"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының "Сот шешімімен Шортанды ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № С-21/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6248 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды аудандық мәслихатының хатшысы | Г.Садвокасова |