ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 328/415 "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3378 тіркелген) бірлескен қаулысына және шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің қосымшасында:
Әйтеке би ауданы бойынша:
"Комсомол ауылдық округі" деген сөздер "Темірбек Жүргенов ауылдық округі" деген сөздерімен ауыстырылсын;
51 жолында "Комсомол ауылы" деген сөздер "Темірбек Жүргенов ауылы" деген сөздерімен ауыстырылсын;
"Басқұдық ауылдық округі" деген сөздер "Тұмабұлақ ауылдық округі" деген сөздерімен ауыстырылсын;
66 жолында "Тымабұлақ ауылы" деген сөздер "Тұмабұлақ ауылы" деген сөздерімен ауыстырылсын;
Қобда ауданы бойынша:
169 жолында "Калиновка ауылы" деген сөздер "Бесқұдық ауылы" деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен әкімдіктің қаулысын және мәслихаттың шешімін Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен әкімдіктің қаулысын және мәслихаттың шешімін оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
А. Айтжанов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | А. Нугманов |