Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зеренді аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Зеренді ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 18-149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6328 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы |
К.Аугалиев |