ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қазандағы № 328 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы № 415 "Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3378 болып тіркелген) бірлескен қаулысына және шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімінің қосымшасында:
Байғанин ауданы бойынша:
Қарауылкелді ауылдық округі мынадай мазмұндағы 86-1 жолмен толықтырылсын:
"
86-1 | Кенжалы ауылы | 75 |
" ;
Темір ауданы бойынша – 288 жолы "Кенжалы стансасы" алынып тасталсын.
2. "Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен әкімдіктің қаулысын және мәслихаттың шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен әкімдіктің қаулысын және мәслихаттың шешімін оны ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысының және мәслихаттың шешімінің орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | А. Нугманов |