Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Занының 10-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 21 шілдедегі № 5-2/263 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы "Сазды" тұрғын үй алабындағы Набережная, Центральная, Юбилейная, Мерей-той көшелері аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 1180 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8115 болып тіркелген) каулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | А. Шахаров |