Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 19 сәуірде № 8432 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 7 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 30.10.2024 № 7 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Атбасар ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 4 хаттамасының негізінде, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып Атбасар ауданы әкімінің орынбасары М.С.Асқаров тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары М.С.Асқаровқа жүктелсін.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Калжанов

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Решение акима Атбасарского района Акмолинской области от 16 апреля 2021 года № 4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 19 апреля 2021 года № 8432. Утратило силу решением акима Атбасарского района Акмолинской области от 30 октября 2024 года № 7

      Сноска. Утратило силу решением акима Атбасарского района Акмолинской области от 30.10.2024 № 7 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола внеочередного заседания районной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Атбасарского района от 15 апреля 2021 года № 4, аким Атбасарского района РЕШИЛ:

      1. Объявить на территории Атбасарского района чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Атбасарского района Аскарова М.С. и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима Атбасарского района Аскарова М.С.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Атбасарского района А.Калжанов