Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 3 қорытындысы негізінде, Әйке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әйке ауылдық округінің Тереңсай елді мекеніндегі "Ыбырай Алтынсарин" көшесі "Тереңсай" көшесі болып қайта аталсын.
2. Әйтеке би ауданының "Әйке ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйке ауылдық округінің әкімі | Н. Алипбаев |