Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 2 ақпандағы № 7С-2/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 9 ақпанда № 8354 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 8С-17/13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.06.2024 № 8С-17/13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық мәслихаттың
ІІ (кезектен тыс) сессиясының
төрағасы
К.Мажиков
      Бурабай аудандық
мәслихаттың хатшысы
М.Нурпанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының әкімдігі


  Бурабай аудандық мәслихатының
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 7С-2/1 шешіміне
қосымша

Бурабай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ, Бурабай ауданында тұратын мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) беріледі.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды уәкілетті орган – "Бурабай ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 тіркелген) сәйкес есептейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-2/13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі:

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-2/13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады, отбасының (азаматтың) жиынтық табысына 10% (пайыз) мөлшерінде белгіленеді.

      Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы адамға 18 (он сегіз) шаршы метр қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы 30 (отыз) шаршы метр болып қабылданады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 28.04.2023 № 8С-2/13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Жергілікті жылуы бар қатты отынды тұтынуға өтемақы нормалары жылу беру маусымына отбасыға (азаматқа) өтініш берген тоқсанда алып жатқан көлеміне байланысты 5 (бес) тонна мөлшерінде белгіленеді. Отын шығыны айына 1 (бір) шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады. Статистика органдарының деректеріне сәйкес, көмірдің құны өткен тоқсанда қалыптаскан орташа баға қабылданады.

      7. Электр энергиясының шығын нормасы бір адамға айына 100 (жүз) киловатт белгіленсін.

      8. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

3 тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес жүгінеді.

      10. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үй-жайларды жалдауға (қосымша жалдауға) беруші отбасыларды (азаматтарды) қоспағанда, тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсанға толық жүргізіледі, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы жиынтық табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады.

      11. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4 тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      13. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.

      Уәкілетті органға тұрғын үй көмегін артық немесе заңсыз тағайындауға әкеліп соққан көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған кезде, аз қамтылған отбасы (азамат) заңсыз алған сомасын ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртібімен қайтарады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Бурабайском районе

Решение Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 2 февраля 2021 года № 7С-2/1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 9 февраля 2021 года № 8354. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 20 июня 2024 года № 8С-17/13

      Сноска. Утратило силу решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 20.06.2024 № 8С-17/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Бурабайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Бурабайском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель ІІ (внеочередной)
сессии Бурабайского районного
маслихата
К.Мажиков
      Секретарь Бурабайского
районного маслихата
М.Нурпанова

      "СОГЛАСОВАНО"

      Акимат Бурабайского района


  Приложение к решению
Бурабайского районного
маслихата от 2 февраля
2021 года № 7С-2/1

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Бурабайском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, проживающим в Бурабайском районе.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом государственным учреждением "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния Бурабайского района" (далее – уполномоченный орган).

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом согласно Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи утвержденному приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20498).

      Сноска. Пункт 3 - в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 28.04.2023 № 8С-2/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Доля предельно допустимых расходов на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов на пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным решением Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 28.04.2023 № 8С-2/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, устанавливается в размере 10 % (десяти) процентов к совокупному доходу семьи (гражданина).

      За норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 18 (восемнадцать) квадратных метров на человека. Для одиноко проживающих граждан за норму площади жилья, обеспечиваемую компенсационными мерами принимается 30 (тридцать) квадратных метров.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции решения Бурабайского районного маслихата Акмолинской области от 28.04.2023 № 8С-2/13 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Компенсационные нормы на потребление твердого топлива с местным отоплением устанавливается в размере 5 (пяти) тонн на отопительный сезон, на семью (гражданина) в квартал обращения в зависимости от занимаемой площади. Расход топлива на 1 (один) квадратный метр учитывается в размере 49,75 килограммов в месяц. Стоимость угля принимать среднюю цену, сложившуюся за истекший квартал, согласно данным органов статистики.

      7. Установить норму расхода электрической энергии 100 (сто) киловатт на одного человека в месяц.

      8. Компенсация услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций производится в соответствии с Правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

Глава 3. Порядок оказания жилищной помощи

      9. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" и/или посредством веб-портала "электронного правительства" согласно Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

      10. Назначение жилищной помощи производится на полный текущий квартал, при этом совокупный доход семьи (гражданина) и расходы на коммунальные услуги учитываются за истекший квартал, за исключением семей (граждан), имеющих в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающих жилые помещения в наем (поднаем).

      11. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      12. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.

Глава 4. Выплата жилищной помощи

      13. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

      При предоставлении в уполномоченный орган заведомо недостоверных сведений, повлекших за собой назначение завышенной или незаконной жилищной помощи, малообеспеченная семья (гражданин) возвращает незаконно полученную сумму в добровольном порядке, а в случае отказа в судебном порядке.