"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 1 наурыздағы № 6С-25/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6478 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихаттың VІІ (кезектен тыс) сессиясының төрағасы |
Ш.Оразалин |
Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы | М.Нурпанова |