл

11.

Адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;

5 балл

12.

Кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер.

5 балл

13.

Азғырып-көндіру – зардап шегушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, соның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса, құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу.

5 балл

14.

Тасу – адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, соның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-әрекет.

5 балл

15.

Беру – зардап шегушіні пайдаланатын адамға тікелей беру.

5 балл

16.

Жасыру – зардап шегушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыру (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жәбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенділігінің төмендеуіне дәрі-дәрмек арқылы ықпал ету).

5 балл

17.

Алу – адамды пайдалану немесе одан әрі беру үшін оны тікелей алу.

5 балл

18.

Пайдалану мақсатында ұрлау

5 балл

19.

Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру

5 балл

20.

Адамға қатысты пайдаланылған құралдар

21.

Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту

5 балл

22.

Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану

5 балл

23.

Алдау немесе сенімге қиянат жасау

5 балл

24.

Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану

5 балл

25.

Материалдық немесе өзге де тәуелділікті пайдалану

5 балл

26.

Психикасының бұзылуын немесе дәрменсiз күйін пайдалану

5 балл

27.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жою

5 балл

28.

Адамға келтірілген зиян

29.

Тән ауруына ұшырататын, бiрақ зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

5 балл

30.

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

5 балл

31.

Адамның өмiрiне қауiптi емес, денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру

5 балл

32.

Адамның өмiрiне қауiптi, көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуын тудырған не түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулыққа өзге зиян келтiру

5 балл

  Әлеуметтік бейімсіздікке және
әлеуметтік депривацияға әкеп
соққан
қатыгездікпен қараудың бар-
жоғын
бағалау критерийлеріне
3-қосымша

Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау туралы есеп

      1. Тегі __________________________

      2. Аты ______________________________

      3. Әкесінің аты (бар болса)__________________________

      4. Күні және уақыты _______________________

      5. Жүргізілген орны (мекеменің атауы және мекенжайы)

      _____________________________

      6. Мән-жайлар (сәйкестендіру уақытында болған, мысалы ұйымдар қызметкерлерінің

      болуы, алып жүрушілер) және фактіге қатысты

      ақпарат____________________________________________________

      ___________________________________________________________

      7. Оның сауалнамасы негізінде зардап шегушіге не болғаны туралы

      ақпарат (болжалды қатыгездікпен қарау әдістерін, болжалды

      қатыгездікпен қарауды қолдану уақытын және физикалық немесе

      психологиялық жай-күйіне келіп түскен шағымдарды

      қоса алғанда)____________________________________________________

      _____________________________________________________________

      8. Адамды сәйкестендіруге уәкілеттінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      қолы _______________________________________

      Ескертпе:

      Есеп құпия сипатта болады.

      Құқық қорғау органдарына жазбаша сұрау болған кезде және зардап шегушінің жазбаша келісімімен ғана беріледі.

      Сәйкестендіруге уәкілетті адам зардап шегушіні сәйкестендіру кезінде белгілі болған және қызметтік міндеттерін атқару кезінде өзінде болатын барлық мәліметтердің құпиялылығын сақтайды.

      Сәйкестендіруге уәкілетті адамға мәліметтерді жария етуге және үшінші тарапқа беруге рұқсат етілмейді.

О внесении изменения в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 сентября 2014 года № 630, Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 сентября 2014 года № 399 и Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года № 240 "Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации"

Совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 812, и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № ҚР ДСМ-135, Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 501 и и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 611. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2021 года № 26134. Утратил силу совместным приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 528, Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июля 2023 года № 123, Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 271 и Министра просвещения Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 190.

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра внутренних дел РК от 30.06.2023 № 528, Министра здравоохранения РК от 01.07.2023 № 123, Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения РК от 30.06.2023 № 271 и Министра просвещения РК от 30.06.2023 № 190 (вводится в действие с 01.07.2023).

      ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Внести в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 сентября 2014 года №630, Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 сентября 2014 года №399 и Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года №240 "Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №10013) следующее изменение:

      Критерии оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему совместному приказу:

      2. Департаменту криминальной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на курирующих заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан, вице-министров здравоохранения Республики Казахстан, образования и науки Республики Казахстан, труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
__________Ж. Буркитбаев

Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
__________С. Шапкенов



и.о. министра
__________Ш. Каринова

Министр внутренних дел
Республики Казахстан
__________Е. Тургумбаев



 

      "СОГЛАСОВАНО"
Генеральная прокуратура
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Национальный центр по правам человека

  Приложение к совместному приказу
Исполняющий обязанности
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 27 декабря 2021 года
№ ҚР ДСМ-135,
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 27 декабря 2021 года № 501,
и.о. министра
от 27 декабря 2021 года № 611 и
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 27 декабря 2021 года № 812

Критерии оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие критерии оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и депривации (далее - Критерии), разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О специальных социальных услугах" и определяют основания отнесения лиц к пострадавшим от жестокого обращения (далее - Пострадавший), приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации.

      2. В настоящих Критериях использованы следующие понятия:

      1) жестокое обращение, приведшие к социальной дезадаптации и социальной депривации – действия, совершенные в форме бытового насилия, торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иных видов их эксплуатации, а также похищения людей независимо от наличия факта возбуждения уголовного производства по поводу совершенных действий;

      2) пострадавший – физическое лицо, в отношении которого совершено жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации, независимо от его формы;

      3) социальная дезадаптация – нарушение взаимодействия личности с социальной средой;

      4) социальная депривация – ограничение и (или) лишение возможности самостоятельного удовлетворения лицом (семьей) основных жизненных потребностей;

      5) идентификация жертвы торговли людьми – отнесение лица к пострадавшим от жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации вследствие действий, связанных с торговлей людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищения людей, согласно настоящим Критериям.

Глава 2. Оценка наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации

      3. Лицо, утверждающее, что оно подвергалось жестокому обращению, приведшему к социальной дезадаптации и социальной депривации, выбирает пол уполномоченного на идентификацию лица и, при необходимости, переводчика.

      Идентификация несовершеннолетнего проводится в присутствии законных представителей, а при их отсутствии – близких родственниках и (или) органах опеки и попечительства.

      4. При оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации при бытовом насилии, действия совершенные в отношении лица, группируются по следующим блокам:

      блок 1 - физическое насилие;

      блок 2 - психологическое насилие;

      блок 3 - экономическое насилие;

      блок 4 - сексуальное насилие.

      5. При проведении оценки наличия жестокого обращения, по каждому блоку действий присваиваются баллы согласно приложению 1 к настоящим Критериям, по сумме которых определяется, относится ли лицо к числу пострадавших.

      6. Лицо признается пострадавшим в результате действий, связанных с бытовым насилием, если сумма баллов по одному из блоков составляет 5 и более баллов.

      7. При оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иных видов их эксплуатации, а также похищении людей, действия совершенные в отношении лица, группируются по следующим блокам:

      блок 1 - цель торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей;

      блок 2 - действия, совершенные в отношении лица;

      блок 3 - средства, использованные в отношении лица;

      блок 4 - причиненный вред лицу.

      8. При проведении оценки наличия жестокого обращения, по каждому блоку действий присваиваются баллы согласно приложению 2 к настоящим Критериям, по сумме которых определяется, относится ли лицо к числу пострадавших.

      9. Лицо признается пострадавшим в результате действий, связанных с торговлей людьми, иными видами их эксплуатации, а также похищением людей, если сумма баллов по каждому блоку составляет 5 и более баллов, с общим результатом 20 и более баллов.

      Несовершеннолетнее лицо признается пострадавшим в результате действий, связанных с торговлей несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищением, если сумма баллов по каждому блоку составляет 5 и более баллов, с общим результатом 15 и более баллов, за исключением блока 3 (средства, использованные в отношении лица).

      10. В случае, если по факту торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иных видов их эксплуатации, а также похищения людей начато досудебное расследование и лицо признано потерпевшим, идентификация его в соответствии с приложением 2 к настоящим Критериям не требуется.

      11. По итогам проведения оценки наличия жестокого обращения составляется отчет согласно приложению 3 к настоящим Критериям.

  Приложение 1
к Критериям оценки наличия
жестокого обращения, приведшего
к социальной дезадаптации и
социальной депривации

Присвоение баллов при оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации при бытовом насилии

№ п/п

Перечень критериев для оценки наличия жестокого обращения при бытовом насилии

Предельные показатели для оценки наличия жестокого обращения при бытовом насилии

1.

Физическое насилие

2.

Нанесение побоев или совершение иных насильственных действий, причинивших физическую боль

3 балла

3.

Нецензурная брань, оскорбительное приставание, унижение, повреждение предметов домашнего обихода и другие действия, выражающие неуважение к гражданам, состоящим с правонарушителем в семейно-бытовых отношениях, нарушающие их спокойствие, совершенные в пределах индивидуального жилого дома или квартиры

2 балла

4.

Причинение физических или психических страданий путем систематического нанесения побоев или иными насильственными действиями

5 баллов

5.

Умышленное причинение, не опасного для жизни человека и средней тяжести вреда здоровью не повлекшего последствий, но вызвавшее длительное расстройство здоровья

5 баллов

6.

Умышленное причинение тяжкого вреда здоровью, опасного для жизни человека или причинение тяжкого вреда повлекшего за собой потерю зрения, речи, слуха или какого-либо органа либо утрату органом его функций, или выразившегося в неизгладимом обезображивании лица, а также причинение иного вреда здоровью, опасного для жизни или вызвавшего расстройство здоровья, либо повлекшее за собой прерывание беременности, психическое расстройство, заболевание наркоманией или токсикоманией

5 баллов

7.

Психологическое насилие

8.

Грубость, издевательства, оскорбление, угроза, шантаж, преследование и другое действие (бездействие), вызывающее отрицательную эмоциональную реакцию человека и душевную боль

3 балла

9.

Доведение лица до самоубийства или до покушения на самоубийство путем угроз, жестокого обращения или систематического унижения человеческого достоинства пострадавшего

5 баллов

10.

Угроза убийством или причинением тяжкого вреда здоровью, а равно иным тяжким насилием над личностью либо уничтожением имущества поджогом, взрывом или иным общеопасным способом при наличии достаточных оснований опасаться приведения этой угрозы в исполнение

5 баллов

11.

Продолжающееся преследование, вынужденная миграция

5 баллов

12.

Экономическое насилие

13.

Лишение документов, удостоверяющих личность, устанавливающих право собственности, на совершение действий

3 балла

14.

Лишение денежных средств, необходимых для жизнедеятельности

2 балла

15.

Лишение жилья

5 баллов

16.

Лишение пищи, необходимой для жизнедеятельности

4 балла

17.

Лишение одежды, необходимой для жизнедеятельности

3 балла

18.

Сексуальное насилие

19.

Изнасилование, то есть половое сношение с применением насилия или с угрозой его применения к пострадавшему или к другим лицам либо с использованием беспомощного состояния пострадавшего

5 баллов

20.

Совершение развратных действий без применения насилия в отношении лица, заведомо не достигшего четырнадцатилетнего возраста

5 баллов

21.

Понуждение лица к половому сношению, мужеложству, лесбиянству или совершению иных действий сексуального характера

5 баллов

22.

Принуждение к оголению, ощупывание тела, непристойное или унижающее обращение, a также удары по половым органам и воздействие на них предметами, сексуальное посягательство

5 баллов

  Приложение 2
к Критериям оценки наличия
жестокого обращения, приведшего
к социальной дезадаптации и
социальной депривации

Присвоение баллов при оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

№ п/п

Перечень критериев для оценки наличия жестокого обращения при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

Предельные показатели для оценки наличия жестокого обращения при торговле людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

1.

Цель торговли людьми, в том числе несовершеннолетними, иными видами их эксплуатации, а также похищении людей

2.

Торговля людьми с целью сексуальной эксплуатации/ сексуальная эксплуатация

5 баллов

3.

Торговля людьми с целью принудительного труда/ принудительный труд

5 баллов

4.

Торговля несовершеннолетними детьми с целью незаконного усыновления/удочерения

5 баллов

5.

Торговля людьми с целью принуждения к занятию попрошайничеством/ принуждение к занятию попрошайничеством

5 баллов

6.

Торговля людьми с целью незаконного изъятия органов и тканей человека

5 баллов

7.

Действия, совершенные в отношении лица

8.

Купля-продажа, иные сделки (дарение, мена, обмен, аренда, оставление человека в качестве обеспечения выполнения обязательства по сделке, передача человека в целях получения каких-либо выгод неимущественного характера и другие)

5 баллов

9.

Использование виновным принудительного труда, то есть любой работы или службы, требуемой от лица путем применения насилия или угрозы его применения, для выполнения которой это лицо не предложило добровольно своих услуг, за исключением случаев, предусмотренных законами Республики Казахстан

5 баллов

10.

Использование виновным занятия проституцией другим лицом или иных оказываемых им услуг в целях присвоения полученных доходов, а равно принуждение лица к оказанию услуг сексуального характера без преследования виновным цели получения материальной выгоды

5 баллов

11.

Принуждение лица к занятию попрошайничеством, то есть к совершению антиобщественного деяния, связанного с выпрашиванием у других лиц денег и (или) иного имущества

5 баллов

12.

Иные действия, связанные с осуществлением виновным полномочий собственника в отношении лица, которое по не зависящим от него причинам не может отказаться от выполнения работ и (или) услуг для виновного и (или) другого лица

5 баллов

13.

Вербовка - достижение согласия пострадавшего на выполнение каких-либо работ или какой-либо деятельности, в том числе противоправной, если это связано с целью его эксплуатации

5 баллов

14.

Перевозка - совершаемые с целью эксплуатации человека умышленные действия по его перемещению из одного места в другое, в том числе в пределах одного и того же населенного пункта

5 баллов

15.

Передача - непосредственная передача пострадавшего лицу для его эксплуатации

5 баллов

16.

Укрывательство - сокрытие пострадавшего от правоохранительных органов, родственников и других лиц (например, утаивание в специальных помещениях, недопущение выхода за ту или иную территорию, медикаментозное подавление физической или психической активности)

5 баллов

17.

Получение - непосредственное получение лица для его эксплуатации или дальнейшей передачи

5 баллов

18.

Похищение с целью эксплуатации

5 баллов

19.

Незаконное лишение свободы с целью эксплуатации

5 баллов

20.

Средства, использованные в отношении лица

21.

Применение насилия, опасного для жизни и здоровья или угроза его применения

5 баллов

22.

Применение оружия или предметов, используемых в качестве оружия

5 баллов

23.

Обман или злоупотребление доверием

5 баллов

24.

Использование своего служебного положения

5 баллов

25.

Использование материальной или иной зависимости

5 баллов

26.

Использование психического расстройства или беспомощного состояния

5 баллов

27.

Изъятие, сокрытие либо уничтожение документов, удостоверяющих личность

5 баллов

28.

Причиненный вред лицу

29.

Нанесены побои или иные насильственные действия, причинившие физическую боль, но не повлекшие последствий

5 баллов

30.

Причинены физические или психические страдания в результате систематического нанесения побоев или иных насильственных действий

5 баллов

31.

Причинен не опасный для жизни человека вред здоровью, вызвавший длительное расстройство здоровья

5 баллов

32.

Причинен опасный для жизни человека вред здоровью, повлекший за собой потерю зрения, речи, слуха или какого-либо органа, либо утрату органом его функций, или выразившийся в неизгладимом обезображивании лица, а также причинен иной вред здоровью, вызвавший расстройство здоровья, либо повлекшее за собой прерывание беременности, психическое расстройство, заболевание наркоманией или токсикоманией

5 баллов

  Приложение 3
к Критериям оценки наличия
жестокого обращения, приведшего
к социальной дезадаптации и
социальной депривации

Отчет об оценке наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации

      1. Фамилия ___________________________________________
2. Имя _______________________________________________
3. Отчество (при его наличии)___________________________
4. Дата и время _______________________________________
5. Место проведения (наименование и адрес учреждения)
______________________________________________________
6. Обстоятельства (имеющиеся на момент идентификации (например, присутствие
сотрудников организаций, сопровождающие) и информация, относящаяся к
факту _______________________________________________________
____________________________________________________________
7. Информация о том, что произошло c пострадавшим на основе его опроса (включая методы
предполагаемого жестокого обращения, время применения предполагаемого жестокого
обращения и имеющиеся жалобы на физическое или психологическое состояние)
____________________________________________________________
____________________________________________________________
8. Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись уполномоченного на идентификацию
лица ________________________________________________________

      Примечание:

      Отчет носит конфиденциальный характер.

      Передается в правоохранительные органы только при наличии письменного запроса и с письменного согласия пострадавшего.

      Уполномоченное на идентификацию лицо сохраняет конфиденциальность всех сведений, которые стали известны при идентификации пострадавшего, и которые будут в распоряжении при исполнении служебных обязанностей.

      Уполномоченному на идентификацию лицу не допускается разглашать и передавать сведения третьей стороне.