БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12613 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:
5-тармақтың 1), 2 және 3) - тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешек болған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
борышкерге іздеу салуды жариялау туралы жеке сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы полиция органдарына жіберілгенін растайтын алғаны туралы белгісі бар құжаттарды қоса бере отырып;
борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша шығу актісі бойынша нысан көрсетілген Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес;
2) борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмаған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп хабарлау;
зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
борышкер алименттік міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамағанын растайтын берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
борышкерді жұмысқа орналастыру туралы хабарлама;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық органға бағытталған материалдарды жіберуге;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;
қылмыстық қудалау органына сот актiлерiн орындаудан жалтарған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту туралы енгізілген ұсынысы.
Борышкерді әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген материалдар мен ұсыныстарды жіберген кезде, материалдармен және ұсыныстармен қоса мынадай құжаттар берілуі тиіс:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкердің әкімшілік жауаптылығы туралы ескертілгендігін растайтын құжаттар;
сот актісін орындау қажеттігі туралы хабарламалар немесе талаптар, олардың жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып;
өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;
борышкердің үш және одан да көп айларға берешегін айқындау туралы қаулы;
борышкердің атында өндіріп алуға болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын мәліметтер және өзге де құжаттар.
3) өндіріп алуға болатын ақшалай қаражат және мүлік болмаған кезде жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша:
атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;
атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы әр тараптарға, хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп, хабарлау;
жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) есеп уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей;
борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғаның растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолданғандығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып;
атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту;
дебиторлық берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат);
борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы не бас тарту туралы сот актісі, уәкілетті органның қылмыстық жауапкершілікке тарту не құрамының жоқ болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысы.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Аумақтық әділет органы жеке сот орындаушыларының есептерінің және оларға қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің негізділігі мен дұрыстығын бес жұмыс күні ішінде тексереді және жеке сот орындаушыларына төленуі тиіс қаражатты қаржыландыруға өтінім жасайды.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда нақты кемшіліктерін көрсетумен ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін бес жұмыс күні ішінде қайтарады.".
көрсетілген Қағидаға 1 қосымша осы Бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
осы Бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын.
2. Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Жеке сот орындаушысының шараларды қабылдау бойынша жасаған атқарушылық әрекеттері туралы есеп
№ | Жеке сот орындаушылары жүргізген атқарушылық әрекеттер туралы мәліметтер | Атқарушылық іс жүргізулердің санаты | ||
алиментті өндіріп алу туралы | жалақыны өндіріп алу туралы | |||
борышкердің іздестірілуіне байланысты үш және одан көп ай берешектің болуы | борышкердің тұрақты кірісінің, жұмыс орнының және өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауы | өндіріп алуға болатын ақшалай қаражаттың және мүліктің болмауы | ||
1 | атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы | + | + | + |
2 | хабарламаның жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттар қоса беріліп тараптарға хабарлау | + | + | + |
3 | атқарушылық іс жүргізу тараптарын сот орындаушысына шақырту | + | + | + |
4 | зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер, уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей | + | + | |
5 | жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары) уәкілетті органға жіберілгенге дейін үш айдан кешіктірмей | + | + | + |
6 | борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою, Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып) | + | + | |
7 | борышкерге іздеу салуды жариялау туралы жеке сот орындаушының прокурор санкциялаған қаулысы, полиция органдарына жіберілгенін растайтын алғаны туралы белгісі бар құжаттарды қоса бере отырып; | + | ||
8 | борышкерге қатысты үш және одан көп ай берешегін айқындау туралы қаулы | + | ||
9 | борышкердің тұрғылықты мекенжайы бойынша шығу актісі бойынша нысан көрсетілген осы Қағидаға 2 қосымшаға сәйкес; | + | ||
10 |
әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін аумақтық әділет органына бағытталған материалдарды жіберуге; | + | + | |
11 | лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тексеру туралы мәліметтер және борышкерге лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданысын тоқтата тұру туралы ұсынысты сотқа жолдау | + | ||
12 | борышкерді жұмысқа орналастыру туралы хабарлама | + | ||
11 | дебиторлық берешектің жоқтығы туралы мәліметтер (мемлекеттік кірістер және бухгалтерия органдарынан алынған ақпарат) | + | ||
12 | борышкер болып табылатын заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою Атқарушылық іс жүргізу туралы Заңның 10-бабының 5-тармағына сәйкес шағымдану мерзімі өткеннен кейін (жіберілгенін немесе тапсырылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып) | + | ||
13 | Барлығы |
Борышкердің тұрғылықты мекенжайы (орналасқан жері, тұрғылықты жері) бойынша шығу актісі
20__жыл "__" ________ ________ |
_________________________ | |||
Жеке сот орындаушысы _________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ (жеке сот орындаушысының аты, әкесінің аты және тегі (болған жағдайда) және атқарушы округі, мекенжайы) ___________________________________________________ ______________________________________________________________________________ ___________________________________________________ атқарушылық құжат бойынша (атқарушылық құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні ) ______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________ туралы (атқарушылық құжаттың талаптары, өндіріп алушы мен борышкер (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты және тегі (болған жағдайда) олардың жеке сәйкестендіру нөмірлері) _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Заңның 126-бабын басшылыққа алып мекенжайы бойынша шығып, ___________________________ _______________________________________________________________________________ (көше, үй, подъезд, қабат, корпус, пәтер көрсетіледі) _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ анықтады, (шығудың нәтижесі) | ||||
Куәгер(лер) _________________________________________________________________ аты, әкесінің аты және тегі (болған жағдайда) _____________________________________________________________________________
|