Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшелерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының "Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5577 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакциясында баяндалсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Б.Досанбаев |
Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы | Б.Рыспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қорғалжын ауданының әкімі | Б.Жанбаев |
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5/3 шешіміне қосымша |
|
Қорғалжын аудандық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1/8 шешімімен бекітілген |
Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Осы Қорғалжын ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Қорғалжын ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1 - тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі -уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Қорғалжын ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
4) ең төмен күнкөріс деңгейі - Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы –отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалар Қорғалжын ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
5. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Занының 10-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1 тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушылардың есеп шоттарына аудару арқылы көрсетіледі.
8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндердің тізбесі:
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
2) 9 мамыр - Жеңіс күні;
3) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;
4) 1 қазан - Қарттар күні;
5) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні - қазанның екінші жексенбісі.
9. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысының жергілікті атқарушы орган бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.
2 - тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
10. Әлеуметтік көмек келесі санаттары алушыларға көрсетіледі:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге;
ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын алушыларға;
барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
әлеуметтік мәні бар аурулары (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар азаматтарға;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балаларға;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға;
көпбалалы отбасыларға;
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға);
колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысанында оқитын ауылдық елді мекенде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге;
жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекенде тұратын жетім-балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санаттарына жатқызу үшін:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру, не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
11. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне (бір рет):
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
2) Жеңіс күніне (бір рет):
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
3) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне (бір рет):
Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге;
4) Қарттар күніне (бір рет):
ең төмен және төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алатын алушыларға;
5) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне (бір рет):
барлық топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға.
12. Өмірлік қиын жағдай туындағанда, азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша, әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай:
әлеуметтік мәні бар аурулары (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар азаматтарға денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балаларға, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған ай сайын ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) акт және/немесе анықтама негізінде, жағдай туындағаннан кейін, үш айдан кешіктірмей отбасының бір мүшесі өтінген кезде, жылына бір рет 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
босату туралы анықтаманы ұсыну арқылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1 және 2-топтағы мүгедектерге, жылына бір рет 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алып:
табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтарға (отбасыларға), көпбалалы отбасыларға жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
колледждерде ақылы негізде күндізгі оқу нысанында оқитын ауылдық елді мекенде тұратын аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге, мүгедек студенттерге өтініш, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жергілікті бюджет есебінен жылдық оқу құны мөлшерінде жылына бір рет;
жоғары медициналық оқу орындарында ақылы негізде оқитын ауылдық елді мекенде тұратын жетім-балалар, аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге өтініш, аудан әкімі, студент және Қорғалжын ауданының медициналық мекемесі арасындағы шарт, оқу орнынан анықтама, оқу орнымен шарт нотариалды куәландырылған, өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде, жылдық оқу құны мөлшерінде Қорғалжын ауданында бес жыл мерзімге өтелуін ескере отырып жергілікті бюджет есебінен жылына бір рет.
13. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
14. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қортындыда көрсетеді.
3 - тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органымен бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
16. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
17. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Қорғалжын ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4 - тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
18. Әлеуметтік көмек
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Қорғалжын ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық - әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
19. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтарылуға жатады.
5 - тарау. Қорытынды ереже
20. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.