Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 128 "Әйтеке би ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6270 болып тіркелген, 2019 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Әйтеке би аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданының әкімі | Д. Ермаганбетов |