Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық маслихатының "Алға ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 1 наурыздағы № 151 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-153 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Тулеуов |