Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № А-11/244 "Шортанды ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6192 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шортанды ауданының әкімі | Б.Малгаждаров |