"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихатының "Егіндікөл ауылы және Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 30 наурыздағы № 6С23-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6549 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
К.Ошакбаев |
Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы | Б.Абилов |
"КЕЛІСІЛДІ
Егіндікөл ауданының әкімдігі |