Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № С-2/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 ақпанда № 8353 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 2024 жылғы 15 тамыздағы № С-14/5 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 15.08.2024 № С-14/5 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Біржан сал ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Біржан сал ауданы
мәслихатының сессия
төрағасы
М.Даулетханов
      Біржан сал ауданы
мәслихатының хатшысы
С.Шауенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Біржан сал ауданының әкімі


  Біржан сал ауданы мәслихатының
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ С-2/3 шешіміне
қосымша

Біржан сал ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Біржан сал ауданында тұратындарға беріледі.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – Біржан сал ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес есептейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 18.08.2023 № С-4/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 18.08.2023 № С-4/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының 10 (он) пайыз мөлшерінде шекті жол берілетін деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Біржан сал ауданы мәслихатының 18.08.2023 № С-4/4 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Жергілікті жылуы бар қатты отынды тұтынуға өтемақы нормалары жылу беру маусымына отбасыға (азаматқа) өтініш берген тоқсанда алып жатқан көлеміне байланысты 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Отын шығыны айына 1 (бір) шаршы метрге 49,85 килограмм мөлшерінде есепке алынады. Статистика органдарының деректеріне сәйкес, көмірдің құны өткен тоқсанда қалыптаскан орташа баға қабылданады.

      7. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 50 (елу) киловатт белгіленсін.

      8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес жүгінеді.

      10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанға толық жүргізіледі, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      11. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған Біржан сал ауданының бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.

      Уәкілетті органға тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындауға әкеліп соққан көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған кезде, аз қамтылған отбасы (азамат) заңсыз алған сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в районе Биржан сал

Решение маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 2 февраля 2021 года № С-2/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 9 февраля 2021 года № 8353. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 15 августа 2024 года № С-14/5

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 15.08.2024 № С-14/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", маслихат района Биржан сал РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в районе Биржан сал, согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
маслихата района
Биржан сал
М.Даулетханов
      Секретарь маслихата
района Биржан сал
С.Шауенов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким района Биржан сал


  Приложение
к решению маслихата
района Биржан сал
от 2 февраля 2021 года
№ С-2/3

Размер и порядок оказания жилищной помощи в районе Биржан сал

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, проживающим в районе Биржан сал.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ" района Биржан сал (далее – уполномоченный орган).

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом согласно приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20498).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 18.08.2023 № С-4/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Доля предельно-допустимых расходов на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным решением маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 18.08.2023 № С-4/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели в размере 10 (десяти) процентов.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции решения маслихата района Биржан сал Акмолинской области от 18.08.2023 № С-4/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Компенсационные нормы на потребление твердого топлива с местным отоплением устанавливается в размере 5 (пяти) тонн на отопительный сезон, на семью (гражданина) в квартал обращения в зависимости от занимаемой площади. Расход топлива на 1 (один) квадратный метр учитывается в размере 49,85 килограммов в месяц. Стоимость угля принимать среднюю цену, сложившуюся за истекший квартал, согласно данным органов статистики.

      7. Установить норму расхода электрической энергии 50 (пятьдесят) киловатт на одного человека в месяц.

      8. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

Глава 3. Порядок оказания жилищной помощи

      9. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" и/или посредством веб-портала "электронного правительства", согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

      10. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом совокупный доход семьи (гражданина) и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал отопительного сезона, за исключением семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем).

      11. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      12. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района Биржан сал на соответствующий финансовый год.

Глава 4. Выплата жилищной помощи

      13. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

      При представлении в уполномоченный орган заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, малообеспеченная семья (гражданин) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа – в судебном порядке.