"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № С-17/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6273 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы | Р.Калишев |