Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ерейментау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № а-9/277 "Ерейментау ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6084 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Б.Н. Ыбыраевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі | А.Альжанов |