Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 308 "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5116 тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |