Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қорғалжын аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қорғалжын аудандық мәслихатының ""Қорғалжын аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 4/26 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6519 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын аудандық мәслихат сессиясының төрайымы |
А.Кульбаева |
Қорғалжын аудандық мәслихатының хатшысы | Б.Рыспаев |