Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің "Егіндікөл ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу туралы" 2017 жылғы 15 қарашадағы № а-11/188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6184 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Қ. А. Шынтеміровке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданның әкімі | Е.Мухамедин |