Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 511-1042 және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 27/3-VII бірлескен қаулысы мен шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 сәуірде № 1319 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы Ономастика комиссиясының 2021 жылғы 13 қаңтардағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 3 ақпандағы қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мыналарға:

      Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы бойынша:

      жобалық атауы А21 көшеге – Ұзақбай Құлымбетов көшесі;

      жобалық атауы № 231 көшеге – Әнуарбек Байжанбаев көшесі;

      жобалық атауы № 23-14 көшеге – Мақтай Сағдиев көшесі;

      жобалық атауы А22 көшеге – Кәмен Оразалин көшесі;

      жобалық атауы А98 көшеге – Аманжол Бөлекпаев көшесі;

      жобалық атауы № 23-7 көшеге – Бәйкен Әшімов көшесі;

      жобалық атауы А25 көшеге – Кеңшілік Мырзабеков көшесі;

      жобалық атауы А26 көшеге – Нығмет Нұрмақов көшесі;

      жобалық атауы № 23-6 көшеге – Рахманқұл Бердібай көшесі;

      жобалық атауы А36 көшеге – Салық Зиманов көшесі;

      жобалық атауы № 23-30 көшеге – Хиуаз Доспанова көшесі;

      Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

      жобалық атауы Е755 көшеге – Әнет баба көшесі;

      жобалық атауы Е16 көшеге – Жұбан Молдағалиев көшесі;

      жобалық атауы Е22 көшеге – Роза Бағланова көшесі;

      жобалық атауы Е574 көшеге – Бердіқожа батыр көшесі;

      жобалық атаулары Е587 және Е619 көшелерді біріктіріп, Уәли Халфин көшесі;

      Достық көшесінен басталып, Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейін жалғасатын "Қазмедиа орталығы" ғимаратының алдында орналасқан атаусыз көшеге – Қазақ радиосы көшесі деп атау берілсін.

      2. Мыналар:

      Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы бойынша:

      Жұмабек Тәшенов көшесі – Жұмабек Тәшенев көшесі;

      Павлик Морозов орамы – Сейхун орамы;

      Ленинградский орамы – Төрткүл орамы;

      Жұмабек Тәшенов орамы – Жұмабек Тәшенев орамы;

      Жазық орамының Өндіріс көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ырғайлы орамы;

      Гүлзар орамының Саржайлау көшесінен басталып, Төлеген Тоқтаров көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ақжарма орамы;

      Ақсеңгір көшесінің Құсжолы көшесінен басталатын бөлігі – Шоқпартас орамы;

      Ағадыр көшесінің С613 жобалық көшесінен басталып, Тайбурыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шилісай орамы;

      Ағадыр көшесінің № 8Б үйден басталып, Игілік көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Шеңгелді орамы;

      Кеншілер көшесінің Кентау көшесінен басталып, Ақшағыл көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Қарғалы орамы;

      Жетісай орамының № 49А үйден басталып, Юрий Малахов көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Үңгіртас орамы;

      Ақшағыл көшесінің № 15/2 үйден басталып, Кеншілер көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Тұздыкөл орамы;

      Юрий Малахов көшесінің № 12 үйден басталып, Саржайлау көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Түрген орамы;

      Саржайлау көшесінің № 9/5 үйден басталып, № 11А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Текелі орамы;

      Шыңғырлау көшесінің № 17/1 үйден басталып, № 1А үйге дейін жалғасқан бөлігі – Тастөбе орамы;

      Өзен көшесінің Сусамыр көшесінен басталып, Өндіріс көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Талдыбұлақ орамы;

      Қызылжар орамының Жезкиік орамынан басталып, Найзатас орамына дейін жалғасқан бөлігі – Өлеңдісай орамы;

      Тасқұдық орамының № 20 үйден басталып, Ынталы көшесіне дейін жалғасқан бөлігі – Ойқарағай орамы;

      Құрманғазы көшесінің № 50 үйден басталып, № 64 үйге дейін жалғасқан бөлігі – Жиренкөл орамы;

      Нұр-Сұлтан қаласының "Есіл" ауданы бойынша:

      Ильинка тұрғын алабы және Үркер шағын ауданы – Үркер тұрғын алабы;

      Новый аэропорт көшесі – Жаңадария көшесі;

      Сығанақ және жобалық атауы Е10 көшелерін біріктіріп, Сығанақ көшесі;

      Нұр-Сұлтан қаласының "Сарыарқа" ауданы бойынша:

      Пионерская көшесі – Талшын көшесі;

      Проезд-52 көшесі – Ақтоғай көшесі;

      Мостопоезд-463 көшесі – Жартас көшесі;

      Аспара көшесінен басталып, Медеу көшесіне дейін жалғасқан Тарас Шевченко көшесі – Қатонқарағай көшесі;

      Екінші Алматы және жобалық атауы С409 көшелерін біріктіріп, Ермек Серкебаев көшесі деп қайта аталсын.

      3. Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" аудандарының әкімдері, "Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

      4. "Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы және шешім ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы және шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бірлескен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Кульгинов
     
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихаты сессиясының төрағасы
А. Табулдина
     
      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов

О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана

Совместные постановление акимата города Нур-Султана от 31 марта 2021 года № 511-1042 и решение маслихата города Нур-Султана от 31 марта 2021 года № 27/3-VII. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Нур-Султана 9 апреля 2021 года № 1319

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 13 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", учитывая мнение населения города Нур-Султана, на основании заключений Ономастической комиссии города Нур-Султана от 13 января 2021 года, Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан от 3 февраля 2021 года, акимат города Нур-Султана ПОСТАНОВЛЯЕТ и маслихат города Нур-Султана РЕШИЛ:

      1. Присвоить следующие наименования:

      по району "Алматы" города Нур-Султана:

      улице с проектным наименованием А21 – улица Ұзақбай Құлымбетов;

      улице с проектным наименованием № 231 – улица Әнуарбек Байжанбаев;

      улице с проектным наименованием № 23-14 – улица Мақтай Сағдиев;

      улице с проектным наименованием А22 – улица Кәмен Оразалин;

      улице с проектным наименованием А98 – улица Аманжол Бөлекпаев;

      улице с проектным наименованием № 23-7 – улица Бәйкен Әшімов;

      улице с проектным наименованием А25 – улица Кеңшілік Мырзабеков;

      улице с проектным наименованием А26 – улица Нығмет Нұрмақов;

      улице с проектным наименованием № 23-6 – улица Рахманқұл Бердібай;

      улице с проектным наименованием А36 – улица Салық Зиманов;

      улице с проектным наименованием № 23-30 – улица Хиуаз Доспанова;

      по району "Есиль" города Нур-Султана:

      улице с проектным наименованием Е755 – улица Әнет баба;

      улице с проектным наименованием Е16 – улица Жұбан Молдағалиев;

      улице с проектным наименованием Е22 – улица Роза Бағланова;

      улице с проектным наименованием Е574 – улица Бердіқожа батыр;

      объединить улицы с проектными наименованиями Е587 и Е619 – в улицу Уәли Халфин;

      безымянной улице, начинающейся от улицы Достық и заканчивающейся на улице Дінмұхамед Қонаев, расположенной перед зданием "Қазмедиа орталығы" – улица Қазақ радиосы.

      2. Переименовать:

      по району "Байқоңыр" города Нур-Султана:

      улицу Жумабека Ташенова – в улицу Жұмабек Тәшенев;

      переулок Павлика Морозова – в переулок Сейхун;

      переулок Ленинградский – в переулок Төрткүл;

      переулок Жумабека Ташенова – в переулок Жұмабек Тәшенев;

      часть переулка Жазық, начинающегося от улицы Өндіріс и заканчивающегося на улице Төлеген Тоқтаров, – в переулок Ырғайлы;

      часть переулка Гүлзар, начинающегося от улицы Саржайлау и заканчивающегося на улице Төлеген Тоқтаров, – в переулок Ақжарма;

      часть улицы Ақсеңгір, начинающуюся от улицы Құсжолы, – в переулок Шоқпартас;

      часть улицы Ағадыр, начинающуюся от проектной улицы С613 и заканчивающуюся на улице Тайбурыл, – в переулок Шилісай;

      часть улицы Ағадыр, начинающуюся от дома № 8Б и заканчивающуюся на улице Игілік, – в переулок Шеңгелді;

      часть улицы Кеншілер, начинающуюся от улицы Кентау и заканчивающуюся на улице Ақшағыл, – в переулок Қарғалы;

      часть переулка Жетісай, начинающегося от дома № 49А и заканчивающегося на улице Юрия Малахова, – в переулок Үңгіртас;

      часть улицы Ақшағыл, начинающуюся от дома № 15/2 и заканчивающуюся на улице Кеншілер, – в переулок Тұздыкөл;

      часть улицы Юрия Малахова, начинающуюся от дома № 12 и заканчивающуюся на улице Саржайлау, – в переулок Түрген;

      часть улицы Саржайлау, начинающуюся от дома № 9/5 и заканчивающейся домом № 11А, – в переулок Текелі;

      часть улицы Шыңғырлау, начинающуюся от дома № 17/1 и заканчивающуюся домом № 1А, – в переулок Тастөбе;

      часть улицы Өзен, начинающуюся от улицы Сусамыр и заканчивающуюся на улице Өндіріс, – в переулок Талдыбұлақ;

      часть переулка Қызылжар, начинающегося от переулка Жезкиік и заканчивающегося на переулке Найзатас, – в переулок Өлеңдісай;

      часть переулка Тасқұдық, начинающегося от дома № 20 и заканчивающегося на улице Ынталы, – в переулок Ойқарағай;

      часть улицы Құрманғазы, начинающуюся от дома № 50 и заканчивающуюся домом № 64, – в переулок Жиренкөл;

      по району "Есиль" города Нур-Султана:

      жилой массив Ильинка и микрорайон Үркер – в жилой массив Үркер;

      улицу Новый аэропорт – в улицу Жаңадария;

      объединить улицы с проектным наименованием Е10 и Сығанақ – в улицу Сығанақ;

      по району "Сарыарка" города Нур-Султана:

      улицу Пионерскую – в улицу Талшын;

      улицу Проезд-52 – в улицу Ақтоғай;

      улицу Мостопоезд-463 – в улицу Жартас;

      улицу Тараса Шевченко, начинающуюся от улицы Аспара и заканчивающуюся на улице Медеу, – в улицу Қатонқарағай;

      объединить улицы с проектным наименованием С409 и Вторая Алматинская – в улицу Ермек Серкебаев.

      3. Акимам районов "Алматы", "Байқоңыр", "Есиль", "Сарыарка" города Нур-Султана, Государственному учреждению "Управление архитектуры, градостроительства и земельных отношений города Нур-Султана" принять необходимые меры по реализации настоящего постановления и решения.

      4. Руководителю Государственного учреждения "Управление по развитию языков и архивного дела города Нур-Султана" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления и решения в органах юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления и решения направление его копии для официального опубликования в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории города Нур-Султана;

      3) размещение настоящего постановления и решения на интернет-ресурсе акимата города Нур-Султана после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления и решения представление в органы юстиции сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта.

      5. Настоящее совместное постановление акимата города Нур-Султана и решение маслихата города Нур-Султана вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким А. Кульгинов
      Председатель сессии маслихата
города Нур-Султана
А. Табулдина
      Секретарь маслихата
города Нур-Султана
Е. Каналимов