"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы № 6С-32-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6512 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
А.Бейсенбенов |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |