Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5235 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
қаулының 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.";
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Ақтөбе облыстық мәслихаты |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 412 қаулысына қосымша | |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 қаулысына 1-қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
№ | Лауазымдар атауы |
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық, аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2 | Облыстық, аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
3 | Бөлімшенің басшысы |
4 | Барлық мамандықтағы дәрігерлер |
5 | Акушер |
6 | Диеталық мейіргер |
7 | Тіс дәрігері (дантист) |
8 | Тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы) |
9 | Мейіргер |
10 | Зертханашы (медициналық) |
11 | Провизор (фармацевт) |
12 | Психолог маман |
13 | Рентген зертханашысы |
14 | Фельдшер |
15 | Емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы |
16 | Фармацевт |
17 | Денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман |
18 | Зертхана маманы |
19 | Қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер) |
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2 | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
3 | Мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы) |
4 | Музыкалық жетекші |
5 | Әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман |
6 | Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы |
7 | Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
8 | Қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
9 | Психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
10 | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант |
11 | Халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты |
12 | Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері |
13 | Медициналық мейіргердің, тәрбиешінің көмекшісі |
14 | Халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті |
15 | Ассистент |
16 | Психолог |
17 | Кадрлар жөніндегі инспектор |
18 | Еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы |
19 | Емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы |
20 | Фармацевт |
21 | Фельдшер |
22 | Барлық мамандықтағы дәрігерлер |
Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары (басшының ӘШБ жөніндегі орынбасарынан басқа) |
3 | Жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері |
4 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы |
5 | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның әдіскері |
6 | Аккомпаниатор (сүйемелдеуші) (негізгі қызметтердің), концертмейстер (негізгі қызметтердің), тәлімгер, тәрбиелеуші, тәрбиелеуші-ана, әдіскер (негізгі қызметтердің), жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің), дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің), музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің), қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі, әлеуметтік педагог, зертханашы, логопед, психолог |
7 | Барлық мамандықты дәрігерлер |
8 | Мейірбике (мейіргер) |
9 | Емдік денешынықтыру бойынша нұсқаушы, емдәмдік мейірбике |
10 | Кітапхананың, шеберхананың, оқу-өндіріс шеберхананың басшысы (меңгерушісі) |
11 | Әдіскер, кітапханашы |
Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
2 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының (директорының) орынбасары |
3 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК филиалы бөлімінің басшысы (директоры) |
4 | Музей басшысы (меңгерушісі) |
5 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК сектор басшысы |
6 | Аға ғылыми қызметкер |
7 | Ғылыми қызметкер |
8 | Кіші ғылыми қызметкер |
9 | Қор сақтаушы |
10 | Экскурсовод |
11 | Барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) |
12 | Барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) |
13 | Кітапханашы |
14 | Музейлер қорын есепке алу архивисті |
15 | Өнертанушы |
16 | Мұрағатшы |
Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2 | Облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
3 | Барлық мамандықтағы мұғалімдер |
4 | Тәрбиеші |
5 | Кітапхана басшысы (меңгерушісі), кітапханашы |
6 | Нұсқаушы, нұсқаушы-спортшы, әдіскер |
7 | Барлық мамандықтағы дәрігер |
8 | (Мамандандырылған) медициналық бике/аға |
9 | Диеталық бике |
10 | Психолог |
11 | Облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы |
12 | Облыстық маңызы бар аға жаттықтырушы-оқытушы |
13 | Жаттықтырушы |
Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Ветеринария пунктінің меңгерушісі |
2 | Ветеринарлық дәрігер |
3 | Ветеринарлық фельдшер |
Орман шаруашылығы саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
1 | Облыстық маңызы бар орман шаруашылығы мекемесінің КММ басшысы (директоры) |
2 | Облыстық маңызы бар КММ басшысының (директорының) орынбасары |
3 | Облыстық маңызы бар КММ орманшылық басшысы (директоры) (орман күтуші) |
4 | Облыстық маңызы бар орман өрт сөндіру станциясының басшысы |
5 | Орманшы (инспектор) |
6 | Аңшылықтанушы |
7 | Орман (учаске) шебері |
8 | Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар негізгі қызметтерінің барлық мамандықтарының инженерлері |
9 | КММ техникалық орындаушылары: диспетчер |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ - мемлекеттік мекеме;
МҚК - мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
АШБ - әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
КММ - коммуналдық мемлекеттік мекеме.