"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауданының аумағында жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 6С25-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6621 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | К.Ошакбаев |
Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы | Б.Абилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Егіндікөл ауданының әкімдігі |