Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы "Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулері бекітілген жоба негізінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы "Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі |
|
"КЕЛІСІЛДІ" "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық комитетінің Ақтөбе облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 271 қаулысына 1-қосымша |
Ақтөбе облысы Шалқар және Мұғалжар аудандарының аумағында қолданыстағы "Бұхара-Орал" магистральдық газ құбырына бөлінген жер учаскелерінің аумақтарын кесіп өтетін өзендердің бір бөлігі үшін су қорғау аймақтары мен белдеулері
№ | Магистральдық газ құбыры трассасын кесіп өтетін өзен | Су қорғау аймақтары | Су қорғау белдеулері | ||||||
Ені, метр | Жағалау сызығының ұзындығы, метр | Су объектісінің ауданы, гектар | Ені, метр | Жағалау сызығының ұзындығы, метр | Су объектісінің ауданы, гектар | ||||
сол | оң | сол | оң | ||||||
1 | Есекжал | 500 | 1290 | 1370 | 133,0 | 50 | 1340 | 1350 | 13,4 |
2 |
Балаталдық (1 ағыс) |
500 |
1370 |
1450 |
141,0 | 50 |
1350 |
1400 |
13,8 |
3 | Қандықара (Сартайбұлақ бұлағының сағасы) | 500 | 1230 | 1220 | 122,5 | 50 | 1230 | 1220 | 12,2 |
4 | Борлы (Қандықара және Ұлытау өзендеріне құяды) | 500 |
1800 |
1500 |
165,0 | 50 |
1500 |
1360 |
14,3 |
5 | Төлепсай | 500 | 1500 | 1500 | 150,0 | 50 | 1500 | 1500 | 15,0 |
6 | Жіңішке | 500 | 1130 | 2760 | 194,5 | 50 | 1250 | 1480 | 13,7 |
7 | Қайыңды | 500 | 1100 | 1020 | 106,0 | 50 | 1060 | 1020 | 10,4 |
8 | Қарасай | 500 | 920 | 840 | 88,0 | 50 | 870 | 880 | 8,8 |
9 | Көксу (Ортақарасай) | 500 | 1180 | 1100 | 114,0 | 50 | 1160 | 1170 | 11,6 |
10 | Сырлыбай (Шет Ырғыз бастауы) | 500 | 700 | 620 | 66,0 | 50 | 650 | 670 | 6,6 |
11 | Шуылдық (Шет Ырғыз бастауы) | 500 | 645 | 650 | 64,8 | 50 | 635 | 660 | 6,5 |
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 271 қаулысына 2-қосымша |
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі
Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 18.10.2024 № 294 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға.
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.