Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының келесідей шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарғалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 211 "Қарғалы ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5834 тіркелген, 2018 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;
2) Қарғалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 414 "Қарғалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 211 "Қарғалы ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6682 тіркелген, 2020 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.
2. "Қарғалы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қарғалы аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Ш. Аманжол |
Қарғалы аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Аманжолов |