БҰЙЫРАМЫН:
1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыру | 1 төлем | 246,60 |
";
мынадай редакцияда реттік нөмірі 18-жолмен толықтырылсын:
"
18 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақы төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыруды және жүзеге асыру (банк комиссиясын есепке алмағанда) | 1 төлем тапсырмасы | 64,57 |
".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және |
|
аэроғарыш өнеркәсібі министрі | Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі